Әнфал сүресі, 260-шы бөлім, 1-4 аяттар
Әнфал сүресі, 260-шы бөлім, 1-4 аяттар
"Әнфал" сүресінің 1-ші аяты:
"(Мұхаммед (с)) Олар, сенен ғанимат малы (соғыс олжасы) жайынан сұрайды: "Ғаниматтар А...-ға және пайғамбарына тән. Ендеше, егер мүмін болсаңдар, А...-дан қорқып, араларыңды жарастырыңдар. Және А...-ға, пайғамбарына бойсұныңдар",-де. (1)"
Пайғамбар (с) Мәдинеге қоныс аударғаннан кейін һижраның екінші жылы Бәдр аймағында мұсылмандар мен мүшріктер арасында соғыс болды. Бұл соғыс мұсылмандардың жеңісімен аяқталып, олар көп олжаға кенелді. Сондықтан мұсылмандар пайғамбарға (с) келіп, олжаны қалай еншілеу жайында сұрады. Пайғамбар (с) бұл жөнінде А...-ның бұйрығы түсуін күткен еді. Сонда "Әнфал" сүресінің алғашқы аяттары аян етіліп, соғыс олжаларын үлестіру ардақты пайғамбарға (с) тапсырылды. Ислам пайғамбары (с) арабтар арасында бұрыннан дағдыға айналған кемсітушілік тәсіліне қайшы, надандық заманындағы осы кемсітушілікті жою үшін соғыс олжаларын жауынгерлер арасында тең үйлестірді.Әрине "әнфал" сөзі соғыс олжаларымен қатар, пайғамбар (с) мен оның орынбасарларының иелігіндегі кез-келген қоғамдық мүлік пен ормандар мен кен орындары тәрізді табиғи қорларды да қамтиды. Сондықтан бұл аяттың соңы мүміндерді пайғамбардың үкімін қабылдауға үндеп: "Егер иман келтіргендерден болсаңдар, А... мен оның елшісіне бойсұныңдар",-дейді. Бұл аят өз араларын жарастыру мәселесіне де меңзеп: "Мал-мүлік пен дүниелік істер араларыңа жік салып, кекшілдік орнатуға жол бермесін, қайта А...-дан қорқып, нәпсінің қалауы мен шайтанның азғыруынан алшақтап, үнемі өзара тату-тәтті болыңдар",-дейді.Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, Ислам – әлеумет пен шаруашылық діні. Онда қоғамның шаруашылығын реттейтін жоспарлар бар. Мұсылмандар өздерінің шаруашылығын реттеу үшін Құран мен Ислам пайғамбарына (с) жүгінуі керек.
Екіншіден, мүміндер дұшпандарға қарсы қатал әрі мықты болуы керек, дегенмен өз араларында тату-тәтті және достық қарым-қатынаста болуы тиіс.
Үшіншіден, А... мен оның елшісінің әміріне бойсұну - иманның шарты. Өйткені А... жолындағы соғысқа қатысса да, соғыс олжаларын бөлу сынағынан өтпей қалған адамдар да жоқ емес.
"Әнфал" сүресінің 2-3 аяттары:
"Сөзсіз мүміндер; А... еске алынса, жүректері қобалжиды да, оларға А...-ның аяттары оқылса, сенімдері артылып, Раббыларына тәуекел қылады. (2) Сондай-ақ олар, намазды толық орындап, оларға берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. (3)"
Иманның шарты жөніндегі осыдан бұрынғы аяттан кейін, бұл аят нағыз мүміндерді былайша сипаттайды: "Олар, А... еске алынып, Құран аяттары оқылса, иманы артып, жүректері лүпілдейтін адамдар. Олар А...-ның ұлылығын танып, білгені соншалық А...-ның алдында толық сыпайылық көрсетеді. Олар А...-дан өзгеге қарамайды және өзгеден бойын аулақ ұстайды. Мүмін А... мен Оның жазасынан қорыққанда жүрегі сілкінсе, А...-ның мейір-шапағатын еске алғанда жүрегі тынышталады".Мүміндердің осындай ішкі сезімдерінің намаз оқу мен зекет беру секілді сыртқы белгілері де бар. Намаз А...-ны ойлауды тұрақтандырып, күшейтсе, зекет А... тағала мен пенденің арасында байланыс орнатады.Бұл аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, иманның белгісі – ішкі қорқыныш пен сыртқы амалдар болып табылады.
Екіншіден, иманның азайып-көбейетін түрлі деңгейі мен дәрежесі бар. Құран оқу - иманның артуына себеп болады.
Үшіншіден, мал-мүліктің бір бөлігін А... жолында жұмсау имандылыққа жатады. Сараң А...-ның жарылқауынан құр қалады.
"Әнфал" сүресінің 4-ші аяты:
"Міне солар, шынайы мүміндер. Олар үшін Раббыларының қасында да дәрежелер және жарылқау, әрі көркем несібе бар. (4)"
Бұл аят мүміндердің сыйларына меңзеп, былай дейді: "Иман – құр ұран мен сөз ғана емес, қайта оны мүмін деп атауға болатындай, адамның ішкі жан-дүниесіне сіңген ақиқат болып табылады. Әркім сенімнің осындай дәрежесіне жетсе, А...-ның алдында асқақ дәреже мен мәртебесіне ие болып, илаһи жарылқау мен жомарт ризыққа бөленеді".А...-ның сыйы қияметпен ғана шектелмейтіні анық. А... тағала нағыз мүміндерге өзінің сыйлығын олардың дүниедегі лайықтығына қарай осы дүниеде де береді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, адамдардың иманының әртүрлі дәрежесі бар. Ол азайып, көбейе алады. Сондықтан илаһи дәрежелер де азаяды, не көбейеді.
Екіншіден, тіпті нағыз мүміндерге де адасу қаупі төніп тұрғандықтан, олар А...-ның жарылқауына зәру.