Әнфал сүресі, 266-шы бөлім, 30-33 аяттар
Әнфал сүресі, 266-шы бөлім, 30-33 аяттар
"Әнфал" сүресінің 30-шы аяты:
"(Мұхаммед (с) ойла!) Бір заманда олар сені қамауға, не сені өлтіруге немесе шығаруға шара қолдануда еді. Олар шара қолданғанда, А... шараларын бұзар еді. А... шара көрушілердің ең жақсысы. (30)"
Пайғамбардың (с) қызметінен он үш жыл өтіп, Меккеде оның халық, әсіресе жастар арасындағы ықпалы күн санап өсуімен Меккенің үлкендері Исламның жайылуына тосқауыл қою үшін бірлесіп мәжіліс құрады. Сол мәжлісте үш жоспар қабылданады. Біріншісі, пайғамбарды (с) қамауға алу. Екіншісі, оны Меккеден қуып, шалғайдағы аудандарға жер аудару. Үшіншісі, пайғамбарды (с) өлтіру болды. Осылайша ақырында пайғамбарды (с) өлтіру жоспары бекітіледі. Мүшріктер бұл жобаны орындау үшін әр тайпадан бір адамның қатысуымен, пайғамбарға (с) ұйымдасып шабуыл жасауды ұйғарады. Сондағы мақсаттары, пайғамбардың (с) туыстары кек алу үшін барлық тайпалармен жауласа алмауы болды. Пайғамбар (с) осы қастандықтан аян періштесі – Жәбрейіл (ғ) арқылы хабардар болып, түн жамылған кезде хазірет (с) Меккеден шығып кетеді. Сол кеште жау пайғамбарды (с) үйде деп ойлап және оның Меккеден ұзап кетуі үшін, хазірет Әли (ғ) оның төсегіне жатады. Бұл аят мүшріктердің астыртын әрекеті мен пайғамбарды (с) құтқару жөніндегі А... тағаланың шарасына тоқталып: "Кәпірлер өздерінің айласы А...-ның айласынан артық деп ойламасын. Мүміндер де А... тағала оларды өз бетімен қоя берді деп ойлап, үмітсізденбесін",-дейді. Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, қарсыластардың қисыны - қамау, өлтіру және жер аудару болса, пайғамбарлардың тәсілі - тағылым мен тәрбие.
Екіншіден, А... тағала ақиқатқа ергендерді қолдайды. Ендеше кімде-кім оларға қарсы астыртын әрекет жасаса, А... оларға сазайын тарттырады.
"Әнфал" сүресінің 31-ші аяты:
"Оларға аяттарымыз оқылғанда: "Естідік, егер қаласақ біз де бұл тәрізді айта аламыз. Бұл бұрынғылардың ғана ертегілері",-деген. (31)
Осыдан бұрынғы аятта пайғамбарды (с) өлтіру сөз болса, бұл аятта оның тұлғасын кемсітіп, А...-ның сөзін менсінбеу мәселесі қозғалды. Қарсыластар Құранды – аңызшылардың ойдан шығарған аңыз-ертегілері деп төмендетті. Біріншіден, Құранның барлығы емес, тек бір бөлігі ғана бұрынғы халықтардың тарихы. Екіншіден, Құранда бұрынғы пайғамбарлар жөнінде келтірілгеннің барлығы шындық пен ақиқат. Оның көбі тарих ғалымдары тарапынан шығарылған тарихи және географиялық құжат-деректерге сай келеді. Сондықтан илаһи аяттарды аңыз деп атау, тек алдау үшін ғана айтылған жайт. Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, Ислам қарсыластары "Құран маңызды кітап емес, біз де соған ұқсас кітап келтіре аламыз" дегенімен, күні бүгінге дейін бұл сөзін орындай алмады.
Екіншіден, мүміндер мен илаһи кітаптарға тағылып келген ең көне жаланың бірі – кертарпалық пен ескіге табыну болып табылады.
"Әнфал" сүресінің 32-ші аяты:
"Тағы олар, сол уақытта: "Уа, А...! Егер осы Құран шынайы түрде Сенің қасыңнан болса, онда бізге көктен тас жаудыр немесе бізге күйзелтуші азап бер",-деді. (32)"
Бұл аят пайғамбардың (с) қарсыластарының қаншалықты қырсық әрі қаскүнем болғанын көрсетеді. Олар пайғамбардың (с) сөзін көтере алмай: "Егер рас айтсаң және Құдай бар болса, және Ол қарсы шыққандарға қатты азап түсіретін болса, Раббыңа айт! Бізге ең ауыр азаптарын түсіріп, аспаннан бізге тас жаударсын",-дейді. Әрине қарсыластардың осындай екпінмен сөйлеуі, ақкөңіл халықты алдап-арбау үшін болуы мүмкін. Жұрт: "Өздеріне қарсы осылай айтатын бұлардікі міндетті түрде дұрыс, бәлкім біз білмейтін және түсінбейтін нәрселерді, олар білетін шығар",-дейді. Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, кейде қырсықтық пен жеккөрушілік және тіпті күңшілдік адамды өзінің құрып кетуін де қалайтын жағдайға апарады.
Екіншіден, пайғамбардың (с) кейбір қарсыластары кітап иелері еді және олар А...-ға сенетін. Бірақ сонда да Құран мен Исламды мойындағысы келмеді.
"Әнфал" сүресінің 33-ші аяты:
"Негізінде А... тағала Сен олардың ішінде болғанда, оларға азап етпес әрі олар жарылқау тілегенде де А..., оларды азап қылмайды. (33)"
Бұл аят пайғамбардың (с) болуының нығметіне меңзеп: "А... тағала пайғамбардың бар болуының берекесімен мұсылмандарды жалпы азаптан сақтады". Лұт (ғ) қауымына азап түсірілген оқиғада да А... тағала Өз елшісінен қаладан шығуын сұраған болатын. Рауаяттарда да А... тағала тақуа әрі пәк адамдардың болуы себепті жалпы азап түсірмейтіні баса айтылған. Әрине пайғамбардың (с) өмірі мен өмір сүрген ортасы шектеулі және қысқа. Барлық мекендер мен замандарда азаптың түсуіне кедергі жасайтын нәрсе - тәубе мен кешірім сұрау. Бұл аятта осы мәселе баса айтылған. Ислам пайғамбары (с) қайтыс болған соң хазірет Әли (ғ) айтқанындай: "Амандық сыйлаушы екі нәрсенің бірі арамыздан кетті. Ендеше келесі амандық сыйлаушыны яғни "кешірім тілеуді" сақтаңдар". Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, А...-ның әулиелерінің болуы азап пен апаттың алдын алады. Ендеше оларды ардақтап, қадір тұтайық.
Екіншіден, тәубе ету мен кешірім сұрау тек ақыреттегі жазаны ғана емес, сонымен бірге дүние азабының да бетін қайтарады. Ендеше одан қапы қалмайық.