Жел 24, 2016 19:09 Asia/Almaty

Әғраф сүресі, 217-ші бөлім, 20-23 аяттар

"Әғраф" сүресінің 20-21 аяттары:

"Бірақ шайтан ол екеуінің  жабық әбиірін ашу (ұятқа қалдыру) үшін, оларды азғырып былай деді: "Раббыларыңның сендерді бұл ағаштың жемісін жеулеріңе тыйым салуы – екеуің періште болып кетпесін немесе осында мәңгі тұрып қалмасын дегені ғой" (20) Сонымен оларға: "Мен екеуіңе шынымен ақыл айтып тұрмын",-деп ант су ішті. (21)"

Өткен бағдарламада айтқанымыздай, шайтан А...-ның алдынан қуылған соң, ол бұл іс үшін Адамнан кек алуға ант ішеді. Өйткені ша        йтанның А...-ның алдынан қуылуына себеп болған ол еді. Бұл аятта шайтанның тұңғыш азғыруына сілтеме жасап, былай дейді: "А... тағала Адам ата мен Хауа анаға бір ағаштың жемсін жеуге тыйым салғанымен, шайтан оларға басқа кейіпте көрініп: "А... тағала сендерді осы ағаштан тыйды, бірақ егер оның жемісін жесеңдер, періштелер секілді мәңгі өмірге жетесіңдер",-деді. Сол уақытқа дейін біреуден өтірік естімеген және бұл жөнінде тәжірибесі болмаған Адам ата мен Хауа ана, шайтанның алдауына түсіп, А...-ның нұсқауын ұмытады. Әрине шайтанның негізгі мақсаты, олардын одан әрі күнәға батыру үшін олардың ар-ұятын кетіріп, әураттарын ашу еді". Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, шайтан ешкімді мәжбүр ете алмайды. Ол тек азғырады. Таңдайтын біздің өзіміз.

Екіншіден, шайтан жамылғыны ашып, жалаңаш болғанды көздейді. Сондықтан жамылғының жойылуынан сақ болайық.

Үшіншіден, шайтан адамды қол жетпес армандар арқылы алдайды.

Төртіншіден, ант ішкен әркімге сенуге болмайды. Өйткені шайтандар да ант ішеді.

"Әғраф" сүресінің 22-ші аяты:

"Осылайша алдап ол екеуін (мәртебе жақтан) түсірді. Ағаш жемісін жеген шақта ол екеуінің әураттары (абыройлары) ашылып қалды. Олар жәннаттағы ағаш жапырақтарымен әураттарын жапқан болды, Раббылары екеуіне:       "Мен сендерді сол ағаштан тыймап па едім? Шайтан екеуіңнің көпе-көрнеу дұшпандарың демеп пе едім",-деп дауыстады. (22)"

Не болса да, шайтан өзінің жоспарын іске асырды. Адам мен Хауа ағаштың жемісін жемей тұрып жалаңаш қалғандарын түсініп, ағаштардың жапырағын теріп, онымен жамылуға тырысты. Сол сәтте: "А...-ның бұйрығын ұмытып, шайтанның алдауына неге түстіңдер? Шайтанның сендерден кек алғалы жүргенін білмейсіңдер ме? Шайтан сендерге дұшпан екенін және дұшпандығын жасырмайтынын білмейсіңдер ме?",-деген Раббыларының дауысын естіді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, шайтанның азғыру қаупі ер мен әйелге бірдей төніп тұрады. Күнәда жынысқа қарамайды.

Екіншіден, жалаңаш болу – кемелдік пен өркениеттің белгісі емес, қайта илаһи жазаның бір түрі. Илаһи нұсқауларға мән бермей, кейбір харам азықтарды жеу жалаңаш қалып, ұяттың жойылуына әкеп соғады.

Үшіншіден, жамылу табиғи нәрсе болып табылады. Барлық адамдар жас кезінен-ақ қарапайым киіммен болса да әуратын жауып жүреді.

Төртіншіден, нағыз дұшпанынызды біліп, одан ғапыл болмайық. Өйткені дұшпанның алдында ғапыл емес, үнемі дайын болу керек.

"Әғраф" сүресінің 23-ші аяты:

"Олар: О, Раббымыз! Өзімізді өзіміз кесірге жолықтырдық. Өзің кешірім етіп есіркемесең, сөзсіз зиян тартып құрығанымыз",-деді. (23)"

Адам мен оның жұбайы шайтанның алдауына түсіп қалғанымен, олар тез арада қателіктерін түсініп, өкініп, А...-ға жалбарынып: "Уа, Раббымыз! Біз өзімізге зұлымдық жасадық, бізді кешіргейсің!",-дейді. Шайтан мен адам екеуі де бұйрықты орындамады. Алайда шайтан кешірім сұрап, тәубе қылудың орнына, бағынбаушылығын ақтамақ болды. Ол тіпті А... тағаланың әділдігі мен хикметіне наразылық білдірді. Бірақ Адам мен Хауа өз қателіктерін түсініп, оның есесін толтыруға ниет білдірді. Сондықтан А... тағала шайтанды өзінің алдынан қуып, оны мәңгі лағынет етіп, Адам мен Хауаны кешіріп, оларды рақымдылығына бөледі. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, А...-ға бағынбау Оған емес, өзімізге зұлымдық жасау болып саналады. Біздің күнәміз А...-ға зиян тигізбейді, қайта өзімізді құртады.

Екіншіден, Адам мен Хауа бірге күнә жасағандықтан, бірге кешірім сұрап, тәубе қылды. Күнә жасауда немесе оған тәубе қылуда әйел мен ердің арасында айырмашылық жоқ. Негізінде кемелдікке жету немесе ахлақтық азғындыққа түсуде жыныс ешқандай рөл атқармайды.

Үшіншіден, біз тек А...-ның алдында ғана күнәмізді мойындауға құқылымыз. Күнәні мойындау тәубе қылудың кіріспесі.

Төртіншіден, күнә адамның зиян шегуіне себеп болады. Сондықтан тек тәубе ету арқылы ғана зиянның жалғасуына кедергі жасауға болады.