Әғраф сүресі, 252-ші бөлім, 170-174 аяттар
Әғраф сүресі, 252-ші бөлім, 170-174 аяттар
"Әғраф" сүресінің 170-ші аяты:
والذين يمسكون بالكتاب و اقاموا الصلوه انا لانضيع اجرالمصلحين .
"Сондай Кітапқа мықты жабысып, намазды толық орындайды. Дау жоқ, біз игілік істегендердің сауабын зая қылмаймыз. (170)"
Естеріңізде болса өткен бағдарламада Құран, илаһи кітапқа сене тұра, материалдық мүдделері үшін оны тастап, оның нұсқауларын ұмытқандарды сынағанын айтқанбыз. Бұл аятта Құран, илаһи кітапты мықты ұстап, оның бұйрықтарына әсіресе намаз бен дұғаларға аса көңіл бөлетіндерді дәріптейді. Намаз илаһи кітаптың орындауға өсиет еткен тапсырмаларының бір бөлігі ғана болғанымен, бөлек тақырып ретінде баяндалған. Өйткені барлық илаһи діндерде намаздың мәртебесі жоғары. Қасиетті Ислам пайғамбарының (с) рауаяты бойынша: "Намаз - діннің шырайы болып табылады". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, илаһи кітапты жаттап алу мен оқу жеткіліксіз. Бақытқа кенелу үшін оған амал ету керек.
Екіншіден, адам мен қоғамды түзету діннің нұсқауларын орындауға байланысты. Адамзат қоғамын түзетушіміз дейтін, бірақ та илаһи тәлім-тәрбиеге мән бермейтіндердің еңбегі бекер.
"Әғраф" сүресінің 171-ші аяты:
و اذ نتقنا الجبل فوقهم كانه ظله و ظنوا انه واقع بهم خذوا ما آتيناكم بقوه و اذكروا ما فيه لعلكم تتقون .
"Бір күнде тауды көлеңке тәрізді Исраил ұрпақтарының үстеріне көтердік. Олар оны шын түседі деп ойлады. "Сендерге берген Кітапты мықты ұстаңдар да ішіндегілерді түсініңдер, әрине тақуа боласыңдар",-(дедік). (171)"
"Әғраф" сүресіндегі Исраил қауымы туралы ең соңғы аят болып табылатын бұл аят, хазірет Мұса (ғ) заманында орындалған және халық оны көзімен көрген илаһи мұғжизалардың біріне тоқталып, былай дейді: "Хазірет Мұса (ғ) Тұр тауынан оралып, Тәурат мәтіні жазылған тақтайшаларды халыққа алып келген кезде, Исраил қауымы оған қарсыласып, А...-ның бұйрықтарын қабылдамай тастады. Сонда А... тағала оларды қорқыту үшін Тұр тауын орнынан қопарып алып, үстеріне көтерді. Олар үрейге түсіп, сәждеге жығылып, бұйрыққа бойсұнамыз деп уәде берді. Бірақ олардың бір бөлігі тағы да діннен шықты". Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, А... тағала кейде халықтың санасын ояту үшін оларға өз құдіретін көрсетеді.
Екіншіден, илаһи кітапқа шынайы қарап, оның нұсқауларын толық орындау керек.
Үшіншіден, илаһи нұсқауларды үйрену жеткіліксіз. Оны ұмытып, естен шығармау үшін үнемі қайталап отыру керек.
"Әғраф" сүресінің 172-173-174 аяттары:
وَإِذْ أَخَذَ رَبُّکَ مِنْ بَنِی آدَمَ مِنْ ظُهُورِهِمْ ذُرِّیَّتَهُمْ وَأَشْهَدَهُمْ عَلَى أَنْفُسِهِمْ أَلَسْتُ بِرَبِّکُمْ قَالُوا بَلَى شَهِدْنَا أَنْ تَقُولُوا یَوْمَ الْقِیَامَةِ إِنَّا کُنَّا عَنْ هَذَا غَافِلِینَ ﴿١٧٢﴾ أَوْ تَقُولُوا إِنَّمَا أَشْرَکَ آبَاؤُنَا مِنْ قَبْلُ وَکُنَّا ذُرِّیَّةً مِنْ بَعْدِهِمْ أَفَتُهْلِکُنَا بِمَا فَعَلَ الْمُبْطِلُونَ ﴿١٧٣﴾ وَکَذَلِکَ نُفَصِّلُ الآیَاتِ وَلَعَلَّهُمْ یَرْجِعُونَ ﴿١٧٤﴾
"(Мұхаммед (с)) Сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп: "Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?",- (дегенде,) олар: "Әрине куәміз" деген. Қиямет күні: "Бұдан хабарымыз жоқ" демеңдер. (Бұл «Әлмисақ» уәдесі; жаннан алынған деген) (172) Немесе: "Бұрыңғы ата-бабамыз шерік қатқан еді, біз де солардың ұрпағымыз. Сонда бізді бұзақылардың қылығымен жоқ етесің бе?",-(демеулерің үшін.) (173)" Олардың тура жолға қйтулары үшін аяттарымызды өстіп ашық баян етеміз. (174)
Бұл аят, негізінде адам өзінің иесі әрі тағдырын анықтаушы жаратушысына мұқтаж екендігін көрсетеді. Осы аят А... тағаланың адамзат ұрпағынан өзінің Құдай екені жөнінде үлкен серт алғанына және олардың барлығы Оның Құдай екендігін мойындағанына меңзейді. Әрине А... тағала қиямет күні олардан алған серті жайлы сұрайды. Құранда бұл серттің қалай алынғаны баяндалмаған, бірақ тәпсіршілер түрлі әңгімелерді келтірген. Атап айтқанда, кейбіреулер бұл зор сертті "болмыс серті" деп біледі. Яғни адам баласы әкенің белінен, ананың жатырына орналасқан мезетте А... олардың бойына "тәухид пен ақиқатшылдық" қасиетін салады. Сондықтан бұл қасиет барлық адамдардың бойында бар және әркім құдайды өз жүрегімен табады және оған әуес. Осы илаһи серт, қиямет күнінде адамның ата-бабаларымыз секілді мүшрік болудан басқа таңдауымыз болмады деуіне сылтау болмауы үшін берілген дәлел болып табылады. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, А...-ға деген құштарлық барлық адамдардың бойына дарыған және туа біткен қасиет. Сондықтан тарих бойындағы адамзат өміріндегі өзгерістер мен технологияның дамуымен жойылмайды.
Екіншіден, ата-бабаларды құрметтеу адамның ақиқаттан адасуына себеп болмауы керек. Ата-бабалардың бұрыс сенімдеріне еруді ақтауға болмайды.