Жел 22, 2016 19:24 Asia/Almaty

Әғраф сүресі, 251-ші бөлім, 167-169 аяттар

"Әғраф" сүресінің 167-ші аяты:

"(Мұхаммед (с)) Раббың оларды қиямет күніне дейін жаман қинаумен ұстайтын біреулерді әлбетте жіберетіндігін білдірді. Расында Раббың тез жазалаушы әрі аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (167)"

Өткен бағдарламада айтқанымыздай, Исраил қауымының бір тобы сенбі күнінің демалыс екендігі және оны діни әрі жеке міндеттерді орындауға арнау жөніндегі А...-ның бұйрығын бұзып, қулық-сұмдықпен сенбі күндері балық аулаған еді. Олар осы қылығы үшін А...-ның қатаң жазасына ұшырап, маймылға айналды. А... тағала бұл аятта: "А...-ның нұсқауларын аяққа басып, оны келемеждейтін кісілерге А... тағала осы дүниеде азабын тартқызып, оларға үнемі тауқымет көрсетеді. Әрине егер мұндай адамдар өз істеріне тәубе қылып, түзелетін болса, А... оларға рақымшылығын да қайтарып, кешіреді". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, яһудилердің залымдары қиямет күніне дейін қиналып, тауқымет көреді.

Екіншіден, жазадан қорқумен бірге А...-ның жарылқауына үміттену адамның өркенделуі мен тәрбиеленуіне жағдай жасайды.

"Әғраф" сүресінің 168-ші аяты:

"Оларды жер жүзінде топтарға бөлдік. Олардың игілері бар әрі олардың басқалары да бар. Бәлкім райынан қайтар деп оларды жақсылықпен де, жамандықпен де сынадық. (168)"

Осыдан бұрынғы аят яһуд қауымының қиямет күні қорлық көретіндігін баяндаса, бұл аят: "Олар тұтас халық емес, қайта бытырап, шашыраған және олардың ешуақытта тәуелсіз елі мен үкіметі болмаған",-дейді. Әрине яһудилердің барлығы жөнсіз әрі лайықсыз емес. Олардың араларында да шыншыл адамдар бар. Бірақ осы қауымның көпшілігі қырсық адамдар болғандықтан, тарихта олардың тағдыры қорлықпен бірге болған. Аяттың жалғасы былай дейді: "А...-ның дәстүрлері халықты сынау үшін. Сондықтан яһудилер де бұл ережеден тыс болмаған. Олардың санасы оянып, өткеннен өнеге алулары үшін үнемі қуанышпен де, қайғымен де сыналған". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, қарсыластарымызға қатысты нысапты болайық. Олардың жамандығын айтқан кезде, жақсылығын да баяндайық.

Екіншіден, илаһи сынақтың нәтижелерінің бірі – адамның санасын оятып, оны тәубеге келтіру болып табылады.

"Әғраф" сүресінің 169-шы аяты:

"Олардан кейін, Кітапқа мұрагер болып, осы сапасыз дүниенің бұйымын алатын топ келіп отырады да: "Жуықта жарылқанамыз",-дейді. Тағы сондай нәрсе келсе, оны да ала береді. Олардан А...-ға байланысты шындықты ғана айтуларына, Тәуратта уәде алынбады ма? Ал олар, ондағы нәрселерді оқымады ма? Негізінде ақырет жұрты тақуалар үшін қайырлы. Сонда да түсінбейсіңдер ме? (169)"

Құран осы аяттарда яһуд қауымының тарихын баяндай келе, былай дейді: "Хазірет Мұса (ғ) мен Исраил қауымының басқа да пайғамбарларымен замандас болып, сол пайғамбарларды көріп, сөзін тыңдағандар өкінішке орай қасарысып, бағынбай немесе келемеждеумен илаһи кітап пен пайғамбарлардың қадірін білмегендіктен ауыр жазаларға душар болды. Олардан кейінгі ұрпақ та илаһи кітапқа ие болып, оның мазмұнын біле тұра ақыреттен көрі дүниені ұнатты. Байлық пен мансап олардың көздерін баурады. Олар тәкәппарлық пен астамшылдықтың салдарынан өздерін "артық нәсіл" деп санап: "Біз дүниенің соңына түсіп, ақыретімізге ештеңе істемесек те, А... тағала бізді қияметте жарылқап, жәннатқа кіргізеді",-дейді. А... тағала осы аятта былай дейді: "Мұндай негізсіз сөзді А...-ға неге байланыстырасыңдар. Сендер Тәуратты оқыдыңдар және олай емес екендігін білесіңдер. Ендеше неге қорықпайсыңдар? Өз істеріңе неге ойланбайсыңдар?" Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, діндарлықтың қасіреті - дүниеқұмарлық пен ақшақұмарлық. Ол адамды ақыреттен ғапыл қалдырады.

Екіншіден, ізгі амал істемей тұрып А...-ның рақымшылығына үміттену орындалмайтын, негізсіз арман.