Жел 22, 2016 19:21 Asia/Almaty

Әғраф сүресі, 253-ші бөлім, 175-178 аяттар

"Әғраф" сүресінің 175-ші аяты:

واتل عليهم نبا الذي آتيناه آياتنا فانسلخ منها فاتبعه الشيطان فكان من الغاوين .

"(Мұхаммед (с)) Оларға (яһудилерге) берген аяттарымызды сиырылып, шайтандарға ерген, адасушылардан біреудің жағдайын түсіндір. (175)"

Бұл аят алғашында мүминдердің қатарында жүріп, хазірет Мұсаның (ғ) жолдастарынан болған, бірақ шайтанның азғыруымен адасып, Перғауынның сарайына өтіп кеткен исраил қауымының Беләм Бағура есімді бір ғалымының хикаясын әңгімелейді. Дүниенің жарқылы мен Перғауын сарайының салтанатты көрінісі оның көзін алғаны сонша, тіпті ақырында Мұса (ғ) мен оған ерушілерге қарсы әрекет жасап, түбінде оңбайды. Осы кісінің оқиғасы Тәураттың "сандар" бөлімінде де келтірілген. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, дүниеқұмарлық қаупі діни ілімдер данышпандарына да төніп тұрады. Сондықтан Беләм Бағура секілді адамдардың тағдыры барлық ғалымдарға ғибрат болуы тиіс.

Екіншіден, өзіңің өткеніңе мақтанбау керек. Өйткені әрдайым құлдырау қаупі төніп тұрады. Неғұрлым көбірек көтерілсек, құлаудың қаупі соғұрлым артады.

Үшіншіден, А...-дан бөлінген кісі шайтанға жем болады. Дүниеқұмарлық діни ғұламаларды шайтанның тұзағына түсіреді.

"Әғраф" сүресінің 176-шы аяты:

ولو شئنا لرفعناه بها و لكنه اخلد الي الارض و اتبع هواه فمثله كمثل الكلب ان تحمل عليه يلهت او تتركه يلهت ذلك مثل القوم الذين كذبوا باياتنا فاقصص القصص لعلهم يتفكرون .

"Егер қаласақ, аятарымыз арқылы әрине оны жоғарылатар едік. Бірақ ол, жерге еңкейіп (дүниеге беріліп) нәпсіне ерді. Сонда оның мысалы: Егер оған тап берсеңде тілін салақтатып, не оны қойып қойсаң да тілін салақтататын ит тәрізді. Аяттарымызды жасынға шығарған елдің мысалы осы. (Мұхаммед (с)) Оқиғаны оларға айтып бер. Бәлкім олар түсінер. (176)"

А... тағала осы аятта былай дейді: "Біз оны жоғарлатуды қалағанбыз. Бірақ ол жерге жабысып, нәпсіне ергенді жөн көрді. Біз оның өсіп, кемелденуіне  жағдай жасадық. Бірақ ол жоғары өрлегенді қаламай, материалдық және дүниелік істерден ажырағысы келмеді. Осылайша шайтанның тұзағына түсіп, қол жеткізген нәрселерінен айрылды". Ғапыл қалған адамдарды төрт аяқты малға теңейтін Құран, дүниеге құмар ғалымдарды тілін салақтатқан, көзі тоймайтын итке теңейді. Көбірек мал-мүлік пен жоғары мансапқа деген құмарлықтың шегі жоқ. Оның барлығы тәкәппарлық пен мақтаншатықтан туындайды. Қасиетті Ислам пайғамбары (с): "Білім мен мағлұматы көбейсе де, тура жолға түспеген адамның білімі оның А...-дан көбірек алшақтауына себеп болады",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, илаһи аяттарды біліп тану адамды дүниеқұмарлыққа салмаса, оның дәрежесін арттырады.

Екіншіден, діни ғұламалар дүниешіл болса, олар А...-ның аяттарын жасынға шығарып, күпірлікке бет алуы мүмкін.

Үшіншіден, бұрынғы ұрпақтардың тарихы келешектегілерге сабақ болып саналады. Бұрынғы халықтардың басынан өткенге немқұрайлы болмайық.

"Әғраф" сүресінің 177-178 аяттары:

ساء مثلا القوم الذين كذبوا باياتنا و انفسهم كانوا يظلمون ، من يهدالله فهو المهتدي و من يضلل فاولئك هم الخاسرون ترجمه اين آيات

"Сондай аяттарымызды жасынға шығарып, өздеріне зұлымдық еткен елдің сыңайы нендей жаман! (177) А... кімді тура жолға салса, сонда ол, тура жол тапқан болады. Және кімді адастырса, сонда олар зиянға ұшырағандар. (178)"

Құран Беләм Бағура  оқиғасын баяндаған соң, жалпы қағида ретінде былай дейді: "Илаһи аяттарды жасынға шығаратын кісілердің ақыры жаман болады. Әрине олар А... мен оның дініне нұқсан келтіреміз деп ойламасын. Шын мәнінде олар өздеріне зұлымдық жасап, өздерін А...-ның жарылқауынан мақрұм қылады. Өйткені әркім ақиқатты жоққа шығарса, А...-ның тура жолынан таяды. Ал бұл, адам үшін ең үлкен зиян". Негізінде адамның тура жолға түсуі немесе адасуы А...-ның қолында болғанымен, ол себепсіз және дәлелсіз емес. Өйткені А... аса дана әрі кешірімді. Сондықтан адамның өзі жағдай жасамаса, А... тағала оған ілтипатын да, қаһарын да жаудырмайды. Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, ең жаман зұлымдық өз-өзіңе жасаған зұлымдық. Мұндай зұлымдық ақиқатты жоққа шығару мен нәпсіге ерудің салдарынан болады.

Екіншіден, біздің иманымыз немесе күпірлігіміз А...-ға әсерін тигізбейді. Ол ештеңеге мұқтаж емес, қайта барлығы оған мұқтаж.

Үшіншіден, білімнің бір өзі құтқармайды. Сондықтан адам өзінің амалдарымен А... тағаланың мейіріміне бөленіп, Оның тура жолына түсуге жағдай жасауы тиіс.