Жел 22, 2016 19:00 Asia/Almaty

Әнфал сүресі, 271-ші бөлім, 50-54 аяттар

"Әнфал" сүресінің 50-51 аяттары:

"Періштелер, сондай қарсы болғандардың беттеріне, арқаларына ұрып: "Күйдіретін азапты татыңдар!",-деп жандарын алғанын көрсең! (50) Бұл бұрыңғы өз қолдарыңмен істегендеріңнің салдарынан. А... құлдарына зұлымдық етуші емес. (51)"

Осыдан бұрынғы бағдарламларда кәпірлер мен екіжүзділердің мұсылмандарды құртуға бағытталған астыртын әрекеті мен олардың діни тәлімдерге құрметсіздігі туралы сөз болды. А... тағала да: "Егер мүміндер төзімділік пен қайсарлық көрсетсе, оларға қол ұшын беріп, дұшпандарын жеңіліске ұшыратады",-деп уәде берді. Бұл аят: "Тасжүрек кәпірлер бұл дүниеде жеңіске жетпейтіні былай тұрсын, тіпті өлер кезінде де періштелермен ауыр азапталады. Сол періштелер беттері мен арқаларына ұрып, жандарын алады". Ал мүміндер болса, "Нәһл" сүресінің 32-ші аятына сәйкес, періштелер олардың жандарын оңайлықпен және қошемет айтып  алады. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, А... тағаланың кәпірлерге деген қаһары, жан берер кезінен басталады.

Екіншіден, илаһи жазалар А... тағаланың кекшілдігі емес, бәлке адамның өз істерінің сазайы.

"Әнфал" сүресінің 52-ші аяты:

"(Бұлардың қылығы) Перғауындықтармен, олардан бұрынғылардың қылықтары сияқты. Олар А...-ның аяттарына қарсы келген еді де, А... оларды күнәларының салдарынан қолға алды. Күдіксіз А..., аса қуатты, азабы қатты. (52)"

Бұл аят мүміндерді жұбатып былай дейді: "Қарсыластардың сендермен қатынас әдісі жаңалық және тек сендер ғана осындай қыңыр адамдарға тап болдыңдар деп ойламаңдар. Өйткені тарих бойында үнемі пайғамбарлардың қарсыластары ақиқатты жоққа шығарып, оны қабылдаудан бас тартқан. Перғауындықтардың Мұса пайғамбар мен оның жолдастарына қандай қылық көрсеткенін естен шығардыңдар ма? Немесе олардан бұрынғы Немрудтің хазірет Ибраһимға (ғ) қандай қатынас жасағанын ұмыттыңдар ма? А... тағала хақ жолының жауларын қалай қорлап оларды өз қылықтарының сазайына ұшыратқанын көрмеп пе едіңдер? Ендеше А... тағаланың күш-қуатына сүйеніп, оларға қарсы тұрыңдар. А... тағала сендермен бірге". Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, Әрқашан күпірілік пен қырсықтық бір қоғамның дағдысына айналса, А...-ның азабы түсіріледі.

Екіншіден, А...-ның дәстүрі тарих бойында тұрақты болған. А...-ның алдында барлық қауымдар бірдей. Мүміндерге жәрдем беріледі де кәпірлер жазаланады.

"Әнфал" сүресінің 53-ші аяты:

"Міне А..., бір қауымға берген нығметін; олар, өздерін өзгертпейінше өзгертпейді. Шынында А..., толық естуші, аса білуші. (53)"

Бұл аят ұлы илаһи дәстүрлердің біріне меңзеп былай дейді: "А... тағала басында барлық кісілер мен қауымдарды өз нығметтеріне бөлеп, оларға түрлі мүмкіндіктер мен қабілеттер сыйлайды. Бұл нығметтерді олардың өздері зая етпегенше немесе өзгертуге жағдай жасамайынша олардан алмайды". Аяттар мен рауаяттарға сәйкес біреуге зұлымдық ету нығметтің зая болуына және түрлі қиыншылықтарға душар болудың ең маңызды факторы болып саналады. Сол сияқты күнәдан тәубе етіп, А...-ға қарай оралу түрлі нығметтер мен илаһи берекелердің берілуіне жағдай жасайды. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, адамның бақыты мен бақытсыздығы оның өз қолында. Әркімнің тағдырын өзгелер емес, өзі жазады.

Екіншіден, А...-ның дәстүрі нығмет түсіру мен оны жалғастыруға негізделген. Әрқашанда нығмет зая болса, өзіміздің кесірінен.

Үшіншіден, тарихты жасайтын да, өз ортасын өзгерте алатын да - адам.

"Әнфал" сүресінің 54-ші аяты:

"Перғауындықтар және олардан бұрынғылардың қылығы тәрізді, олар да Раббыларыңың аяттарын жасынға шығарған еді. Оларды күнәлары себепті типыл қылып, перғауындықтарды суға батырған едік. Я, олардың барлығы залымдар еді. (54)"

Өткен аят А... тағаланың нығмет беруі мен адамдардың оны игілігіне жаратудағы тұрақты дәстүріне меңзесе, бұл аят кәпірлердің тарих бойында А...-ның аяттарын жасынға шығарудағы тұрақты дәстүріне меңзеп былай дейді: "Кәпірлер ақиқатты мойындағысы келмейтіндігімен ерекшеленеді. Олар кез-келген ақиқат үніне қасарысып, қарсы тұрады". Әрине осыдан бұрынғы аяттың соңында айтылғандай, А... тағала мұндай адамдар мен қауымдарды өзінің шексіз жарылқауынан мақұрым етеді. Олар түрлі апаттарға душар болады. Бұл апаттардың ең азы өлім. Бірақ ол жеңіл қаза емес, қайта суға бату немесе найзағай түсу, зілзала және тағы басқа апаттар.Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, болашағымыз жарқын болу үшін өткендегілердің тағдырынан ғибрат алайық.

Екіншіден, өзіне, халыққа немесе пайғамбарлардың илаһи дініне жасалған болсын қандайда бір зорлық-зомбылық А...-ның қаһарын тудырады.