Жел 24, 2016 19:02 Asia/Almaty

Әғраф сүресі, 223-ші бөлім, 44-48 аяттар

"Әғраф" сүресінің 44-ші аяты:

"Жұмақтағылар тозақтағыларға: "Раббымыздың бізге уәде еткенін тура таптық. Сендер де Раббыларыңның уәде еткенін тура таптыңдар ма?",- деп айғайлайды. (Олар): "Әрине",-дейді. Сонда олардың араларында бір айғайшы:  "А...-ның қарғысы залымдарға",-деп айғайлайды. (44)"

Өткен бағдарламада тозақтағылардың бір-бірімен және жұмақтағылардың өзара сөйлесуіне тоқталған болатынбыз. Бұл аятта жұмақтағылар мен тозақтағылардың бір-бірімен әңгімесін тыңдаймыз. Бұл А... тағаланың бізге жамандық істегендерді жазалау мен жақсылық істегендерге сауап беру жөніндегі уәделерінің рас екендігін білуіміз үшін және тозақтағылардың қияметтің шындығын мойындаулары олардың жазасын кемітпейтінін, қайта олардың қарғысқа ұшырап, А...-ның жарылқауынан одан сайын алыстауына себеп болатындығын түсінуіміз үшін ғибрат болып табылады.Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, жұмақ пен тозақта ондағылар бір-бірінің жағдайын біліп тұрады және бір-бірімен сөйлесе алады.

Екіншіден, тозаққа түсудің негізгі себебі - зұлымдық. Өзіне, отбасына және қоғамға жасалған зұлымдық.

"Әғраф" сүресінің 45-ші аяты:

"Олар, А...-ның жолынан тосып, онда бір қисықтық іздейді. Және олар ақыретке де қарсы болушылар. (45)"

Осыдан бұрынғы аятта қиямет соты "залымдарға өлім болсын!" деген дауыспен аяқталып, олар тозаққа баратыны баяндалды. Бұл аят: "Залымдар тек өздері ғана дінге сеніп қоймай, сонымен бірге басқаларды да дінсіз етуге ниеттенетіндер. Олар, өзгелердің А... жолына түсуге ынта білдірмеулері үшін, қалай болса да дін мен оның үкімдерінің шырқын бұзбақ. Дін дұшпандарының әдістеріне шүбә туғызу, бедғат шығару, ырымдар және дінді бағытынан шығару жатады. Сондықтан А... тағала оларды "залым" деп атайды",-дейді.Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, егер дұшпанның дінмен қару ұстап күресуге шамасы келмесе, онда дінде шүбә тудыруға тырысады.

Екіншіден, қоғамның ой-пікірі мен мәдениетіне жасалған зұлымдық – ең ауыр зұлымдық болып есептеледі. Сондықтан оның жазасы да ауыр.

"Әғраф" сүресінің 46-шы аяты:

"(Жұмақтағылар мен тозақтағылардың) Арасында далда бар. Және "Әғраф" делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен танитын біреулер бар. Бұлар: "Сендерге сәлем",-деп жәннаттағыларға айғайлайды. Бұлар әлі жәннатқа кірмеген, үміт ететіндер. (46)"

Бұл аят "Әғраф" деп аталатын мекенді сөз етеді. Ол жұмақ пен тозақтың арасында орналасқан және оның жоғары жерінде ерекше тұлғалар тұрады. Олар жұмақ пен тозаққа кіргендерді байқап отырады. "Әғраф" сөзі Құранның бір сүресінде ғана келтірілгендіктен, бұл сүре "Әғраф" деп аталған.Осы аяттың тәпсірінде айтылған рауаяттарға сәйкес, "әғрафтағылар" - А...-ның ықыласты әрі үздік әулиелері болып табылады. Олар тозақ пен жұмақтағыларды байқап тұрады. Жақсылар мен жамандарды бет-әлпеттерінен таниды. Әрине кейбір тәпсіршілердің пайымдауынша, жұмаққа баруды үміт ететін, бірақ ізгі амалдары жетпей қалған иманды адамдар да "әғрафтағылардың" қатарына кіреді.Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, адамның істері мен қылығы оның сыртқы бейнесіне әсер етеді. Пәк тұлғалар кісілердің ішкі дүниесін олардың бет-әлпетіне қарап түсіне алады.

Екіншіден, әғраф - адамгершіліктің жоғары дәрежелерінің бірі. Ендеше әғрафтан орын алуға тырысайық.

"Әғраф" сүресінің 47-48 аяттары:

"Олардың көздері тозақтықтарға қарай бұрылғанда: "Ей, Раббымыз! Бізді залым қауымға қоса көрме",-дейді. (47) Әғрафтағылар тозақтағы әлпеттерінен танылғандарға: "Жиналғандарың (көптіктерің) және әспенсулерің неменеге себеп болды?",-деп айқайлайды. "(48)"

Өткен аяттан әғрафтағылар көбінесе пейішке баруды армандайтындар екенін білдік. Осы аят олардың тозақтағыларға қалай қарайтынына тоқталып: "Әғрафтағылар үнемі пейіштегілерге қарайды. Бірақ кейде олардың көздері тозақтағыларға түссе, А... тағаладан тозақтық және залымдардың қатарынан болмауды тілейді",-дейді. Залымдармен бірге болу тозақтың отынан да жаман сияқты. Әғрафтағылар тозақтағылармен сөйлескенде: "Дүниеде онымен мақтанып, маңызды деп санаған нәрселерің қайда? Бүгін сол билік те, байлық та, жамағат та пайда бермеді ғой",-деп ескертеді. Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, қияметте ізгі тұлғалардың айыптарын естімес бұрын, менменшілдік пен тәкәппарлықты доғарайық. Өйткені бұл істер қияметте қорлыққа себеп болады.

Екіншіден, байлық пен билік осы дүниеде ғана кәдеге жарайды. Ендеше ақыретте пайдасын тигізетін нәрселерді ойлайық.

Үшіншіден, қияметте адамдардың бет-әлпеттері олардың пейіштік не тозақтық екенін аңғартады. Сондықтан ол адамның амалдарының пішінге ие болатынын баяндайды.