Жел 24, 2016 19:07 Asia/Almaty

Әғраф сүресі, 219-шы бөлім, 28-30 аяттар

"Әғраф" сүресінің 28-ші аяты:

"Олар қашан бір арсыздық істесе: "Аталарымызды осы жолда таптық, мұны бізге А... бұйырды",-деді. (Мұхаммед с): "Шынында А... арсыздыққа бұйырмайды. А...-ға білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма?",-де. (28)"

Осыдан бұрынғы бағдарламада айтқанымыздай, шайтан адамды алдап, Адам мен Хауаның әураттарының ашылуына себеп болғандықтан, А... тағала, Адам мен Хауаның ұрпақтары болатын - мына бізге: "Сақ болыңдар! Шайтанның арбауына түспеңдер! Ол жамылғыларыңды кетіріп, жамандықтарыңды көрсетеді",-деп тапсырады. Бұл аят жәһилият кезіндегі шешінудің бір оқиғасына сілтеме жасайды. Бұл аяттың тәпсірінде келтірілгендей: "Мекке мүшіріктері Ибраһимнің (ғ) салт-дәстүрлері бойынша жыл сайын қажылық рәсімдерін өткізетін. Олар тәуап етушінің киімі таза және адал мал-мүліктен болуы тиіс деп сенетін. Сондықтан киімдерінің тазалығы мен оның адалдығына күдіктенген кезде, А...-ның үйін жалаңаш күйде тәуап ете айналып, бұл істерін "ғибадат" деп санайтын". Осы аятта Құран олардың бұл ісін ерекше арсыздық пен сұмдық деп атап: "Мүшріктер өздерінің бұл ісін ақтауға тырысып: "Ата-бабаларымыз осылай етуші еді. Бұл олардың салты. Бұған қоса біз мұны А...-ға құлшылық ету үшін істеп жатырмыз және бізге оны А... тағала бұйырды",-деп айтатын дейді". Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, адамзат қоғамдарындағы көптеген бұрыс сенімдер мен ырымдардың тамыры - ата-бабаларға санасыз еру болып табылады. Ата-бабалардың мирасын сақтау – ақыл мен ойды тастау емес.

Екіншіден, А...-ға ғидабат еткенде толық бойсұнып, оның айтқанын орындау керек. Әйтпесе ғибадат ырымдарға араласады.

"Әғраф" сүресінің 29-шы аяты:

""Раббым маған әділдікті бұйырды, ғибадат қылғанда жүздеріңді А... жаққа туралаңдар және оған бар пейіл-ықыласпен құлшылық етіңдер. А... әу баста қандай жаратқан болса, сондай негізде қайтасыңдар",-де. (29)"

Өздерінің жағымсыз қылықтарын А...-ға байланыстырып, осылайша өздерін кінәсіз санаған мүшріктердің сөздеріне бұл аят: "А... тағала әрқашанда жақсылық пен пәктікке, дұрыстық пен шындыққа бұйырады және сендер мешіттерге барғанда, әсіресе әл-Харам мешітінде намаз оқып, тәуап қылған кезде тек Оған ғана көңіл аударып, ықыласпен амал етулеріңді бұйырады. Сенімдеріңді серік қосудан тазартыңдар және А...-ға оралатындарыңды біліңдер. Оның сендерді қайта жаратуға күші жетеді. Өйткені сендерді тұңғыш жаратқан да Ол",-дейді. Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, А... тағала нұсқауларының өзегі және адамзатқа тапсырған мағызды өсиеті – әділет болып табылады.

Екіншіден, ықыласпен құлшылық ету - әділдіктің жайылуына жағдай орнатып, оның орындалуы мен жалғасуына кепілдік болады.

"Әғраф" сүресінің 30-шы аяты:

"(А... адамзаттың) Бір тобын тура жолға салды. Және бір тобы да адасуға тиісті болды. Өйткені олар А...-дан өзге шайтандарды дос тұтты да, олар өздерін тура жолдамыз деп есептеді. (30)"

А... тағала ғибадат ету тәсілдері мен әділдік өзегінде тіршілік етуді баяндаған аяттардан соң: "Адамдардың бір тобы осы илаһи өсиеттерді қабылдап, тура жолға түседі. Бірақ өзге бір тобы А...-ның бұйрығына бағынбай, шайтандарға ілескендіктен, өздерін тура жолдамыз және бақытқа жеттік деп ойласа да адасуға лайық болады". Адамға төнетін қауіптердің бірі – бекер ойлар болып табылады. Мысалы, адам шұңқырда тұрып, өзін тура жолдамын деп санап, немесе жарғабаққа қарай жүріп, бақыттың жолындамын деп ойлағандай. Шайтанның айла-шарғыларының бірі осындай болады. Ол алдымен жалғанды адамға шындық деп көрсетіп, сонан соң соған қарай шақырып азғырады. Құран басқа аяттарда мұндай кісілерді – зиян шеккен адамдар деп атап: "Олар өздерінің жаман істерін жақсы деп ойлайды. Олардың амалдары осы дүниеде зая болып, ол дүниеге құр қол барады",-дейді.Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, тура жолға салу А...-ның ісі. Бірақ жолды дұрыс таңдамауымыздың себебінен адасуға өзіміз кінәліміз.

Екіншіден, А...-дан үміт үзу шайтанның тозағына түсіп, оның ықпалына түсуге себеп болады. Шайтанның алдауына түскен адам А...-ның достары қатарында болудың орнына, шайтанның қатарына қосылады.

Үшіншіден, тура жолдамыз деп ойлап, бірақ адасқан кісілерден болмайық.