Әнфал сүресі, 264-шы бөлім, 22-25 аяттар
Әнфал сүресі, 264-шы бөлім, 22-25 аяттар
"Әнфал" сүресінің 22 аяты:
"Расында А...-ның қасында жәндіктердің ең жаманы, сондай шындықты түсінбейтін саңырау, сақаулар. (22)"
Адамның оны өзге тіршілік иелері мен жәндіктерден айыратын ең маңызды ерекшелігі - ойлау күші болып табылады. Сондықтан сөзді ақылмен тыңдамайтые немесе қисын бойынша сөйлемейтін адамдар ақылы жоқ кісі мен басқа да тіршілік иелері тәрізді. Дегенмен Құран тұрғысынан, мұндай кісілер тіпті төрт аяқты хайуаннан да төмен болып саналады. Өйткені жануарлардың ақылы жоқ. Олар тек табиғаты бойынша жүреді. Бірақ табиғатымен қоса, ойлау күшіне ие адам осы күшін қолданбаса, хайуаннан да төмен болады. Бұл аят былай дейді: "А...-ның алдындағы адамдардың қадірі олардың ойлануы және ақиқатты естіп, айтуында. Мұндай болмаған әркімнің А...-ның алдында қадірі жоқ. Ол тіпті ең кішкентай жәндіктерден де төмен болмақ". "Мүлк" сүресінің 10-шы аятына сәйкес, тозақтағылар өздерінің тозаққа түсуінің себебін былайша баяндайды: "Егер біз тыңдаған немесе ой салған болсақ, тозақтық болмас едік". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, құлақ, көз және тіл сияқты мүшелердің қадірі ақиқатты түсініп, оны мойындаған жағдайда ғана болмақ.
Екіншіден, адамның қадірі оның ақылды пайланауында. А...-ның тәлімдерінен бет бұрғандар, ақылдан алшақтағандар.
"Әнфал" сүресінің 23-ші аяты:
"Егер А..., оларда бір хайыр барлығын байқаса еді әрине оларға естіртер еді. Сонда А..., оларға естіртсе де, олар бет бұрар еді. Олар негізінен жалтақойлар. (23)"
Осыдан бұрынғы аят құлағы бар, бірақ ақиқатқа келгенде саңырау, тілі бар, бірақ ақиқатты айтатын кезде сақау болатындарды сөз етсе, бұл аят былай дейді: "А... тағала шындық сөздің олардың жүректеріне орнығуына құдіретті болса да, олар өздерінің жағымсыз қылықтарымен ақиқатты қабылдауға кедергі жасаған. Олардан ешқандай жақсылық жоқ. Бұған қоса, олардың қырсық болғаны соншама, егер А...-ның аяттарының шындығын жүрегімен түсінсе де, сырттай одан безіп, мойындаудан бас тартады". Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, А... тағаланың дәстүрі бойынша, табыс әркімнің лайықтылығына сай беріледі.
Екіншіден, А...-ның дәстүрі бойынша адам - ерікті. А... тағала адамды ақиқатты қабылдауға мәжбүрлей алады, бірақ оның өзінің құлшынуына мүмкіндік береді.
"Әнфал" сүресінің 24-ші аяты:
"Әй мүміндер! Сендерді өздеріңе тіршілік беретін нәрсеге (дінге) шақырған кезде, А...-ның әрі Елшісінің тілін алыңдар. Және де А...-ның, кісі мен жүрегінің арасына дейін килігетіндігін біліңдер. Шәксіз А... тарапына жиналасыңдар. (24)"
Бұл аят адамды, оның ақыл-ойы мен рухани дүниесі өркендейтін, хайуандық өмірден әлде жоғарырақ тіршілікке шақырады және осы тіршілікке жетудің жолын А... тағала мен Оның Елшісінің нұсқауларын қабылдау деп санайды. "Нәһл" сүресінің 97-ші аятында айтылғандай: "Ер адам болсын, әйел болсын иман келтірген кімде-кім ізгі іс істесе, жақсы тіршілікте жасатамыз". Бұл аяттың жалғасы былай дейді: "Көңілдеріңде болып жатқан нәрсені, оны айтпасаңдар да А... біледі. А... тағала адам мен оның жүрегінің арасында тұрғандай. Сендер, барлық адамдар қиямет күні А...-ның алдында жиналып, оның сотына қатысасыңдар. Ендеше дүниедегі және ақыреттегі ешбір іс Оның үстемдігінен тыс емес". Басқа аяттарда да айтылғандай: "Ол бізге күре тамырымыздан да жақынырақ". Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, адамның нағыз өмірі пайғамбарлар тағылымдары бойынша болуы тиіс. Адам су ішіп, нан жесе де онсыз өлікке тең.
Екіншіден, А... тағала біз бен жүрегіміздің арасын бөгемей, ажалымыз жетпес бұрын ақиқатты мойындап, мәңгі өмірімізді ойлайық.
"Әнфал" сүресінің 25-ші аяты:
"Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиіп қалмайтын фитнадан сақтаныңдар. Сондай-ақ А...-ның қатты азап иесі екенін біліңдер. (25)"
Күнә мен жағымсыз істер кейде жасырын және оңашада жасалады. Сондықтан оның жазасы тек күнәһарға ғана тиеді. Бірақ кейде азғындық пен бұзықтық жалпы әлеуметтік сипат алып, кең таралғандықтан әлгіндей істер әдеттегідей болып көрінеді. Бұл аят былай дейді: "Егер жаман қылықтар жұрттың көзінше істелсе және оған қарсылық білдіре алатындар, үнсіздік танытатын болса, илаһи азап баршаны қамтиды". Сондықтан бұл аяттағы "фитнадан аулақ болу" - қоғамнан оқшаулануды емес, әлеуметтік келеңсіздіктерге қатысты қырағы болу мен оған қолайлы шара қолдануды білдіреді. Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, илаһи тәлімдерден алшақтау фитна мен азғындыққа себеп болады. Ол адам мен қоғамды күйретеді.
Екіншіден, бүлік шығарушы да, бүлікшілермен үндес те болмайық және бүлікке үнсіздік танытпайық.
Үшіншіден, жамандықтан тыю - әр мұсылманның міндеті. Ол жамандықтың алдын-алуға әсер етпесе де, азаптың түсірілуіне кедергі болады.