Әғраф сүресі, 215-ші бөлім, 11-15 аяттар
Әғраф сүресі, 215-ші бөлім, 11-15 аяттар
"Әғраф" сүресінің 11-12 аяттары:
"Шыныда сендерді жараттық, онан соң (адамдық) бейнеге кіргіздік, онан соң періштелерге: "Адамға сәжде қылыңдар!",-дедік. Ібілістен басқасы түгел сәжде қылды, жалғыз Ібіліс қана сәжде қылмады. (11) А... (Ібіліске): "Сені сәжде қылуға бұйырғанымда неге сәжде қылмадың?",-деді. Ібіліс: "Мен одан артықпын, мені оттан, оны балшықтан жараттың ғой",-деді. (12)"
Өткен бағдарламада А... тағаланың жер бетіндегі нығметтері мен оны адамдар өмір сүру үшін пайдаланатындығына тоқталғанбыз. Бұл аяттар адамның жаңа жаратылған кездегі дәрежесіне меңзеп былай дейді: "Адамға жер бетіндегі барлық нәрсе бағындырылумен қоса, аспан тұрғындары мен періштелер де оның алдында бас иеді. Адамның қадір-қасиет жоғары болғандығы соншама, А... тағала өзінің періштелеріне адамға сәжде қылуды бұйырады. Сол кезде періштелер санатына кірмейтін, бірақ солардың қатарында болған Ібліс қана осы бұйырққа бағынбады". Құранның басқа аяттарынан түсінгеніміздей, Ібліс жындардың санатынан болған. Бірақ тым көп ғибадат еткендігі себепті, періштелердің қатарына өткендіктен, А... оны періште деп шақырады. Ібліс осы бағынбаушылығы үшін өкініп, кешірім сұрамақ түгілі, өзінің әрекетін ақтамақ болып: "Мен оттан, ал Адам балшықтан жаратылды. От балшықтан артық",-дейді. А... тағаланың Адамға сәжде қылу жөніндегі бұйрығы, Ібліс әлгіндей уәж айтатындай оның жаратылған заты үшін емес, қайта оның қадір-қасиеті мен илаһи рухтың үрленуі себепті болды. Негізінде, А... тағала "Адамға сәжде қылыңдар" деген анық бұйрық беріп тұрғанда қандай сылтау мен дәлел керек? Мұндайда Ібліс: "Мен құдайдан артық түсінем. Құдай маған "сәжде қыл" деген бұйрық берумен қателеседі" деп айтқысы келетін сияқты. Өкінішке орай біз де илаһи бұйрықтар мен нұсқауларға тап болғанда, өзіміздің ақылымыз бойынша оны қабылдағымыз немесе қабылдамағымыз келеді. Алайда біз шариғат үкімдерінің көбінің хикметін түсіне алмаймыз. Ендеше пенде болғандықтан бағынуға тиістіміз. Бұл аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, адамның, оған періштелер сәжде ететіндей дәрежелерге жете алатындай қабілеттері бар.
Екіншіден, барлық періштелер А...-ның әмірімен Адамға сәжде қылғанда, адам қалайша А...-ға сәжде қылып, оған бағынбасын?
Үшіншіден, адамның жасы мен тәжірибесі тәрізді оның заты мен ұлты артықшылыққа себеп болмайды. Сондықтан өлшем - А...-ның бұйрықтарына бағыну болып табылады.
Төртіншіден, неліктен адамға сәжде қылу мен оған құрмет көрсетуге дәті бармаған шайтанға бағынайық?
"Әғраф" сүресінің 13-ші аяты:
""Сен бұл жерден (жәннаттан) түсіп кет, мұнда өр көкіректік істеуіңе болмайды. Қараңды батыр сен анық қор болушысың",-деді. (13)"
Бұл аят шайтанның бағынбауының негізгі себебі, яғни тәкәппарлық пен менменшілдікке меңзеп былай дейді: "Шайтан А...-ға көп жылдар бойы ғибадат етіп қол жеткізген дәрежесінен бір бағынбаушылықпен айрылды. А... тағала оны періштелер қатарынан шығарып жіберіп: "Осы менменшілдігіңнің салдарынан қорлық көресің",-дейді". Исламның ардақты пайғамбары хазірет Мұхаммед (с) айтқандай: "Кімде-кім А...-ға бойсұнып, кішіпейіл болса, А... оның дәрежесін көтереді. Ал кімде-кім тәкәппарлық пен менменшілдік етсе, А...-дан қорлық көріп, қияметте мәһшар тұрғындарының аяғына тапталады". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, жалғыз білім мен ғибадат құтқармайды, А...-ға бойсұну қажет. Шайтан А...-ны танып, ғибадат етсе де, бірақ Оның бұйрығын бұлжытпай орындаудан бас тартты.
Екіншіден, тәкәппарлық адамның жақсылықтарының жойылуына себеп болып, оны құрдымға қарай итереді.
"Әғраф" сүресінің 14-15 аяттары:
"(Ібіліс): "Адамзат қайта тірілетін күнге (қиямет күніне) дейін маған (тірі жүруіме) мұрсат бер!",-деді. (14) "Саған мұрсат берілді",-деді А... (15)"
Ібліс А...-ның алдынан қуылған соң, ол А... тағаладан қияметке дейін тірі жүре тұруға мұрсат беруін өтінеді. Оның бұл өтініші қабылданып, А... оған өмір сүруге мұрсат береді. Бұл арада - А... тағала неліктен шайтанға мұрсат берді? деген сұрақ туындайды. Осы сұраққа: "Негізгі жаза мен сауап қияметте беріледі. А... тағала барлық күнәһарларға олардың күнәлары мен қылмыстарына қарамастан мұрсат береді. Яғни әркім зор күнә жасаса, сол мезетте өлтіріліп, жазаланатындай емес",-деп жауап беруге болады. Сонымен қатар адамды сынау жөніндегі илаһи дәстүр бойынша, "еріктің" мән-мағынасы болу үшін жақсылық пен жамандықтың салдары мәңгі бірге жүруі тиіс. Шайтан адамды сынау тетіктерінің бірі. Әрине шайтан ешкімді күнә жасауға мәжбүрлемейді, ол тек азғырады. Адам ешуақытта өзінің еркінен айрылмайды. Осы аятттардан үйренетініміз:
Біріншіден, А... тағала күнәһарларға мұрсат береді. Осы мұрсатты күнәларын көбейтуге емес, қайта тәубе ету үшін пайдаланған кісі қандай бақытты.
Екіншіден, кез-келген ұзақ ғұмырды бағалы деп айта алмаймыз. Өйткені шайтанның да өмірі ұзақ. Сондықтан өмірді дұрыс пайдалану маңызды.
Үшіншіден, Ібліс қиямет күнін білді. Бірақ тәубе қылмағандықтан, А... мен қияметке сенбеген сияқты.