Әғраф сүресі, 257-ші бөлім, 193-196 аяттар
Әғраф сүресі, 257-ші бөлім, 193-196 аяттар
"Әғраф" сүресінің 193-ші аяты:
"Егер шерік қатқан нәрселеріңді тура жолға шақырсаңдар, олар сендерге ермейді. Оларды мейлі шақырыңдар, мейлі үндемеңдер, сендерге бәрібір. (193)"
Өткен бағдарламада айтқанымыздай, кейбір ата-аналар өздерінің жанындағы А...-ның аманаты болып табылатын өз перзентін А...-ның жолына шақырудың орнына, Одан басқаға үндейді. Бұл аят былай дейді: "Сендерді тура жолға бастайды деп санайтындардан тура жолға бастауын сұрасаңдар, тілектеріңді орындамайды. Өйткені бұл істі атқаруға шамасы келмейді. Сендердің шақыруларың немесе үнсіздігің оларға бәрібір. Сұраған медеттеріңе жауап бермейді. Өйткені бұл әлемде А...-дан басқа ешбір тәуелсіз құдірет иесі жоқ. Ешбір тіршілік иесі Оның бұйрығынсыз ешқандай істі атқара алмайды.Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, А...-ның пенделеріне құлшылық етуге ешқандай дәлел жоқ. Қолдарынан түкте келмейтін және адамнан да төмен жансыз заттарға табыну былай тұрсын.
Екіншіден, адамның Жаратушы иесінен сұрайтын ең маңызды тілегі - бақытқа қарай жетелеу болып табылады. Бұл іс А...-дан басқаның қолынан келмейді.
"Әғраф" сүресінің 194-ші аяты:
"Расында А...-дан өзге шоқынғандарың, өздерің сияқты құлдар. Егер шын айтсаңдар, қане оларды шақырыңдар, сендерге жауап берсін. (194)"
Өткен аяттың жалғасындағы осы аят: "Барлық адамдар А...-ның пенделері мен жаратқаны болып табылады. Олардың әрқайсысы А...-ның мейірімі мен ілтипатына мұқтаж. Ешбір адамның басқа адамнан артықшылығы мен асқан күші жоқ. Ендеше өздерің құрлы адамдардан неліктен жәрдем сұрайсыңдар? Олардың өздерінен құдіреті бар деп ойлайсыңдар ма? Олай болса солардан мұқтаждықтарыңды сұраңдар. Сендерге жауап бере ме, әлде жоқ па көріңдер?",-дейді.Бұл аят, хазірет Исаны (ғ) А...-ның қатарына қоятын христиандар үшін Иса Мәсіх (ғ) сияқты, адамға табынатындар туралы болуы мүмкін.Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, құдай пендеден артық болуы керек. Өзі тектес адамға табынудың негізі жоқ.
Екіншіден, құдай пенденің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатындай болуы тиіс. Бұған А...-ның күші ғана жетеді.
"Әғраф" сүресінің 195-ші аяты:
"Олардың жүретін аяқтары, ұстайтын қолдары, көретін көздері немесе еститін құлақтары бар ма? (Мұхаммед (с)) оларға: "А...-ға қосқан ортақтарыңды шақырыңдар да, сонан соң маған мұрсат бермей айлакерлік жасаңдар",-де. (195)"
Бұдан алдыңғы аят, өздері тектес адамдарға құлшылық ететіндерге сөгіс айтса, бұл аят тіпті жүре алмайтын, сөйлей алмайтын, көре алмайтын және ести де алмайтын жансыз тас және ағаш мүсіндер секілді өзінен де әлсіз бұйымдарға сиынатындарды айыптайды. Осы аятта пайғабарға (с) осындай халықты надандықтан ояту үшін оларға сол пұттардан мұсылмандарға қарсы бір іс жасауға және оларды құрту үшін кез-келген жоспар құруды тілеңдер. Сонда пұттардың қолынан түк те келмейтінін барлығы көрсін,-деп айту тапсырылады. Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, илаһи жетекшілер А...-ға мықты сенгендіктен өз жауларының әлсіздігін көрсету үшін күреске батыл түрде шақырады.
Екіншіден, мүшріктер пайғамбарға (с) бағынбай: "Ол да біз сияқты адам баласы",-десе де, бірақ өздерінен төмен пұттарға табынатын еді.
"Әғраф" сүресінің 196-шы аяты:
"Шынында менің ием Құран түсірген А... . Ол, жақсыларға иегершілік етеді. (196)"
Өткен аяттарда А...-дан басқа құдайлардың осал тұстары баяндалса, бұл аятта пайғамбар (с) өзінің құдайын былайша таныстырады: "Мен бұйымдар немесе адамдарға табынудың орнына, тек А... тағаланың қамқорлығын қабылдап, Оған ғана құлшылық етемін. Ол маған аян етіп, сендерге осы аяттарды түсіреді. Ол ізгі адамдарға тура жолын көрсетіп, оларды қамқорлыққа алады."Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, ізгі тұлға А...-ның қасында үлкен мәртебеге ие. Құран пайғамбарларды – ізгі тұлғалар деп атайды.
Екіншіден, ақиқат жолын жалғыз өтуден қорықпайық. А... тағала ізгі адамдарға жәрдем беру мен қамқорлық жасауға уәде берген.
Үшіншіден, А... тағала адамға бір жағынан анық бағдарлама береді, келесі жағынан оны орындауда жәрдем береді.