Жел 22, 2016 19:09 Asia/Almaty

Әнфал сүресі, 263-шы бөлім, 15-21 аяттар

"Әнфал" сүресінің 15-16 аяттары:

"Әй мүміндер! Егер соғыста топты жаумен кездессеңдер, сонда кейін шегінбеңдер. (15) Кімде кім сол соғыс күні ұрыс шебін өзгерту немесе басқа өз тобына қосылу мақсатында болмай, жауға жонын берсе, ол А...-ның қаһарына ұшырайды, барар орны тозақ болады. Ол неткен жаман орын десеңші! (16)"

Өткен бағдарламада Бәдір соғысы оқиғасына тоқталған болатынбыз. Бұл аяттар соғыс майданындағы тиісті тәртіпке меңзеп, былай дейді: "Ешқашан жаудың көптігі себепті майданнан шегінбеңдер. Мүмінге соғыс майданынан кері шегінуге болмайды. Тек күш жинау, қару-жарақ даярлау немесе мұсылмандардың басқа бір тобына қосылу және жауға жаппай шабуыл жасау үшін болмаса, майданнан шегіну дұрыс емес". Қазіргі замандағы әскери терминде оған "тактиканы өзгерту немесе жауға басқа тұстан соққы беру үшін жасалатын маневр" деп айтылады. Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, соғыс майданы мен джиһадтан қашу – үлкен күнә. Мұндай адам А...-ның қаһарына ұшырайды.

Екіншіден, соғыс майданында тактикалық мақсатпен және жауды алдау үшін шегінуге болады.

Үшіншіден, соғыстан қашудың нәтижесі - дүниеде қорлық көру мен ақыретте азапқа ұшырау болып табылады. Қашқындардың соңы жақсылыққа апармайды.

"Әнфал" сүресінің 17-18 аяттары:

"Сонда оларды сендер өлтірмедіңдер, бірақ оларды А... өлтірді. (Әй Мұхаммед!) Атқан кезде сен атпадың, бірақ А... атты. Бұл мүміндерді жақсы бір сынақпен сынау үшін. Расында А..., толық естуші, білуші. (17) (А...-ның әмірі бойынша пайғамбар (с) жерден бір уыс топырақ алып жау жаққа шашқанда көздеріне түскендіктен жеңіліс табады.) Жағдай осы. Расында А..., кәпірлердің әдісін жояды. (18)"

Сол аяттарды жалғастыра келе бұл аят мүміндерге: "Мақтанбаңдар, соғыста жеңуге тек өздеріңнің жауынгерлік күштерің ғана себеп болды деп ойламаңдар",-деп ескертіп: "Жауды жерге жыққан сендердің садақ пен жебелерің немесе қылыш пен найзаларың емес, А...-ның жәрдемі мен қалауы болды. Сендердің оқтарыңды нысанаға тигізген А... еді. Осы соғыс майданы, мүміндерді ең абзал түрде сынауға арналған - илаһи сынақ алаңы болды. Адамдардың Оған пида еткен барлық істерін көріп тұрған А... тағала үшін жан қиюдан артық сынақ бар ма?",-дейді. А...-ның сынақтары кейде нығмет және жеңіспен бірге болатын "игі нәубет", ал кейде қиыншылық және ауыртпалықпен бірге болатын "жаман нәубет" болады. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, соғыс пен джиһад нағыз мүміндерді иманы әлсіз кісілерден ажырата білу үшін берілген сынақ құралдарының бірі.

Екіншіден, адамның істеген ісі оның еркімен болғандықтан, оған байланысты. Бірақ А...-ның құдіретімен орындалатын болғандықтан, А...-ға байланысты болады.  Сондықтан адамның ісі А...-ның қалауынан тәуелсіз емес.

Үшіншіден, А... тағала нағыз мүміндерді қолдап, дұшпанның жоспарларын залалсыздандырады.

"Әнфал" сүресінің 19-шы аяты:

"(Әй мүшріктер!) Жеңіс тілеп едіңдер, расында үстемдік зияндарыңа келді. Енді егер тыйылсаңдар, сонда сендер үшін жақсы. Ал қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Топтарың қанша көп болса да, сендерге әсте пайда бермейді. Өйткені А... мүміндермен бірге. (19)"

Кейбір тәпсіршілердің пайымдауынша, жауды жеңген соң мұсылмандар арасында соғыс олжаларын бөлісуде пайғамбармен арада келіспеушілік туындап, дауласқандықтан бұл аят соларға бағытталған дейді. Алайда тәпсіршілердің көбі бұл аят кәпірлер мен мүшріктерге қарап айтылған дейді. Бұл аят былай дейді: "Мүміндерге жеңіс келді және А... тағала ақиқатты әшкерледі". Алайда осы аят екі топтың әрқайсысына арналса да, А...-ның сөзі мынау: "Пайғамбармен керісіп, оның бұйрығына наразылық білдіру А...-ның қаһарын тудырады. Ешбір топ адамды А...-ның жазасынан қорғай алмайды немесе оған кедергі жасай алмайды". Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, адамның қайыры мен жақсылығы А... мен Оның Елшісінің бұйрығына қарсы шықпауға байланысты.

Екіншіден, А...-ның жәрдеміне бөлену үшін иман мен табандылық қажет. Ал жамағаттың көптігі А...-ның қаһарына әсер етпейді.

"Әнфал" сүресінің 20-21 аяттары:

"Әй мүміндер! А...-ға әрі Елшісіне бой ұсыныңдар. Және Құранды ести тұра пайғамбардан бет бұрмаңдар. (20) Сондай-ақ тыңдамаса да: "Тыңдадық" дегендер тәрізді болмаңдар. (21)"

Осы аяттар топтамасының соңы мүміндерді А... мен Оның Елшісінің бұйрықтарына толық бойсұнуға және кез-келген күнә мен бағынбаушылықтан аулақ болуға шықырып, былай дейді: "Пайғамбардың сөзін естіп, оған иман келтірген сендер, Оның талабы мен бұйрығынан ешқашан бас тартпауларың керек. Өйткені А...-ға сенімнің шарты - Оның Елшісіне бағыну болып табылады. Әйтпесе, сендер де: "Пайғамбардың айтқанын естіп, қабылдадық деп",-айтқанымен іс жүзінде ешқандай әсер алмағандар сияқты боласыңдар дейді. Бұл аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, мүміндерге үнемі діни бұйрықтарды орындамау қатері төніп тұрады. Сондықтан олар ескертулерге зәру.

Екіншіден, ақиқатты естіп, білу жауапкершілік тудырады. Сондықтан надандыққа салынуға болмайды.

Үшіншіден, иман сөзбен емес, амал және бағынумен дәлелденеді.