Жел 22, 2016 18:59 Asia/Almaty

Әнфал сүресі, 272-ші бөлім, 55-59 аяттар

"Әнфал" сүресінің 55-ші аяты:

"Сөзсіз А...-ның қасында жәндіктердің ең жаманы сондай қарсы болғандар. Олар иман келтірмейді. (55)"

Өткен бағдарламада пайғамбарлардың ақиқат сөздері алдындағы кәпірлердің әрекеті баяндалды. Тарих бойында олардың осы мінез-қылықтары, ақиқатты жасынға шығаруы мен мойындамауына себеп болған. Бұл аят былай дейді: "Ақиқатты мойындамай, қарсыласудан туындаған мұндай күпірлік А...-ның алдында адамның дәрежесін жәндіктен де төмен түсіреді. Оны тоғандарда тіршілік ететін бауырымен жорғалаушылар қатарына қояды". Дәл осы сүренің 22-ші аятында, жәндіктердің ең жаманы керең және мылқау болған ақылсыздар деп таныстырылған. Бұл аят: "Олар иман келтіргісі келмейді",-дейді. Күпірліктің тамыры дұрыс ойланбауда. Халықтың алдында кәпірлердің атақ-даңқы болса да, А...-ның қасында олардың еш абырой-беделі жоқ және жәндікпен тең. Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, адам ақылы және иманымен қадірлі. Сондықтан күпірлік адамды адамгершілік шеңберінен шығарады.

Екіншіден, жәндіктердің көбі адамзаттың өміріне пайдалы. Бірақ кәпірлер олардан да төмен әрі құнсыз.

"Әнфал" сүресінің 56-шы аяты:

"(Мұхаммед (с)) Егер олармен келісім жасасаң кейін олар уәделерін әрқашанда бұзады. Олар А...-дан қорықпайды. (56)"

Бұл аят Мәдина яһудилерінің Ислам пайғамбарымен (с) байланысына меңзеп былай дейді: "Олар мұсылмандарға қарсы Мекке мүшріктеріне көмектеспеуге және Мәдинада мұсылмандарды мазаламауға уәде бергенімен, талай рет уәделерін бұзды. Олар тіпті мүшріктермен ұйымдасып "Хандақ" соғысын ашты". Бұл аят кәпірлердің серт бұзу ерекшелігіне тоқталғанымен, рауаяттарда бұл ерекшелік екіжүзділіктің белгісі деп саналып: "Намаз оқып, ораза ұстаса да сертін орындамайтын кісілер - мұнафық",-делінген. Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, кәпірлер және мүшріктермен уәделесуге болады. Олар сертін орындағанша дейін, оны бұзуға болмайды.

Екіншіден, сертті бұзуға себеп болатын жағдайдың бірі - тақуасыздық. Тақуасыз кісі А...-дан қорықпайды.

"Әнфал" сүресінің 57-ші аяты:

"(Рауаят бойынша, пайғамбар мәдиналық яһудилердің Құрайза руымен бейбітшілік келісімін жасаған бола тұра, олар Бәдір соғысында келісімді бұзып, жауға болысады. Қайта жасалса да ор қазу соғысында және уәдені бұзып, жауға болысады.) Сондықтан олармен соғыста кездессең, оларға артындағы адамдарға үлгі болатын соққы бер. Бәлкім олар түсінер. (57)"

Өткен аят мүшріктер мен кәпірлердің серт бұзуын баяндады. Осы аят Ислам қоғамының жетекшісі ретінде пайғамбарға (с) арнап: "Қазір олар астыртын әрекет жасауды ойластырып жатқандықтан, олармен бар күштеріңмен соғысыңдар. Дұшпан қорқып, қашатындай және бұдан былай мұсылмандарға шабуыл жасауды ойламайтындай болсын",-дейді.Әрине мұндай әрекет жасау үшін мұсылмандардың толық қырағылығы және дұшпанның түрлі қоқан-лоққыларын білу қажет. Сонда ғана дұшпанды жығып, оның жасырын демеушілерінің үмітін үзуге болады. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, жаудың соғыс шебіндегі күшіне ғана көңіл аударып, оның сырттағы астыртын әрекет ұйымдастырушыларынан қапы қалмау керек. Аса қырағы болып, астыртын әрекет ұйымдастырушы нақты кісілерді анықтап, жою керек.

Екіншіден, Ислам оңай әрі мейірімділік діні болғанымен, қиянат пен қауіпсіздікті бұзуға жол бермейді.

"Әнфал" сүресінің 58-59 аяттары:

"Егер бір елдің опасыздығынан секем алсаң, тең түрде сен де (келісімді бұзып) өздеріне таста. Расында А..., опасыздарды жақсы көрмейді. (58) Кәпірлер құтылдық деп ойламасын. Расында олар (А...-ны) әлсірете алмайды. (59)"

Мәдина яһудилерінің серттен таюы оқиғасынан соң, бұл аяттар жалпы бір қағида ретінде былай дейді: "Исламдық қоғамның жетекшісі тым қырағы болуы тиіс. Ол жаудың астыртын әрекеттерінің белгілерін байқаған сәтте, тиісті шара қолданып, оның Ислам үмметіне үстемдік етуіне жол бермеуі тиіс. Қайта жаудан қауіптенген сәтте, келісімнің күшін жойғанын жауға хабарлап, мұсылмандарды исламдық өлкені қорғауға дайындауы тиіс".Ия, астыртын әрекетті аңғартатын дәйектер көрінген кезде сақтану үшін бейбітшілік шартының күшін ғана жойып, бірақ дұшпан соғыс бастамайынша оған қарсы шара қолданбау керек.Бұл аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, халықаралық келісімдер мен уағдаластықтарға қиянат қаупі төнгенше дейін берік болу керек.

Екіншіден, келісімдердің күшін қарымта әрекет ретінде және әділет бойынша ғана жою керек. Егер жауға жарияланбай, қастандықпен жасалса, бұл қиянатқа жатады.

Үшіншіден, Ислам қоғамының жетекшілері, жау өзін одан ілгерімін деп санамайтындай қырағы болуы керек.