Әғраф сүресі, 248-ші бөлім, 157-159 аяттар
Әғраф сүресі, 248-ші бөлім, 157-159 аяттар
"Әғраф" сүресінің 157-ші аяты:
"Олар, сондай жандарындағы Тәуратта және Інжілде жазулы жіберілген, сауатсыз Пайғамбарға ергендер. Ол, оларды жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыяды. Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылады. Олардың үстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп) шиелініскен нәрселерді шешеді. Енді соған (Мұхаммедке (с)) сенгендер, олар оған құрмет етіп әрі оған көмек көрсеткендер сондай-ақ оған түсірілген нұрға (Құранға) ергендер, міне солар құтылушылар. (157)
Өткен бағдарламада баяндағанымыздай, хазірет Мұса (ғ), орынсыз сылтау іздеп А...-ның қаһарына ұшыраған өз қауымының адамдарына дұға етіп, А...-дан оларға жарылқау мен кешірім сұрады. А... тағала: "Менің рақымшылығым барлық нәрсені қамтыған, бірақ оған тек пәк және иманды жандар ғана бөленеді",-деді. Бұл аяттың жалғасы былай дейді: "Ислам пайғамбарымен (с) замандас яһудилер мен кітап иелерінен кейбір адамдар да соңғы пайғамбарға ергендері үшін А...-ның рақымына бөленеді. Олар бұл пайғамбардың белгілерін қолындағы Тәурат пен Інжілден табады. Осы пайғамбар оларды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыяды. Олардың мойнына бұғау және аяғына тұсау болып отырған теріс сенімдері мен ырым-жырымдарын жоққа шығарып, оларды азат етеді. Бұл пайғамбар өркениеттен алыс жатқан Арабстан жерінде пайда болды. Ол өзге адамдар сияқты мұғалім мен дәріс көрмеген және хат танымайтын. Бірақ ең абзал сөздерді баяндап, халықты ең жақсы жолға шақырады. Осының өзі оның сөздерінің илаһи екендігіне нақты дәлел болып табылады". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, бұрынғы пайғамбарлар Ислам пайғамбарының келетіні туралы қуанышты хабар айтты. Ол хазіреттің есімі мен белгісі Тәурат пен Інжілде, атап айтқанда "Жаратылыстың басталуы" кітабының 17-ші бөлімінде және "Иоан Інжілінің" 14-ші бабында жазылған.
Екіншіден, бұрыс әдет-ғұрыптар мен ырымдар халыққа салынатын бұғау болып табылады. Сондықтан пайғамбарлар халықты осы бұғаулардан босату үшін келген.
Үшіншіден, А...-ның елшісіне иман келтірудің бір өзі жеткіліксіз, оларды қастерлеп, құрметтеп, қолдау көрсету керек.
"Әғраф" сүресінің 158-ші аяты:
"(Мұхаммед (с)): "Әй, адам баласы! Мен барлығыңа А...-ның елшісімін; Ол сондай А..., жер мен көктің иелігі Оған тән, Одан басқа тәңір жоқ. Ол тірілтеді де өлтіреді. А...-ға және А...-ның сөздеріне сенген, жіберілген сауатсыз Пайғамбарға иман келтіріңдер. Және оған еріңдер, әрине тура жол табасыңдар",-де. (158)"
Бұл аят Ислам пайғамбарының (с) әлемдік сипатқа ие екендігіне меңзеп былай дейді: "Ол хазірет тек араб халқына, немесе белгілі бір ұлт пен ұлысқа емес, бүкіл халықтарға жіберілген пайғамбар. Ол да өзінен бұрынғы пайғамбарлар сияқты, бүкіл жаратылыстың ісі, атап айтқанда адамдардың өмірі мен өлімі оның қолындағы Раббымыз тарапынан келген. Ол бәрінен бұрын А...-ға және Оның сөзіне сенеді. Ендеше адамзат баласының тура жолға түсуі мен бақытқа жетуі оған және оның сөздеріне еруге байланысты,"-дейді.Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден,Ислам дінінің келуімен өзге діндерге ерушілердің барлығы соңғы илаһи дін мен жолдауға иман келтіріп, оған амал етуі тиіс.
Екіншіден, Құранмен қоса, пайғамбардың жолына еру тура жолға апарады. Пайғамбар мен оның әулетінің өмір жолынсыз Құран тура жолға бастамайды.
"Әғраф" сүресінің 159-шы аяты:
"Мұсаның қауымынан да тура жолға салатын және онымен әділдік істейтін бір топ бар. (159)
Құран осы аятта Исраил қауымы мен яһудилердің басқаларға қарағанда ақиқатшыл әрі әділ болып келетін бір тобын құрметтейді. Олар халықты да ақиқатқа шақырады. Бұл топ хазірет Мұса (ғ) заманында да болған. Олар қырсығып, сылтауратудың орнына ол хазіреттің сөзін тыңдап, нұсқауларына бағынатын. Ислам пайғамбары (с) заманында да осындай топ ол хазіреттің шақыруына ілесіп, оған иман келтірген еді. Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, қарсыластарымызбен ынсапты болайық. Олардың жақсылығы мен қызметін және қадірін білейік. Құран Исраил қауымының жамандарын да, жақсыларын да айтып өткен.
Екіншіден, халықты ақиқат пен әділетке шақыру жеткіліксіз. Өзіміз де оған амал етіп, әділ болуымыз керек.