Жел 22, 2016 19:18 Asia/Almaty

Әғраф сүресі, 256-ші бөлім, 188-192 аяттар

"Әғраф" сүресінің 188-ші аяты:

"(Мұхаммед (с)): "А... қаламайынша, өзім үшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емеспін. Егер көместі білген болсам, әрине жақсылықты көбейтіп алар едім. Сондай-ақ маған бір сәтсәздік жұғыспас еді. Мен иман келтірген елді қорқытушы, қуандырушы ғанамын",-де. (188)"

Кейбір адамдар өздерінің пайда көруі немесе бір қауіптен аман қалулары үшін, Ислам пайғамбарынан (с) балгерлер мен көріпкелдер сияқты өзінің және өзгелердің келешегін біліп, бал ашуын күтті. Пайғамбар (с) бұл аятта: "Мен сендерге көместен хабар беруге емес, сендерді тура жолға салу үшін келдім. Егер мен көместі білетіндей болсам, әрине ол арқылы мал-мүлкімді көбейтуге немесе жамандықты кетіруге тырысар едім. Бірақ менің, сендер тәрізді пайдам мен зияным А...-ның қолында. Мен тіпті өзімнің пайдам мен зияныма да ие емеспін",-дейді. Негізінде көместі білу А...-ға ғана тән. Басқалардың оны білуі тек А...-ның рұқсатымен ғана болады. А... тағала халықты тура жолға салу үшін өзінің пайғамбарларына өткен мен болашақтан тиісті мөлшерде мағлұмат беріп тұрған. Бірақ олардың осы білімді жеке пайдасы үшін қолдануына болмайды. Олардың өмірі көмес білім бойынша емес, басқа адамдардың тұрмысы тәрізді қарапайым болуы тиіс. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, барымызға мақтанбайық. Өйткені біз өзіміздің жанымызға да ие емеспіз. Барлығы А...-ның қолында. Оның қалауынсыз ештеңе болмайды.

Екіншіден, көмес білімі - табыс табудың немесе қиыншылықтардың шешудің емес, тура жолға нұсқаудың құралы. Сондықтан да пайғамбардың өмірі үнемі ауыртпалық және тауқыметпен бірге болды.

"Әғраф" сүресінің 189-190 аяттары:

"Ол сондай А..., сендерді бір-ақ кісіден (Адамнан) жаратқан, және оған тиянақ үшін жұбайын (Хауаны) жаратқан. Ол жұбайына жақындасқанда, жұбайы жеңіл түрде жүкті болды. Сонда онымен жүріп ауырлаған кезде, А...-ға: "Егер бізге игі бала берсең, әрине шүкір етушілерден болар едік",-деп жалбарынды. (189) Дегенмен А... оларға дұрыс бала берген кезде, олар өздеріне берген бала жайында А...-ға шерік қата бастады. (Бұл жердегі шерік қатушылар, кейінгі ұрпақтар. Адам Ғ.С. шерік қатудан пәк.) А... олардың қосқан ортактарынан жоғары (пәк). (190)"

Осы аяттар жұбайларға арнап былай дейді: "Сендерді бір-біріңнен тыныштық тауып, перзент сүюлерің үшін бір-біріңе жұбай еткен А... тағала. Алайда ана жүкті болып, бала табу сәті жақындағанда қолдарыңды жайып, дұға етіп, А...-дан игі перзент беруін сұрайсыңдар. Сендер осы нығметке шүкірлік айтушылардан болыңдар. Бірақ бала туғаннан кейін А...-ны ұмытып, оны А...-ға бойсұну жолына бастаудың орнына, А...-дан басқаға ұласатын жолға саласыңдар". Бұл аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, ерлі-зайыпты байланыс әйел мен еркектің жаны мен тәні тыныштығының факторы. Жастардың психикалық түйткілдерінің алдын-алу үшін үйлену ең абзал шешім болып табылады.

Екіншіден, адам мейірімділікке зәру. А... тағала бұл қажеттілікті отбасын құрумен қамтамасыз еткен.

Үшіншіден, үйленудегі мақсаттардың бірі – ұрпақты жалғастыру мен игі перзент тәрбиелеу болып табылады.

Төртіншіден, баланың ізгі әрі пәк болуы үшін ол дүниеге келмес бұрын әрекет жасап, А...-дан көмек сұрау керек.

"Әғраф" сүресінің 191-192 аяттары:

"Олар, еш нәрсені жаратпаған, өздері жаратылған нәрсені А...-ға серік қоса ма? (191) (А...-ға серік қосқан нәрселері) Оларға жәрдем ете алмайды, әрі өздеріне де жәрдем ете алмайды. (192)"

Осыдан бұрынғы аяттарда баяндағанымыздай, кейбір ата-аналар өз перзентінің көңілін А...-ға аударудың орнына, басқаларға аудартып, А...-дан басқада да құдірет бар деп ойлайды. Бұл аяттар: "Басқалардың өздерінен несі бар? Өздері А...-ның жаратқаны бола тұра, бір нәрсені жарата ала ма? Әлде қауіптен құтқара ала ма? Олар тіпті өз жанын да қорғай алмайды. Олардың өмірі мен өлімі А...-ның қолында. А...-дан неге тілемейсіңдер? Басқаларда бар нәрсе А...-да жоқ па? Перзенттеріңді неліктен тек дүниені ойлап, мал-мүлік жинауды ғана ойлайтын етіп тәрбиелейсіңдер? Неліктен ақыретті ұмытып, оларды да ғапыл қыласыңдар?,"-дейді. Бұл аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, перзент А...-ның берген сыйы және ата-ананың қолындағы үлкен аманат. Аманатқа қиянат жасамай, перзентті А...-дан басқаның жолына шақырмау керек.

Екіншіден, А...-дан басқалар ештеңе емес. Олардың өзінен ештеңе жоқ. Барлығының иесі –А... . Ендеше барды жоққа айырбастамайық.