Жел 22, 2016 19:01 Asia/Almaty

Әнфал сүресі, 270-ші бөлім, 46-49 аяттар

"Әнфал" сүресінің 46-шы аяты:

"А...-ға және оның елшісіне босұныңдар, керіспеңдер. Әйтпесе үрейде қаласыңдар, күш-қуаттарың кетеді. Сабырлы болыңдар. Анығында А... солармен бірге. (46)"

Өткен бағдарламада Бәдір соғысы оқиғасы мен бұл соғыстағы А...-ның жәрдемдері талқыланды. Бұл аят сол аяттарды жалғастыра келе: "Жауды жеңу үш нәрсеге байланысты. Біріншісі – А...-ға, әрі елшісіне (с) бойсұну, екіншісі – бірлік пен ынтымақты сақтау және араздықтан аулақ болу, және үшіншісі – қиыншылықтар мен ауыртпалықтарда сабырлылық пен төзімділік сақтау",-дейді. Әрине ұлттық бірлікті сақтау барлық үкіметтердің ұраны болып табылады. Бірақ А...-ның бұйрықтарына бойсұнған бірлік бағалы. Әйтпесе, бір ұлттың А...-ның әміріне қайшы бірлігінің құны жоқ. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, бірліктің өзегі илаһи заңдар мен илаһи жетекші болуы тиіс. Ендеше адамзат қоғамы өзгелердің бұйрығына емес, А...-ның әміріне босұнулары тиіс.

Екіншіден, мұсылмандар арасындағы ұрыс-керіс олардың бөгде күштерден жеңілуіне себеп болады.

Үшіншіден, А...-ның жәрдемі төзімділік пен табандылықтың арқасында болады. Иманы әлсіз жандар одан мақрұм қалады.

"Әнфал" сүресінің 47-ші аяты:

"Жұрттарынан шендене адамдарға мақтанып шыққандар, сондай-ақ А...-ның жолынан тосатындар тәрізді болмаңдар! А... тағала олардың істегендерін толық біледі. (47)"

А... жолындағы күрескерлерге тәкәппарлық пен мақтаншақтық немесе екіжүзділік пен атаққұмарлық қаупі төніп тұрады. Ақиқат жолындағы күрескер тек А... үшін соғысуы керек. Оған біреуді әуестікпен өлтіруіне немесе жаралауына болмайды. Дегенмен кейде адам илаһи ниетпен майданға келіп, бірақ паңдыққа немесе екіжүзділікке бой алдырып, А...-ны ойлаудың орнына өзгелерге зорлық пен әлімжеттік көрсетуі мүмкін. Мұндай адам өзінің күресін үлкейтіп көрсетіп, сол кездегі машаққатын баяндаумен өзінің игі істерін зая қылады. Ол өзінен қасірет пен өкініштен басқа ештеңе қалдырмайды. Сондықтан осы аят джиһадтағы осы екі үлкен кемшілікке тоқталып: "Өзін жұртқа көрсету үшін мақтанып күресетін мүшріктер мен дұшпандар сияқты болмаңдар. Олар халықты А...-ның жолынан тосады",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, Исламдық джиһадтың басқа соғыстардан өзгешелігі мақсатында. Басқалар үстемдік жүргізу мен жер басып алу және күшін көрсету үшін соғысады. Дегенмен А... жолындағы күрескерлер зұлымдық пен бүлікті жою үшін соғысады.

Екіншіден, дұшпандар А...-ның жолына тосқауыл қою үшін талпыныс жасағанымен, А...-ның өзі бақылаушы әрі құтқарушы.

"Әнфал" сүресінің 48-ші аяты:

"Сол уақытта шайтан олардың қылықтарын өздеріне әдемі көрсетті де: "Бүгін адамдардан сендерді жеңуші жоқ. Расында мен сендерге көмекшімін",-деді. Екі топ бірін-бірі көргенде, теріс айналып: "Мен сендерден мүлде беземін. Өйткені, сендер көрмейтін нәрсені көремін. А...-дан қорқамын. А... - қатты азап иесі",-деді. (48)"

Бұл аят Бәдір соғысының өзге бір қырына меңзеп, былай дейді: "Ислам әскеріне періштелер келіп, мұсылмандардың жауынгерлік рухын көтергеніндей, шайтан да бір адам кейпінде мүшріктерді азғырып, оларға жеңіс уәдесін беретін. Бірақ періштелердің құзырын сезгенде, А... тағала мұсылмандарға жәрдемші болғандықтан, олардың жеңілмейтінін білді. Сондықтан қашып кетіп, дүние мен ақыретте А...-ның жазасынан қорқатынын мәлімдеді". Шын мәнінде бұл аят шайтанның жалғандық майданындағы құзыры мен өтірік уәделерін баяндайды. Ол жалғанның әскерін алдап, оларды жеңіске үміттендірді. Бірақ олар қорлық пен қасіреттен басқа ештеңе таппайды. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, жамандық пен азғындықты әдемі көрсету шайтанның ісі. Шайтанға алданбайық және жамандықты ақтауға тырыспайық.

Екіншіден, шайтандар алауыздық отын жағып, жеңіс уәдесін береді. Бірақ қауіп-қатер келгенде өзі қашады.

Үшіншіден, шайтан А... тағаланың дүние мен ақыреттегі құдіретін біледі. Бірақ сонда да А...-ға иман келтірмейді. Білім мен иманның айырмашылығы деген осы.

"Әнфал" сүресінің 49-шы аяты:

"Сол уақытта мұнафықтар мен жүректерінде дерті барлар: "Мұсылмандарды, діндері алдады",-дейді. Негізінде кім А...-ға тәуекел қылса, расында А..., үстем, хикмет иесі. (49)"

Мүміндердің жеңісіне қуанбайтын екіжүзділердің өзі қауіп-қатерден қашумен қатар, өзгелерді де майданға барудан айнытуға тырысады. Сондықтан мүміндердің жеңісін мақтаншақтық пен алдануға байланыстырып, оны надандық іс деп есептейді. Алайда мүміндер А...-ға тәуекел еткендіктен жеңген болатын. Екіжүзділерде ол жоқ. А... тағала жеңілмейтін болғандықтан, әркім Оған сүйенсе, ол да жеңілмейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, екіжүзділік - жүрек науқасы. Бұл дерт дәрімен емделмейді. Иманмен және ақиқатты мойындаумен ғана шипа табады.

Екіншіден, мүмін талпыныс жасайды. Бірақ нәтижеге жету үшін өз еңбегіне емес, А...-ға тәуекел етеді.