Әнфал сүресі, 261-бөлім, 5-9 аяттар
Әнфал сүресі, 261-бөлім, 5-9 аяттар
"Әнфал" сүресінің 5-6 аяттары:
(Мұхаммед (с)) Раббың сені, үйіңнен хақ жолына шығарғанда мүміндердің бір бөлімі жақтырмаған еді. (Ғанимат бөлуде де кейбіреулер көңілсіз болды.) (5) Шындық анықталғаннан кейін де олар көре тұра өлімге айдалғандай сенімен тартысты. (6)"
Осы бағдарламада оқылып, талқыланатын аяттар Бәдр соғысына қатысты. Һижраның екінші жылында Ислам пайғамбарына (с) Әбу-Суфянның басшылығымен бір сауда керуені Меккеге қарай жолға шыққаны туралы хабар беріледі. Пайғамбар (с) өз серіктерінен жаудың экономикалық әлеуетіне соққы беріп, олардан қоныс аударған мұсылмандардың мал-мүлкін қайтарып алу үшін осы керуенге қарай асығуын сұрайды. Алайда мұсылмандардың әрекетінен хабардар болған Әбу-Суфян, бұл жөнінде Меккедегі кәпірлерге хабарлап, керуенді Меккеге басқа жолмен алып жүреді.Сонан соң Меккеден, осы қаланың үлкендерінің бірі - Әбу-Жаһлдің басшылығымен мыңға жуық адам Ислам әскеріне қарай бет алады. Олардың барлығы Мекке мен Мәдина арасындағы Бәдр аймағының даласындағы құдықтардың басына келеді.Ислам пайғамбары (с) өзінің серіктерімен сауда керуенінің соңына түсеміз бе, әлде кәпірлер жасағымен соғысамыз ба? деп кеңеседі. Мұсылмандар соғыс пен қарулы қақтығыс үшін жолға шықпағандықтан және кәпірлердің саны олардан үш есе көп болғандықтан, кейбіреуі кәпірлермен соғысуға ынтасын білдірмей, тіпті пайғамбармен (с) керіседі. Дегенмен мұсылмандардың басым бөлігі әзірлік білдіріп, пайғамбар (с) жау жасағымен соғысуға шешім қабылдайды. Бұл соғыста мұсылмандар ғайыптан келген жәрдемнің арқасында жауды жеңеді. Бұл соғыста Әбу-Жаһлмен бірге жаудың жетпіс адамы қаза болып, жетпісі тұтқынға түседі. Ал мұсылмандар жағынан тек он төрт адам ғана шәһид болады. Бұл аят: "Мүміндердің бір тобы А... тағала мен Оның елшісіне сенсе де, жан мен дінді қорғау мәселесі келгенде, осалдық танытты, тіпті пайғамбармен керісті,"-дейді.Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, негізінде адам соғыс пен қақтығысты жақтырмағанымен, А... жолында дұшпандармен соғысу имандылық міндеттердің біріне жатады.
Екіншіден, жасқаншақ әрі қорқақ мүміндер А... жолындағы соғысқа қатыспақ түгілі, бұл жөнінде илаһи жетекшілерімен ұрысып, керіседі.
"Әнфал" сүресінің 7-8 аяттары:
"Сол уақытта А..., сендерге екі топтың бірінің сендердікі болатынын уәде етуде еді. Сендер, құралсыз керуеннің сендердікі болуын қалайсыңдар. А... өз әмірлерімен шындықты шынға шығаруды, сондай-ақ қарсы болғандардың артын үзуді қалайды. (7) Қылмыстылар жек көрсе де хақиқат шынға шықсын да, бұзықтық жойылсын. (8)"
Бұл аят: "Сендер жаудың мал-мүлкін иемдену мен соғыс олжасына қол жеткізуді дәм етіп Меккеге қарай бет алып, жаудың қарулы тобына тап болуды күтпеген едіңдер. Бірақ А...-ның сендерді әрекет етуге ынталандыруының мақсаты - ақиқатты күшейтіп, орнықтандыру және жалғанның көзін жою болды. Сөйтіп ақиқаттың жеңісі мен жалғанның жеңілісі туралы А... тағаланың дәстүрі жүзеге асырылады",-дейді.Әрине мұндай талап күні бүгінге дейін толық жүзеге аспаған еді және мүміндердің жеңісі кейде жеңіліске де тап болған. Құран мен рауаяттар мазмұны бойынша, хазірет Мехди (ғ) пайда болатын ақыр заманда осы илаһи дәстүр толық және бүкіл жер шарында жүзеге асып, ақиқат пен әділеттің орнатылып, жалғандық пен озбырлық жер бетінен жойылады.Бұл аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, жеңіс тек адамдар мен құрал-жабдықтардың санына байланысты емес, қайта онда жауынгерлік рух пен жігер сияқты басқа да адами факторлар мен А...-ның жәрдемі секілді ғайыптық себептер де маңызды рөл атқарады.
Екіншіден, Ислам мәдениетінде А... жолында соғысудың мақсаты - ел мен жер басып алу немесе олжа жинау емес, ақиқатқа жетіп, жалғанды жою болып табылады.
"Әнфал" сүресінің 9-шы аяты:
"(Бәдір соғысында жау мың кісі, мұсылмандар үш жүз кісі еді. Сондықтан олар А...-ға жалбарынды да, А... мың періште арқылы көмек етілетіндігін білдірді. Бұл мұсылмандарды рухтандырып, жүректерін орнықтыру үшін ғана.) Сол уақытта Раббыларыңа жалбарынуда едіңдер. Сонда Ол: "Шынында сендерге ерген мың періштемен көмек етемін",-деп тілектеріңді қабыл етті. (9)
Бұл аят Бәдр соғысында А... тарапынан жәрдем болғанын ашық айтады. Бұл жәрдем періштелерді түсіру арқылы болды. Бұл аятта бір мың періште және Әли-Ғимран сүресінің 124-125 аяттарында үш мың және бес мың періштенің саны айтылған. Бұл, соғыстың әртүрлі кезеңдерінде көптеген періште түсірілгенін аңғартады. Әрине періштелер жау әскерімен соғыспаған, алайда олардың мұсылман жауінгерлердің жанында болуы олардың рухы мен жігерінің нығайып, иманының күшеюіне себеп болып, жаудың жүрегіне үрей мен қорқыныш салатын. Бұл аят сондай-ақ дұға мен мінажаттың соғыстағы рөлін қуаттап, мүміндердің жеңісінің сыры – А...-ға жалбарыну мен дұғаларының орындалуын тілеу деп біледі. Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, А... тағала дұға мен тілексіз де бере алатын болғанымен, дұға мен мінажат адамды А...-ның бергенін қабылдауға лайықты болуға тәрбиелейді.
Екіншіден, адамның өмірінде періштелердің рөлі бар. Сондықтан адамның иманы оларды өзіне қарай баурайды.
Үшіншіден, А... Тағаланың медеті адам еңбек етіп, әрекеттеніп, мұқтаждығын білдірген жағдайда келеді.