Жел 22, 2016 20:06 Asia/Almaty

Әғраф сүресі, 226-ші бөлім, 57-62 аяттар

"Әғраф" сүресінің 57-ші аяты:

"А... өзінің рақымы (жаңбыры) келер алдында жел соқтырып, сүйініш хабарын жібереді. Жел ауыр бұлттарды көтерген кезде оны өлі (қуаң) жерлерге жөнелтеміз де, жаңбыр жаудырып, әртүрлі жеміс-жидек өндіреміз. Сол сияқты өліктерді де тірілтеміз. (Мұнан) Әрине ғибрат аларсыңдар. (57)"

Өткен бағдарламада көктер мен жерді жаратудағы А... тағаланың құдіретінің бір шеті баяндалды. Осы аят жер мен жердегілердің тіршілігіне себеп болатын жаңбыр жаудырудағы А...-ның жарылқауына меңзеп былай дейді: "Жер шарының барлық аймақтарындағы желдер А... тағаланың бұйрығы және оның қалауымен соғады. Табиғаттың санасы жоқ және ондағы жаңбырдың жауу мен желдің есуі кездейсоқ құбылыстар деп ойламаңдар. Жер бетінде түрлі табиғи себептер арқылы тіршілікті орнатқан және жел мен жаңбырды үйлестірген А... . Осы табиғи құбылыстар тәухидтің және А... тағаланың бірлігінің ғана емес, қайта қияметтің сондай-ақ адамның қайта тірілуінің белгісі болып табылады". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, табиғатты зерттеп, оның заңдарын ашу адамның жаратылыс басталуынан ғапыл қалуына себеп болмауы тиіс.

Екіншіден, өлім – жойылып, жоғалу емес, жағдайдың өзгеруі болып табылады. Сондықтан өлі жер – жердің жойылып кетуі деген сөз емес.

"Әғраф" сүресінің 58-ші аяты: 

"Құнарлы жердің өсімдігі Раббының әмірімен (бітік) шығады (бұл ықыласты мұсылманның мысалы). Құнарсыз жердің өсімдігі өте сирек өнеді (бұл уағыз-насихатқа ықылассыз кәпірдің мысалы). Шүкір қылатын қауымға біз аяттарымызды осылайша ашалап баяндаймыз. (58)"

Жаңбырды – илаһи рақымдылық деп атап өткен аяттан кейін бұл аят былай дейді: "Жаңбырдың жаууы тіршілік пен рақымдылықтың көзі болғанымен, жер оны дұрыс бойына сіңіріп, өсімдікті шығару үшін қолайлы жағдай қажет. Алайда суды сіңдірмейтін қатқан жер, саз балшыққа айналып, сасып, басқалардың мазасын кетіреді". Иә, болмысы жұмсақ жаңбырдың бақшада лала гүлін өсіріп, қатып қалған жерде тікен өсіруінде кемшілік жоқ. Құран аяттары да илаһи мейірімділік. Ол оны қабылдауға дайын адамның көкірегіне қонса, адамға рухани өмір сыйлайды. Ал надандарға оқылса, олар оған тек қырсығып, қасарысады. Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, адамзатты тура жолға жолдау үшін рақымдылықтың түсуі жеткіліксіз, оны қабылдауға лайық болу керек.

Екіншіден, пәктік бақытты болуға жағдай жасайды. Ал күнә адасуға себеп болады.

"Әғраф" сүресінің 59-60 аяттары:

"Анығында Нұхты өз еліне пайғамбар етіп жібердік. Ол: "Уа, қауымым! А...-ға құлшылық етіңдер! Сендердің одан өзге құдайларың жоқ. Мен шынында сендердің ұлы күннің (қияметтің) азабына душар болуларыңнан қорқамын",-деді. (59) Елінің әкімдері: "Біз сені көрнеу адасуда деп білеміз",-деді. (60)"

Өткен аятта айтылған "қатты" жердің мысалы ретінде осы аят хазірет Нұх (ғ) пен оның халқының оқиғасына тоқталады. Құранның басқа аяттары бойынша, Нұхтың (ғ) 950 жыл уағыз айтып, дінге шақыруына қарамастан қабылдамай, оған қарсы шығып, оны азаптағандықтан, олар А...-ның азабына душар болады. Бұл аят былай дейді: "Хазірет Нұх (ғ) халықты үнемі тәухид пен А... тағаланың жолына шақырды. Бірақ ақсақалдар Нұхты (ғ) надан деп атап, Нұх (ғ) оларға дүние мен ақыреттің азабын ескерткенімен, оларға ерген халық Нұхтың (ғ) сөзін қабылдамайды". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, Нұхтан бастап Ислам пайғамбарына дейін тарихтағы барлық пайғамбарлардың сөзі – тәухид және бір А...-ға құлшылық ету болды.

Екіншіден, тарих бойында пайғамбарлардың негізгі қарсыластары байлар мен ақсүйектер болған. Дүниенің әшекейлері олардың көздерін баурап, олардың байлықтары мен билігі халықтың көзін алған.

"Әғраф" сүресінің 61-62 аяттары:

"Нұх айтты: "Уа, жұртым! Әсте адасқаным жоқ, мен – күллі әлемнің Раббы жіберген елшімін. (61) Сендерге Раббымның әмірін жеткіземін, уағыз-насихат айтамын. Сендер білмегенді А...-дан (оның уахиларынан) білемін. (62)"

Нұх (ғ) ақсүйектердің құрметсіздікпен оны надан деп атауына жауабында, оларды балағаттамай, тек өзінің надан еместігін айтып: "Менің сендерге айтып тұрғаным надандықтан емес, қайта бұл А...-ның жолдаулары. Мен оны сендерге жеткізуге міндеттімін. Ол сендердің ғана емес, барша әлемнің Раббы. Мен сендерге жақсылық тілеймін және мұны жанашырлықтан айтамын. Мен өзіме ештеңе тілемеймін",-деді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, надандардың құрметсіздіктеріне олардың өздері секілді мінез көрсетудің орнына, сабыр қылайық.

Екіншіден, уағыздаушы мен тәрбиеші халықты жалғанға бастамау үшін, білімді әрі оларға жанашыр болуы тиіс.

Үшіншіден, пайғамбарлар адамның оған қол жетпейтін ілімге ие.