Әғраф сүресі, 258-ші бөлім, 197-202 аяттар
Әғраф сүресі, 258-ші бөлім, 197-202 аяттар
"Әғраф" сүресінің 197-198 аяттары:
"Сендердің А...-ны қайырып қойып табынған пұт-бұрхандарың өздеріңе қол ұшын да бере алмайды, өзіне де септігін тигізе алмайды. (197) Оларды туралыққа шақырсаңдар, олар естімейді, саған қарап тұрған сияқты көрінгенімен, бірақ олар көрмейді. (198)"
Бұл аяттар өткен бадарламада оқылған аяттарды жалғастыра келе мүшріктер мен олардың табынатын нәрселерінің ерекшеліктерін баяндап, былай дейді: "Сендердің А...-дан басқа табынатын және жалбарынатын нәрселерің пұт болсын, немесе өздерің секілді адам болсын олардың сендерді оқиғалардан қорғайтын ешқандай күші жоқ. Қайта олардың өздеріне әрдайым қауіп төніп тұрады. Неліктен оларға көңіл бөліп, А...-ны ұмытасыңдар?". Аяттың жалғасы пайғамбарға (с) арнап былай дейді: "Сенің міндетің адасқандарға ескерту жасап, оларға ақиқат сөзін жеткізу болғанымен, олардың барлығы сенің сөзіңе құлақ асып, қабылдайды деп ойлама. Олардың көбісі өздерінің тас пен ағаштан жасалған пұттары тәрізді естіп, көре алмайды. Олар ақиқатқа мән бермей, саған қарайды. Олар саған білмей, сезбей қарайды. Сенің сөздерің олардың құлағына жетсе де, олар естімеген тәрізді". Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, бізге пана бере алатындай, құдайдың жәрдемдесетін құдіреті болуы керек. Ал А...-дан басқа құдайлар өз-өзін қорғай алмайды.
Екіншіден, құлақ пен көзге ие болу жеткіліксіз. Кейде соқыр және саңырау ақиқатты қабылдайды, ал еститін және көретін адамдар оны жоққа шығарады.
"Әғраф" сүресінің 199-шы аяты:
"Кешірімшіл бол, (адамдарды) туралыққа сілте, топастықтан аулақ бол! (199)"
Осы аят Ислам пайғамбары (с) мен ол хазіретке ерушілерге дос болсын, дұшпан болсын халықпен байланыс орнату үшін бірнеше маңызды ахлақтық нұсқау беріп: "Сендерге жасалған жамандыққа кешірімді болыңдар, кек сақтамаңдар. Әрдайым басқаларды жақсылыққа бастаңдар. Сендерге надандық пен ақылсыз мінез көрсеткендерге байсалдықпен қараңдар",-дейді. Әрине бұл адамның жеке қарым-қатынасындағы әдістер. Өйткені адамдардың құқықтарына байланысты әлеуметтік мәселелерде тіпті қоғамның жетекшісі де кешірімшіл болмай, исламдық жүйенің дұшпандары халықтың мал-мүлкі мен намысына көз салмауы үшін олармен қатал болуы тиіс. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, жақсы болу жеткіліксіз. Жақсылықты қоғамда жайып, басқаларды да жақсылыққа шақыруды ойлау керек.
Екіншіден, надан - сауаты жоқ кісі емес, бұрыс және ақылсыз мінез көрсететін кісі.
"Әғраф" сүресінің 200-ші аяты:
"Сені шайтан түртер (азғырар) болса, онда А...-ға сиын! А... расында бәрін де естіп, біліп тұрушы. (200)"
Пайғамбарға (с) арналған осы аят, А... тағала өз пайғамбарларын кез-келген адасушылықтан сақтағанымен, шайтан А...-ның елшісінің (с) соңынан қалмай, оны да азғыруға тырысып-бағатынын көрсетеді. Осыдан бұрынғы аятқа назар аударатын болсақ, шайтан әрдайым ашу мен ызаның отын лаулатып, халықтың кешірімшіл болуына кедергі жасау арқылы кекшілдікті жаюға тырысатынын көреміз. Сол себепті А... тағала бұл аятта: "Шайтанның азғыруына ешқашан көңіл аудармаңдар. Ашуларыңды басыңдар! А...-дан пана сұрап, Оған тәуекел етіңдер! Сонда шайтанның азғыруларынан аман қаласыңдар",-дейді. Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, шайтан үнемі азғырады. Сондықтан А... тағала осыған қатысты ескерту жасайды.
Екіншіден, шайтаннан алшақтаудың жолы – А...-ға жақындау және А...-ны еске ала отырып, Одан пана сұрау болып табылады.
"Әғраф" сүресінің 201-202 аяттары:
"Тақуалар өздерін шайтан төңіректегенде (А...-ны) еске алады да, ақиқатқа көз жеткізіп, қырағылық істейді. (201) Шайтандар (дінсіз) туыстарын құр соңынан қалмай азғыра береді, одан еш жалықпайды да. (202)"
Пайғамбарға (с) арналған өткен аяттардан кейін осы аят мүміндер жайында былай дейді: "Шайтанның азғырулары, мүміндерге қалай да болса ықпал ету үшін мәңгі оларды айналып жүреді. Бірақ тақуа жандар осы азғыруларға тап болғанда, А...-ны еске алып, А... олардың ісін көріп, сөздерін естіп тұрғанын біледі. А...-ға көңіл бөлудің себебінен олар күнәдан аулақ ұстанады". Бірақ А...-дан қорықпайтындармен шайтан қу ағайын тәрізді бірге отырып, оларды үнемі жамандыққа азғырады. Бұл істе ол ештеңеден аянбайды. Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, жын-шайтандар басқаларды адастыру үшін мәңгі аңдып жүреді. Ендеше абай болайық.
Екіншіден, А...-ны ауызша және іштей еске алып отыру адамды көптеген азғырулардан сақтайды.
Үшіншіден, егер адам тақуа болмаса, шайтан оған адастыратын жолдас болады.