Жел 22, 2016 19:07 Asia/Almaty

Әнфал сүресі, 265-шы бөлім, 26-29 аяттар

"Әнфал" сүресінің 26-шы аяты:

"Сол бір заманды ойлаңдар. Сендер аз едіңдер де жер жүзінде езілген едіңдер. Сонда сендер адамдардың бас салып кетуінен қорқар едіңдер. Және А... сендерді (Мәдинеге) орналастырып, өз көмегімен қуаттады. Сондай-ақ сендерді жақсы нәрселермен қоректендіреді, әрине шүкір етерсіңдер деп. (26)"

Пайғамбар (с) Меккеден Мәдинаға көшкен кезге дейін мұсылмандар мүшріктерден үнемі зорлық-зомбылық көрген еді. Сондықтан олар пайғамбардың (с) өсиетімен түрлі аймақтарға қоныс аударады. Бір тобы Абиссинияға, ал бір тобы Йеменге және Таифке. Олар Мәдинаға қоныс аударғанда үй-күйсіз болғандықтан, кедейлік пен тапшылықта өмір сүрді. Осы аят Исламның алғашқы жылдарындағы мұсылмандардың ауыр жағдайына меңзеп: "А... тағала сендерге бақ-дәулет пен құдірет берді. Исламның арқасында жеткен осы нығметтердің қадірін біліңдер",-деп ескертеді. Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, ақиқат жолында адамдардың саны мен мүмкіншіліктің аздығынан қорықпай, А...-ның жолын тастамайық. А... тағала есесін қайтарады.

Екіншіден, жеңілдікке жеткенде, шүкір ету үшін өткен қиыншылықтар мен түйткілдерімізді ешқашан ұмытпайық.

"Әнфал" сүресінің 27-ші аяты:

"Әй, мүміндер! А...-ға әрі елшісіне опасыздық қылмаңдар. Тағы біле тұра аманатттарыңа қиянат қылмаңдар. (27)"

Мұсылмандардың Мәдинада билік жүргізген кезеңіне меңзеген аяттардан кейін, осы аят былай дейді: "Абайлаңдар! Дүниелік мүдделер үшін А...-ның діні мен Оның елшісіне (с) және Ислам үмметіне қиянат жасап, арқадан соққы беруші болмаңдар!". Тарихи рауаяттар бойынша, мұсылмандар мен кейбір яһуди тайпалары немесе Мекке мүшріктері арасындағы қақтығыстарда, мұсылмандардың біреуі оларға Ислам жасағының жоспарын хабарлап қояды. Сонан соң ол бұл ісіне өкініп, тәубе етеді. Оның тәубесі қабылданады. Исламдық мәдениетте аманаттың мағынасы зор. Ол, А... тағаланың адамзатқа берген барлық мағыналық және материалдық нығметтерін қамтиды. Тіпті адамның денесі мен рухы да А... тарапынан берілген аманат болып саналады. Адам осы аманатты қалай болса солай пайдалана алмайды. Дін мен шариғат үкімдері де А...-ның аманаты болып табылады. Сондықтан оны қорғап, ол бойынша амал ету керек. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, аманатты сақтау иманның бір бөлігі болғандықтан, иман қиянатпен сәйкеспейді.

Екіншіден, қиянаттың жамандығын әркім біледі. Сондықтан саналы түрде жасалған қиянаттың соңы жамандыққа апарады.

"Әнфал" сүресінің 28-ші аяты:

"Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. А...-ның қасында зор сыйлық бар. (28)"

Қиянат туралы ескерту жасаған аяттан кейін осы аты қиянатқа себеп болатын екі маңызды факторға тоқталып былай дейді: "Мал-мүліктерің мен байлықтарыңды сақтау немесе өз перзенттеріңді қуанту үшін Ислам үмметіне қиянат жасаушы болмаңдар. Байлықтарың мен перзенттеріңді басқалардың мүдделерінен артық санамаңдар". Кем өлшеп сату, тауар жасыру, хомс пен зекет төлемеу, өтірік ант ішу, соғыс пен джихад майданынан қашу секілді экономикалық және әлеуметтік салалардағы көптеген күнәлардың негізгі себебі – байлық пен перзентке деген сүйіспеншілік болып табылады. Сондықтан Құран былай дейді: "Осы екі нәрсе адамды тайдыратын факторлар. Ендеше басқаларға қиянат жасамау үшін өзімізге абай болайық. Осылай етсек А... тағала есесін қайтарып, зор сыйлығын береді". Құранның бес аятында мал-мүлік пен перзенттер қатар айтылып, өмірде адамды тайдыратын факторлар ретінде таныстырылған. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, мал-мүлік пен перзентке ерекше сүйіспеншілік адамды қиянат жасауға итермелейді. Әйтпесе балаға деген сүйіспеншілік А... берген табиғи сезім болып табылады.

Екіншіден, байлық пен перзенттің тартымдылығы А...-ның жомарттығымен салыстыруға тұрмайды.  Ендеше сол үшін А...-дан алыстамайық.

"Әнфал" сүресінің 29-шы аяты:

"Әй, мүміндер! Егер А...-дан қорықсаңдар, Ол сендерге жақсы, жаманды айыратын қабілет береді, әрі жамандықтарыңды жойып, жарылқайды. А... зор кеңшілік иесі. (Мекке кәпірлері пайғамбарды (с) қамау, өлтіру немесе Меккеден шығарып жіберу үшін қаулы алады) (29)"

Бұл аят А... тағаланың сынақтарынан сәтті өтудің жолы – тақуалық пен пәктік деп біліп: "Мүміндер А... тағаланың нұсқаулары мен бұйрықтарын орындап, Оның көптеген нығметтеріне бөленеді",-дейді. А... тағала оларға шындық пен жалғанды ажырата алатын хикмет пен көрегендік береді. Сонда олар адаспайды. Олар қателік пен жаман іс істеп қойса да, тура жолда болғандықтан, А... оларды кешіріп, тіпті жамандықтарын жабады. Мұның барлығы, А... тағаланың пенделерге шексіз жомарттықпен қарауының белгісі. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, адамның ойы оның істеріне әсер ететін тәрізді, амалдары да оның ойы мен көзқарасына әсер етеді. Тақуалық адамның ой-пікіріне көрегендік сыйлайды.

Екіншіден, тақуалық адамның ойын да қателіктен сақтап, жанын да тозақтың отынан қорғайды.