Әнфал сүресі, 273-ші бөлім, 60-64 аяттар
Әнфал сүресі, 273-ші бөлім, 60-64 аяттар
"Әнфал" сүресінің 60-шы аяты:
"Сендер де шамаларың келгенше әртүрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. (Сондай-ақ заманауи техникалық құралдар дайындаңдар.) А...-ның дұшпанын, өз дұшпаңдарыңды, тағы олардан өзге дұшпандарды қорқытасыңдар. Оларды сендер білмейсіңдер, А... біледі. Ал А... жолында не нәрсе жұмсасаңдар, сендерге толық төленеді. Әділсіздік көрмейсіңдер. (60)"
Өткен бағдарламада айтқанымыздай, Мәдинада пайғамбармен (с) келісімді бұзғандар Мекке мүшріктеріне болысып, мұсылмандарға қарсы астыртын әрекет ұйымдастырады. Сондықтан пайғамбар (с) оларға: "Сендер серттеріңе тұрмадыңдар, ендеше біз де оған берік болмаймыз",-деп жариялады. Бұл аят пайғамбар (с) мен мұсылмандарға: "Ислам әлемінің әскери дайындығы дұшпанға үрей салатындай және олардың шабуыл жасауды ойламайтындай деңгейде болуы керек",-деп: "Исламдық өлкелерді қорғауға шамаларың келгенше күштеріңді жинаңдар. Исламның қорғаныс негіздерін нығайтуға неғұрлым шығын жұмсасаңдар, А... тағала оның сыйын толық беретінін және оны сендер үшін есептейтінін біліңдер",-деп бұйырады. Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, жау шабуыл жасаған соң ғана күшіміз бен құрал-жабдықтарымызды жинармыз деп тосып отырмайық. Қайта дайындығымыз дұшпан шабуыл жасауды ойламайтындай деңгейде болсын.
Екіншіден, джихадқа қатысу және оның шығындарын қамтамасыз етуге ат салысу әр мұсылманның діни міндеті.
"Әнфал" сүресінің 61-62 аяттары:
"Егер олар, бейбітшілікке бейімдесе, сонда оларға сенде бейімде. Әрі А...-ға тәуекел ет. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса білуші. (61) Ал егер олар сені алдауды ойласа, шынында А... саған жетіп асады. Өйткені, Ол сондай А..., сені өз жәрдемімен және мүміндер арқылы қолдады. (62)
Жаудың кез-келген астыртын әрекетіне тойтарыс беруге мұсылмандардың әскери дайындығы зәрулігі жөніндегі аяттардан кейін, бұл аят былай дейді: "Біз сендерлді соғыс пен қантөгіске шақырып отырмыз деп ойламаңдар. Мұның барлығы жауды шабуылдан тыю үшін. Сондықтан егер дұшпан шабуыл жасау ойын қойып, татулыққа бейімделсе, сендер де қосылыңдар. А...-ға тәуекел етіп, бейбітшілік келісімін жасаңдар. Дұшпан алдауы мүмкін деп алаңдамаңдар, өйткені А... сендерге жәрдемші. А... тағала жаудың алдау мақсатын көрген сәтте, оның айласын өзіне қайтарады".Әрине кез-келген бейбітшілік ұсынысын тексермей қабылдайтындай, аңқау болмау керек. Келесі жағынан, әр бейбіт келісім алдамшы болуы мүмкін деп тым қатал да болмау керек. Мүміндердің нағыз қамқоршысы А...-ға тәуекел ету керек. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, мұсылмандардың қорғаныс күші, дұшпан шабуылдың орнына тату болғанды ойлайтындай дәрежеде болуы тиіс.
Екіншіден, Ислам соғысты қаламайды. Күш тұрғысынан бейбітшілікті қабылдауға тапсырады.
"Әнфал" сүресінің 63-64 аяттары:
"Және Ол мүміндердің жүректерін қосты. Егер сен, жер жүзіндегі нәрселерді тұтас жұмсасаң да олардың жүректерін қоса алмас едің. Бірақ А..., олардың араларын біріктірді. Расында Ол, өте үстем, аса дана. (63) Әй, пайғамбар! А... саған және мүміндерден саған ергендерге жетіп асады. (64)
Пайғамбарға (с) көрсетілген илаһи жәрдем жөніндегі бұрынғы аяттардың жалғасында бұл аят пайғамбарға (с) былай дейді: "Бүгін сенің жаныңдағы және саған еріп жүрген мына мұсылмандар арасында Исламға дейін кекшілдік пен өшпенділік соншама күшті болған еді. Егер барлық байлығыңды жұмсасаң да олардың арасындағы дұшпандықты кетіріп, араларына достық орната алмас едің. Бірақ А... тағала Исламның аясында жүректерін бір-біріне жақындатты. Сонда ғана олар дұшпандықтан бас тартып, барлығы саған бағынушы болды. Ендеше уа пайғамбар! Айлакерліктен ешқашан қорықпа! А... тағала мен мына мүміндер түгелдей саған жәрдемші және сені қолдаушы".Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, А... тағала иман аясында барлық жүректерді бір-біріне қосып, араларынан кекшілдікті жояды.
Екіншіден, мейірімділік пен бірлік - илаһи нығметтердің бірі және мүмін адамның белгілері болып есептеледі.
Үшіншіден, Ислам үмметі исламдық қоғам жетекшісінің қолы мен демеушісі болуы керек. Сонда ғана дұшпан олардың арасында жікшілдік бар деп ойламайды.