Әнғам сүресі, 212-ші бөлім, 162-165 аяттар
Әнғам сүресі, 212-ші бөлім, 162-165 аяттар
"Әнғам" сүресінің 162-163 аяттары:
""Намазым, ғибадатым, тірлігім, ажалым күллі әлемнің Раббы А... үшін. (162) Оның серігі жоқ. Мен соған (жалғыз А...-ға құлшылық етуге) бұйырылдым. Мен – мұсылмандардың алғашқысымын. (163)"
Өткен бағдарламада оқығанымыздай, Ислам пайғамбары (с) өзін хазірет Ибраһимнің (ғ) дініне ереуші деп санап, илаһи тура жолды ұстанатынын қуаттайды. Осы аяттар тура жолдың ең маңызды ерекшелігін – А...-ның алдындағы ықылас пен оған бойсұну деп атап, пайғамбарға (с) халыққа: "Менің өмірім мен өлімім, ғибадатым мен намазым тек А... үшін. А...-дан басқа ниетім жоқ және Ол үшін ғана қадам жасаймын. Мен, сендер мүшріктердің А...-ға серік қосуларыңнан беземін. А...-ға бойсұнуда адыңғы қатардамын. Мен басқаларды А...-ға бойсұнуға шақырмастан бұрын, өзім оған бойсұнамын және өзгелерді осы жолға шақыруға міндеттімін",-деп айтуды бұйрады. Ислам пайғамбары (с) ғана емес, қайта тарихтағы барлық пайғамбарлар да жаратушыға бойсұнып, А... тағаладан өмірде тек оған ғана бойсұнып, өлерде де бойсұнған күйде болуын тілейтін. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, мүмін адам тек намаз бен ғидабат кезінде ғана А...-ның құлы емес, сондай-ақ өмірдің барлық сәттерінде А...-ға толық бағынып, оның шын пендесі болады.
Екіншіден, өлім мен өмір маңызсыз, қайта А...-ның жолымен жүріп, А... үшін болу маңызды.
"Әнғам" сүресінің 164-ші аяты:
" А... барлық нәрсенің Раббы тұрса, онан өзге тағы бір Раббы іздеймін бе?",-де. Әр адам өз күнәсіна өзі жауапкер, біреудің күнәсін біреу көтермейді. Түбінде Раббыларыңның алдына барасыңдар, сонда сендердің таласқандарыңның ақ-қарасын (А...) айтып береді. (164)"
Бұл аятта пайғамбар (с) мүшріктерден таңданып: "Барлық әлемнің жаратушысы болып табылатын – бір А...-ны қойып, сендердің пұттарыңа неге сиынайын? Сендердің пұттарың істейтін істі ол істей алмай ма? Несіне мені осы жансыз пұттарға шақырып: "Бізге ілес, біз сені қолдаймыз. Егер біздің жолымыз қате болса, сенің күнәңді көтереміз",-дейсіңдер. Әркім өз күнәсіна өзі жауап беретінін білмейсіңдер ме? Адам өз ісінің пайдасы мен зиянын өзі ғана көретінін және басқалардың оған қатысы жоқ екенін білмейсіңдер ме? Күндердің күнінде А...-ның сотында істеген істерің мен сенімдеріңе жауап бертіндеріңді біліңдер!",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, адамдардың күпірлігі мен иманының, жақсылығы мен жамандығының А... тағалаға пайдасы да, зияны да жоқ. Қайта әркімнің жақсы-жаман ісінің нәтижесі өзіне оралады.
Екіншіден, әркім өз ісіне жауапты. Сондықтан жамандығымызды қоғамға, отбасына немесе досымызға жаппайық. Мұның бәрі сылтау.
"Әнғам" сүресінің соңғы 165-ші аяты:
"А... сендерді жердің халифалары етті. Өздеріңе берген игіліктерімен сынау үшін, біріңнен біріңнің дәрежеңді жоғары қылды. Раббың шынында тез есеп алушы әрі кешірімшіл, өте мейірбан. (165)"
"Әнғам" сүресінің соңғы аяты, адамның жер бетіндегі өмірі мен ондағы алуан түрлі нығметтер мен мүмкіндіктерді пайдалануына тоқталып былай дейді: "А... мұның бәрін сендерді сынау үшін берді. Сендерден бұрын да келіп, кеткен адамдар болғанын және сендер олардың ізбасары екендеріңді біліңдер. Сендердің орындарыңа басқалар келеді. Ендеше қазір сендерге берілген осы мұрсатты абзал түрде пайдаланыңдар. А... ешнәрсені себепсіз бермейтінін біліңдер. Қолданған мөлшерде жауап бересіңдер. Барлық адамдар жер бетіндегі мүмкіндіктерді бірдей пайдаланбайды. Осы айырмашылықтың өзі сынау үшін",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, адамдардың нығметтерді әртүрлі пайдалануы, біреулердің біреуден артықшылығының белгісі емес. Қайта сынаудың құралы. Бай мен кедейдің екеуі де сыналады. Бай адам байлығымен сыналса, кедей тапшылықпен сыналады.
Екіншіден, қолдағы барымызды А...-дан деп білейік. Сонда ғана оны А...-ның жолында жұмсауға әзір боламыз.