Әғраф сүресі, 225-ші бөлім, 53-56 аяттар
Әғраф сүресі, 225-ші бөлім, 53-56 аяттар
"Әғраф" сүресінің 53-ші аяты:
"Олар (кәпірлер) оның нәтижесін ғана күтеді. Оның нәтижесі келген күні, Құранды ұмытқандар: "Раббымыздың елшілері расында ақиқатты әкелген еді, енді бізге шапағат ететін шапағатшылар бар ма екен немесе күнәһарлықты қойып, жақсы істермен шұғылдануымыз үшін дүниеге қайтарылуымызға болар ма екен?",-деседі. Шындығында олар өздеріне кесір келтірді. Олардың (А...-ға серік еткен) жасанды нәрселері көздеріне көрінбей ғайып болып кетті. (53)"
Естеріңізде болар, өткен бірнеше бағдарламада Құран пейіштегілер мен тозақтағылардың арасындағы әңгімесіне тоқталған болатын. Осы аят қияметте қылмыскерлер өз істерін мойындайтынын баяндап, былай дейді: "Бұл қылмыскерлер пайғамбардың қиямет туралы уәделерін бекер күтеді. Өйткені сол күні олар өкініп: "А... тағала бізге тура жолды көрсетті. Бірақ біз оған көңіл аудармай, оны ұмыттық. Қателігімізді мойындау, біздің жазамызды кемітеді ме? Біреу бізге шапағат етеді ме? Дүниеге қайта оралып, ізгі істер істей аламыз ба?",-дейді". Әрине бұл сұрақтың жауабы анық. Бұл сөздер сол күні және азапты көрген соң айтылғандықтан, ол түкке тұрмайды және өкініш пен зияннан басқа ештеңе бермейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, осы дүниеде Құранның ескертулеріне құлақ асайық. Өйткені қияметте налып, айғайлаудың пайдасы жоқ.
Екіншіден, шапағаттың шарттары бар және ол баршаға арналмаған. Шапағатқа үміттеніп күнә жасап жүрмейік.
"Әғраф" сүресінің 54-ші аяты:
"Шынында Раббыларың болған А..., көк пен жерді алты күнде жаратты, онан соң ғарышқа үкім жүргізді. Ол түнмен (оның қараңғылығымен) күндізді жапты, түн мен күндізді бірін-бірі қуалайтын (алма-кезек ауысатын) етті, ол күн, ай, жұлдыздарды өз әміріне бағынышты етті. Естеріңде болсын, жарату, әмір-жарлық түсіру оған тән. Барша әлемнің Раббы А...-ның дәрежесі ерен жоғары. (54)"
А... тағала жөніндегі серік қосушылық және ырымдық сенімдерге қарсы бұл аят нағыз Раббыларын таныстырып былай дейді: "Сендердің Раббыларың, көктер мен жерді Жаратушы, Күн мен Айды және жұлдыздарды Жаратушы, күн мен түнді және әлемнің басқа да құбылыстарын Жаратушы болып табылады. Барша әлемнің тек бір ғана құдайы бар. Барлық істер оның қолында. Біреуі жаратып, енді біреуі басқаратындай немесе әр құбылыстың жеке раббылары бар дегендей емес. Барлық жаратылыстың түп-тамыры бір мүбәрак тіршілік иесі. Берекенің барлығы одан ғана. Әлемдегі барлық тіршіліктің иесі – Ол. Оның әлемді бір сәтте жаратуға күші жетеді. Бірақ оның хикметі бойынша тіршілік иелері біртіндеп жаратылуы тиіс. Сондықтан да көктер мен жер алты кезеңде жаратылды. Сонан соң жаратылыс әлемінің тағдыры "ғаршқа" шоғырланды. Ол да А... тағаланың құдіретімен басқарылады". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, жаратылыс әлемі – кездейсоқ пайда болған нәрсе емес, қайта алдын-ала құрылған бағдарлама бойынша жаратылып, жоспар бойынша басқарылады.
Екіншіден, асығыс шайтанның ісі. Ал кез-келген істі біртіндеп, байыптап атқару А...-ның ісі.
Үшіншіден, жаратылыс әлемінде илаһи тәрбиенің аясында эволюция жүріп жатады. Сондықтан оның мәңгілігі А...-ның үзіліссіз мейіріміне байланысты.
"Әғраф" сүресінің 55-56 аяттары:
"Раббыларыңа ілтипатпен жасырын тілек етіңдер. Шектен тыс кеткендерді ол жақтырмайды. (55) Ол жер жүзін жақсартқаннан кейін, онда бұзақылық істемеңдер. (А...-дан) Қорқа әрі үміттене тілек етіңдер. Шынында А...-ның рахымы ізгі іс істегендерге жақын. (56)"
А... тағаланы таныстырған аяттан кейін бұл аят адамның Жаратушымен қалайша байланыс орнатуына тоқталып былай дейді: "Оған дұға оқып жалбарыныңдар. Басқа адамдар мен пұттардың соңына ергенше тек бір А...-ға ғана мінәжат етіңдер. Қатты дауыстап немесе көзге түсу үшін мінәжат қылмаңдар, қайта жұртқа көрінбей, кішіпейілдікпен және ақырын дауыспен жалбарыныңдар. Үмітсіздік пен тәкәппарлыққа душар болмау үшін оның жарылқауына үміттеніп, оның азабынан қорқыңдар. Түзелуді ниет еткен адамдарға жақындаңдар. Күнәларыңның жазасынан қорқыңдар, өйткені оның азабы ауыр". Бұл аят шын жүректен дұға оқумен қатар, ізгі істер жасаңдар деп ескертеді. Өйткені оның сауабы амалға байланысты. Рауаяттар бойынша, кедейлер сұлтанға қол соғанындай, қолдарды жоғары көтеру А... тағаланың алдында бойсұнудың белгісі. Жаман әрі азғын адамдарға қосылмай, өздерінің барлық талпыныстарын қоғамдарды түзетуге жұмсаған пайғамбарлардың жолымен жүріңдер. А...-ға сөз жүзінде ғана жалынып, бірақ оның жолына қайшы амал ететін кісілер секілді болмайық. Бұл илаһи ережені бұзу болып саналады. А... тағала шектен шығушыларды ұнатпайды. Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, дұға дегеніміз – мұқтаждың мұңсызға қол созуы болып табылады. Осылай істемеген кісі тәкәппарлық пен өзімшілдікке душар болады.
Екіншіден, А...-ны тану жеткіліксіз, А...-ға құлшылық ету керек. Дұғасыз құлшылық болмайды.
Үшіншіден, түзелген қоғамға да қауіп төніп тұрады. Сондықтан ізгі тұлғалар дұға оқып, мінәжат етіп тұрулары тиіс.
Төртіншіден, қорқыныш пен үміт – адам бойындағы магниттің екі ұшы тәрізді. Өмірде тепе-теңдікті сақтау үшін осы екеуінің ортасымен жүру керек.