Жел 24, 2016 19:12 Asia/Almaty

Әғраф сүресі, 214-ші бөлім, 6-10 аяттар

"Әғраф" сүресінің 6-7 аяттары:

"Өздеріне елші жіберілген елді жауапқа тартамыз, пайғамбарларды да әрине жауапқа тартамыз. (6) (Қияметкүні олардың ахуалын) Оларға біліктілікпен айтып береміз. Біз олардан алыстаған емеспіз. (7)"

Өткен бағдарламада залымдардың осы дүниеде жазаланатындығы баяндалса, бұл аят: "Негізгі жаза мен сауап қияметпен байланысты. Жақсы да, жаман барлық адамдар және пайғамбарлар да жауапқа тартылады. Әрине А... тағала барлық істі біледі және одан еш нәрсе жасырын емес. Алайда адамдарға дәлелдерді тәмамдап, айыптарын түсіндіру үшін қиямет күнінде әділ сот құрылып, әркім өз істегеніне жауап береді. Рауаяттар бойынша, А... тағала әр адамға берген материалдық және рухани нығметтері жайлы сұрайды. Әркім дене мүшелерінен бастап, өмір мен жастық шағы, табысы, жолдау мен жетекшілік нығметіне дейін өз амалдарына жауап беруі тиіс. Әрине А... тағала адамдардан, оларға берген нығметіне сай сұрайды. Әркімге шамасына қарай сұрақ қойылады. Бұл аяттан сабақ үйренетініміз:

Біріншіден, қияметте барлық адамдар сұраққа тартылады, сондықтан олар өз істеріне жауап берулері тиіс. Сондай-ақ пайғамбарлар мен қоғам жетекшілерінен халықты тура жолға нұсқау міндеттері жайында, ал халықтан олардың нұсқауларын орындағаны немесе орындамағаны жайлы сұралады.

Екіншіден, қияметтегі сауал қылмыстыға өзінің қылмысын мойындату мен жақсылық істеген адамды қадірлеу үшін.

"Әғраф" сүресінің 8-ші аяты:

"Сол күні (пенделердің жақсы-жаман ісінің) таразыға түсері хақ. Кімнің (жақсылық) таразысы ауыр тартса, солар (тозақтан) құтылатындар. (8)"

Қиямет күніндегі әділ соттың төрешісі А... тағала, ал оған қатысушылардың барлығы оның мақұлықтары болғанымен, Ол пендереліне қалай болса солай, дәлел-дәйексіз емес, әділдікпен төрелік етеді. Кейбір исламдық топтардың айтуынша: "А... тағала "құдай" болғандықтан, мейлі зұлымдық істесе де ерікті",-дейді. Дегенмен А... тағала осы аятта: "Мен әділдік пен шындық бойынша және амалдарыңды өлшей отырып төрелік етемін",-дейді. Қияметте адамдардың істерінің ең дұрыс өлшемі пайғамбарлар мен әулиелер сынды кемел адамдар болып табылады. Пенделердің амалдары солармен өлшенеді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, қиямет күні - ақиқат. Сол күнде барлық істер ақиқат бойынша өлшеніп, барлығы ақиқатқа бағынады.

Екіншіден, жақсылық істеу арқылы, таразының салмағын ауырлатпай, бақыт пен құтылуды күту бекер.

"Әғраф" сүресінің 9-шы аяты:

"Кімнің таразысы жеңіл тартса, олар аяттарымызға сенбегендіктен өздерін сорлатқандар болып саналады. (9)"

Осы және одан бұрынғы аят амалдардың сапасымен қатар, санына да баса айтып: "Қияметте ізгі істер таразысының жеңіл болуынан артық зиян жоқ. Өйткені өмір өтіп, оның орны ештеңемен толмады",-дейді. Адамның өмірі егер оны пайдаланбаса еріп, суға айналып, байлыққа зиян келтіретін бір түйір мұз сияқты. Осы аяттан мынаны үйренеміз:

Біріншіден, ізгі істердің аздығы қияметте зиян көруге себеп болады, ал оның жоқтығы одан да зарар болмақ.

Екіншіден, дүние – өмір оның байлығы және ізгі амалдар оның пайдасы болып табылатын базар секілді. Сондықтан ізгі амал жасамау ең үлкен зиянға тең.

"Әғраф" сүресінің 10-шы аяты:

"Шынында сендерді жер жүзіне ірге тептіріп, тұрмыс қажеттеріңді де сонда қойдық. (А...-ның осындай нығметіне) шүкірлік етулерің тым-ақ аз! (10)"

Қияметте амалдарға берілетін жаза немесе сауапты баяндаған соң А... тағала бұл аятта: "Біз дүниеде сендерге түрлі мүмкіндіктер мен нығметтер бердік. Сендер соған сәйкес жауапкерсіңдер. Жер жүзін сендерге бағындырып, оның игілігін көруге мүмкіндік беріп, сендер қолайлы өмір сүрсін дедік. Бірақ өкіншке орай сендерден аз адам ғана, оның өзі болмашы мөлшерде шүкір етеді",-дейді. А...-ның нығметтеріне шүкір ету тек ауызбен "Әлхамдулиллаһ" деумен ғана орындалмайды. Қайта шүкірліктің ең жоғарысы – А...-ның берген нығметтері мен мүмкіндіктерін қолайлы түрде және шариғат пен халал болуына сәйкес пайдалану болып табылады. Мысалы жүзім – А...-ның адамзатқа берген нығметтерінің бірі. Оны дұрыс пайдалану А...-ға шүкіршілікті білдіреді. Бірақ одан шарап жасау, жаратушы А...-ға шүкірсіздіктің бір түрі болып саналады. Адамның қолы мен білегі де, басқаларды мазалап, зиян тигізу үшін емес, қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін берілген. А...-ның берген өзге нығметтері де дәл солай. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, адамдар жердің мүмкіндіктерін тең игеруге құқылы. Ешкімнің біреуден артықшылығы жоқ.

Екіншіден, нығметтер ғапылдық пен ұмытуға немесе бейберекетсіздікке емес, шүкірлікке жағдай жасауы тиіс.