Жел 22, 2016 19:20 Asia/Almaty

Әғраф сүресі, 254-ші бөлім, 179-183 аяттар

"Әғраф" сүресінің 179-шы аяты:

"Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде әперсіздер. (179)"

А... тағаланың адамды жаратудағы негізгі мақсаты оның дамуы мен кемелденуі болғандықтан, оған барлық жағдай жасаған. Құлақ, көз бен ақыл – ақиқатты сезіп, тану құралдары. Алайда осы құралдары бар болғанымен, оны пайдаланбайтындар немесе теріс пайдаланатындар илаһи жолдан адасып, тозақ жазасына душар болады. Негізінде мұндай құралдар шектеулі деңгейде хайуандарда да бар. Егер адам А...-ның берген осы мықты құралын дұрыс пайдаланбаса, хайуаннан да төмен болғаны. Өйткені ол өзін-өзі ғапылдық пен надандыққа салып, ақиқатты қабылдағысы келмейді. Осы аят бойынша, ақиқаттың да адам тәрізді тану құралы бар. Сондықтан адам өзінің қабілетіне сай ақиқатты танып, білуге міндетті. Егер бұл салада немқұрайлы болса, адасқан адамдармен бірге тозақтық болады. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, барлық адамдар иман келтіріп, түзелетінін күтпейік. Өйткені А...-ның адамға берген еркі бойынша, адамдардың көбі бұрыс жолды таңдап, тозаққа түседі.

Екіншіден, адамгершіліктің өлшемі – ақиқатты түсініп, ұғу болып табылады. Керісінше жағдайда адам хайуанмен бірдей.

"Әғраф" сүресінің 180-ші аяты:

"Ең жақсы атаулар А...-ға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар. А...-ның атында қиғаштық істейтіндерді қойып қойыңдар. Олар істегендерінің сазайын тартады. (180)"

Барлық игі және көркем сипаттар А...-ға тән. Өйткені Ол барлық кемелдік пен әсемдіктің бастауы. Сондықтан сөз бен атауларды пайдаланғанда А...-ға ең жақсы және игі атауларды қолданып, А...-ның есімдерінің қасиеттілігін сақтау керек. Құранның өзге аяттарында А...-ның атауларын ардақтап, қастерлеу туралы тапсырылған. Құран бізден А...-ға серік қоспауды және Оның есімін басқалардың атымен қатар айтпауды талап етеді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, барлық жақсылықтар мен игіліктер А...-дан. Ендеше игілікке жету үшін оған қарай жүру керек.

Екіншіден, Ислам игі атауға көңіл бөледі және ұлы діни тұлғалар, кісіге ат қоюда көркем әрі мағналы сөздерді пайдалануды тапсырған.

"Әғраф" сүресінің 181-182-183 аяттары:

"Біз жаратқан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылы әділетті атқаратын бір топ бар. (181) Сондай аяттарымызды жасынға айналдырғандарды, олар білмеген жақтан бірте-бірте жоямыз. (182) Тағы да оларға мұрсат беремін. Әрине шараларым да қатаң. (183)"

Бұл аяттар халықты екі топқа бөледі. Бірінші топ өздері ғана тура жолға түсіп қоймай, басқаларды да тура жолға салуды ойлап, ақиқат пен әділет бойынша амал етеді. Олар басқаларға үлгі-өнеге болады. Алайда келесі топ ақиқатты мойындап, оған амал етудің орнына, оны жасынға шығаруға ұмтылып, А...-ға табынудың орына, нәпсіге ереді. А... тағала осы топқа былай дейді: "Дүниеде қалағанын істеуге мұрсат береміз. Бірақ осы мұрсат оларға пайдалы болады деп ойламасын. Өйткені олар осы мұрсатты тиімді пайдаланудың орнына көбірек күнә жасап, адасып, күннен-күнге ақиқат жолынан алыстай береді". А...-ның осы дүниедегі жазаларының бірі - біртіндеп жазалау болып табылады. Адам оның жаза екенін аңғармайды және жаза оны біртіндеп жалмайды. Құран бұл аятта: "А... тағала оларды өздері аңғармай қалатындай жазалайды",-дейді. Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, басқаларды тура жолға тек ауызша шақыру жеткіліксіз. Сондықтан оларды амалымызбен үгіттейтіндей, іс істеуіміз керек.

Екіншіден, егер күнә жасап қойып, оның жазасын көрмесек, қуанбайық. Жазаға қалай душар болғанымызды аңғармай қалуымыз мүмкін. Ендеше тәубе етейік.

Үшіншіден, А... тағала баршаға тәубе ету мұрсатын берген. Бірақ оны тек мүміндер ғана пайдаланады. Ал адасқандар илаһи мұрсатты А...-ның қаһарынан қашу деп түсінеді.