Әнғам сүресі, 211-ші бөлім, 158-161 аяттар
Әнғам сүресі, 211-ші бөлім, 158-161 аяттар
"Әнғам" сүресінің 158-ші аяты:
"Олар тек (өлім) періштелерінің келуін, Раббыңның өзі немесе Раббыңның кейбір нышандарының келуін ғана күтеді. Раббыңның нышандары келген күні бұрын иман келтірмегендердің немесе иман келтірсе де жақсылық іс істей алмағандардың иманы пайда бермейді. (Оларға): "Күте тұрыңдар, біз де күте тұрайық",-де. (158)"
Өткен бағдарламада Құран - Ислам пайғамбарының (с) негізгі мұғжизасы ретінде таныстырылды. Ислам заңдары мен Ислам мұғжизасының кітабы. Алайда мүшріктер мен кәпірлер ешқандай дәлел-дәйектер келтірместен, немесе Құрандағыдай сүре әкеле алмаса да, өздерінің міншілдігі мен қырсығуы салдарынан оның тақырыптарын қабылдамай, керемет көрсетуді сұрайды. Өздеріне періштелер түсіруді, немесе А...-ның жерге түсуін, аспандық қорқынышты дыбыс пен найзағай тәрізді мұғжизаларды талап етті. Бірақ пайғамбар (с) оларға: "Сендер иман келтіретін адам емессіңдер. Егер бұл істер орындала қалса да, сендер зиян көресіңдер. Өйткені сендер күпірліктерің себебінен А...-ның ауыр азабына душар болып, жойылып кетесіңдер. Қорқыныш пен мәжбүр болудан емес, түсініп, біліп және еркін түрде келтірген иманның қадірі бар. Сендер сұрап отырған белгілердің түсірілуі, ерікті түрде иман келтіруді жоққа шығарады. Сендердің құрып кетулеріңе ғана себеп болмақ. Хазірет Салех (ғ) таудың ішінен аруана шығарып, бірақ қарсыластары А...-ға иман келтірудің орнына аруананы өлтіріп, илаһи азапқа душар болғаны тәрізді",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, қырсық кәпірлер А...-ның мұғжизаларын көрсе де, мойындамайды. Иман келтіру үшін бір мұғжизаның өзі жеткілікті.
Екіншіден, ізгі амалсыз иман мен имансыз амал түкке тұрмайды.
"Әнғам" сүресінің 159-шы аяты:
"Дінде бөлшектеніп, жікке айрылғандармен сенің қатысың жоқ. Олардың ісі А...-ға тән. (А...) олардың істеген істерін өздеріне айтып береді. (159)"
Мүшріктер мен кәпірлердің ғана емес, иман келтірген бірақ ырымдар мен бедғаттарға душар болып, дінді өздерінің ойларынша тәпсірлейтін мүміндер де дінде араздық орнатқандығы үшін А...-ның алдында есеп береді. Олар қияметте өздерінің істеріне жауап береді. Құранның басқа діндерге ерушілерге айтатын сындарының бірі – илаһи кітаптардағы тәлімдердің сөзі мен мағынасына өзгерістер енгізуі болып табылады. Әрине Құранның сөзі мен мағынасы өзгертілмесе де, бірақ аяттар мен рауаяттарды өз ойынан тәпсірлеу жағдайлары болған. Осының салдарынан мұсылмандардың арасында араздық пайда болды. Бұған қатысты адамдар осы зор қылмыстары үшін жауап берулері тиіс. Сондықтан діни ғұламалардың міндеті – дінді әлгіндей бедғаттар мен ырымдардан тазарту болып табылады. Нағыз бірлік сонда ғана орнайды. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, барлық діни нұсқаулар мен тәлімдерге сену керек. Олардың кейбіреуіне сеніп, кейбіреуіне сенбеу дінге сай келмейді.
Екіншіден, мұсылмандар арасындағы араздық Құран мен рауаяттарды бұрыс тәпсірлеудің белгісі. Бұл жағдайды түзету керек.
"Әнғам" сүресінің 160-шы аяты:
"Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады. Бір жаманшылық істеген адамға тек істегеніне ғана лайық жаза беріледі, оларға әділетсіздік істелмейді. (160)"
Илаһи заңдардың адамдардың заңдарынан артықшылығы – тапсырма мен міндеттерді орындағанға сыйлық беру болып табылады. Адамдардың заңдары бойынша, заңға бағынбаған кісіге жаза берілсе, заңды орындаған адамға сыйлық жоқ. Алайда илаһи заңдар бойынша, заңға қарсы шыққан адам жазаланса, орындаған адамға сыйлық бар. Оның өзі жасалған іске тең сыйлық емес, одан он немесе көп есе артық сыйлық беріледі. Бұл А... тағаланың пенделерге деген мейірімділігі мен рақымдылығы. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, Исламның тәрбиелік тәлімдері бойынша ынталандыру жазалау шарасынан көбірек болуы тиіс.
Екіншіден, дүние мен ақыретте адаммен бірге тек жақсы немесе жаман істері ғана жүреді.
"Әнғам" сүресінің 161-ші аяты:
"(Ей, Мұхаммед! мүшріктерге) Айт: "Мені Раббым тура жолға, яғни Ибраһимнің дұрыс дініне бастады. Ибраһим мүшріктерден емес еді",-деп. (161)"
Мүшріктер өздерін Ибраһим дініне ерушіміз деп санап, қажылық рәсімдерін орындауды оның белгісі деп ойлағандықтан, А... тағала осы аятта өзінің елшісіне (с) "Хазірет Ибраһим де олардың іс-әрекеттерінен безеді. Оның ақиқатшыл дінінде мүшріктердің серік қосушы қылықтарын ешқашан болмаған. Хазірет Ибраһимнің діні басқа илаһи діндер тәрізді мықты әрі ақиқатқа негізделген еді. Оған ешқандай серік қосу араласпаған" деп жариялауды бұйырады. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, пайғамбар – илаһи тура жолдың үлгісі. Оның сөздері мен істерін үлгі тұту адамды тура жолға салады.
Екіншіден, бір А...-ға құлшылық етуге шақыратын барлық діндердің негізі бір. Ислам діні – сол Ибраһим діні болып табылады.