Әнфал сүресі, 262-шы бөлім, 10-14 аяттар
Әнфал сүресі, 262-шы бөлім, 10-14 аяттар
"Әнфал" сүресінің 10-шы аяты:
"Мұны қуанту әрі жүректеріңді орнықтыру үшін ғана істеді. Жәрдем, А...-ның ғана қасында (еркінде). Күдіксіз А... - өте үстем, хикмет иесі. (10)"
Өткен бағдарламада айтқанымыздай, А... Тағала мұсылмандардың мүшріктермен алғашқы соғысында Ислам әскерін жігерлендіру үшін періштелерді түсірді. Осылайша мұсылмандар болмашы соғыс жабдықтарымен толық қаруланған қолды жеңіп шықты. А... тағала бұл аятта былай дейді: "Бәдір соғысында періштелерді қолдарына қару беріп, жаумен соғысатындай етіп түсірген жоқпыз. Қайта олар жүректеріңе жеңіс пен күш сезімін орнатты. Сондықтан осы үміт пен жүрек сенімінің арқасында жеңіске жеттіңдер". Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, А...-ның сүйіншілері Ислам жауынгерлерін жігерлендіріп, олардың жеңісіне жағдай жасайды.
Екіншіден, жауды жеңу үшін тек қару-жарақ пен әскери күш қана емес, қайта А...-ның жәрдемі мен қолдауы да қажет.
"Әнфал" сүресінің 11-ші аяты:
"Сол уақытта сендерді А... тарапынан бір тыныштық ұйқысы басуда еді. Және сендерді тазарту, өздеріңнен шайтанның ластығын кетіру, жүректеріңді орнықтырып табандарыңды бекіту үшін үстеріңе көктен жаңбыр жаудыруда еді (өйткені жау су басына түсіп, мұсылмандар шөлде қалған еді). (11)"
Тарихта келтірілгендей, мұсылман әскері Бәдір аймағында жау қолының күш-қуатын көрген сәтте босаңсып кетті. Сондықтан А... тағала бұл аятта былай дейді: "Біз, сендердің араларыңда тыныштық орнату үшін түнде далада рақат тынығып, абыржу мен алаңдаушылықтан арылуларыңа жағдай жасадық. Екінші жағынан, су ішіп, тазаруларың үшін аспаннан жаңбыр жаудырдық. Қадамдарыңды мықтау үшін құмдарды нықтадық. Сол жаңбыр сендерге сергектік пен дайындық әкеліп, жеңіліс жөніндегі шайтанның кез-келген азғыруынан алшақтады." Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, егер А...-ға деген сенім мен сабырлық болса, А... талаға да адамға жәрдемдесетін табиғи факторларды жібереді.
Екіншіден, сыртқы тазалықпен бірге, шайтанның азғыруынан алшақтау болып саналатын ішкі тазалыққа да көңіл бөлу керек.
"Әнфал" сүресінің 12-ші аяты:
"(Мұхаммед (с)) Сол уақытта Раббың періштелерге: "Расында Мен сендермен біргемін. Мүміндерге тоқтау беріңдер",-деп нұсқау беруде еді. Кәпірлердің жүрктеріне қорқу саламын. Сонда мойындарының үстіне әрі қол-аяқтарына (қылышпен шабыңдар). (12)"
Бәдір соғысындағы ғайыптан келген А...-ның жәрдемі туралы бұрынғы аяттардан кейін, осы аят былай дейді: "Ислам жауынгерлерінің рухын күшейту үшін періштелерді жіберген А... оларға: "Осы топта Мен сендермен біргемін. Мүміндердің көкірегіне үміт пен сүйінші орнатқанымдай, кәпірлердің жүрегіне қорқыныш пен үрей саламын. Бірақ жауды Мен жоймаймын, қайта өздерің соғыс майданына келіп, күш-қуатпен соғысып, қылышпен жаудың басы мен мойнына соққы беріп, қол-аяқтарын ұратын сендер мүміндерсіңдер",-деп аян береді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, егер иман келтіргендерден болсақ, А... тағала жүректерімізді орнықтырып, жаудың жүрегіне үрей-қорқыныш салады.
Екіншіден, егер нағыз жауынгер болсақ, А... тағала ғайыптан көмегін түсіреді. Қашу мен бас сауғалауды ойлап, А...-ның өзі жауды құртар деп күтпейік.
"Әнфал" сүресінің 13-14 аяттары:
"Осы, олардың А...-ға, Елішісіне қарсы келулеріне себепті. Және кім А...-ға, Елшісіне қарсы келсе, шынында А..., қатты азап иесі. (13) Міне, осыны татыңдар, сондай-ақ кәпірлер үшін от азабы бар. (14)"
Бұл аят мұсылмандардың кәпірлерге шабуылын оларға түскен азаптың бір түрі деп атап, былай дейді: "Олар үнемі А...-ның аяттары мен пайғамбардың сөздеріне қарсы шығатын. Тіпті ақиқат сөзін тыңдағысы да келмейтін. Сондықтан А... тағала оларды жазалау үшін оларды жеңуге мүміндерге қол ұшын берді. Бұл - олардың дүниедегі жазасы. Ал қияметте оларға тозақ оты дайын." Бұл аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, А...-ның қаһары мен ашуы себепсіз емес, қайта адамдардың шектен шығуының нәтижесі.
Екіншіден, А...-ның дәстүрі бойынша, ақиқатпен жауласқан әркім жойылады.