Әнғам сүресі, 207-ші бөлім, 141-144 аяттар
Әнғам сүресі, 207-ші бөлім, 141-144 аяттар
"Әнғам" сүресінің 141-ші аяты:
"Ол сондай А... аспалы және аспасыз бақшаларды, құрма ағаштарын, түрлі жемісті, өсімдіктерді, зәйтүн және анарды бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған түрде жаратқан. Әрбірі жеміс берген кезде, жемісінен жеңдер. Оны жиып алған күнде құшырын беріңдер. Ысырап етпеңдер. Күдіксіз А... ысырап етушілерді жақсы көрмейді. (141)"
Өткен бағдарламада айтқанымыздай, Мекке мүшріктері өз малдарының бір бөлігін пұттарға, ал бір бөлігін А...-ға арнайтын. Бұл істе олар ырымдарға душар болған еді. Осы аят: "Кедейлер мен жетімдерге берілуі тиіс А...-ның үлесі тек төрт түлікпен ғана шектелмейді, қайта ауылшаруашылық және бақша өнімдерінің бір бөлігі де А...-ның үлесіне жатады және жинап алынып, оларға берілуі тиіс.
Әлбетте өнімнің барлығын өзіне қалдырып, жоқ-жітіктерге үлес қалдырмайтын кісілерге керісінше, кейбіреулер шектен шығып, кедейлерге өз өнімдерін түгелімен бағыштайтын. Құран шектен шығу болып саналатын бұл іс А... жолындағы садақа болғанымен, одан тыяды. Өйткені Ислам шектен шықпайтын, ортаны үстанушы дін. Ол кедей-кепшіктерге де немқұрайлы отырмайды, адамның өзі мен отбасына да көңіл аудармай қоймайды. "Фұрқан" сүресінің 67-ші аятында айтылғандай: "Олар қаржы жұмсағанда ысрап та қылмайды, сараңдық та істемейді, аралық жол ұстайды". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, бір су мен топырақтан жеміс-жидектер мен өсімдіктердің алуан түрлерінің өсуі, А...-ның жер бетіндегі құдіретінің белгісіне жатады.
Екіншіден, өсімдіктердің өсіп-өнуіне қажет су, топырақ, жарық пен оттегі А...-нікі. Шын мәнінде барлық өнімдер А...-ға тиесілі. Сондықтан оның бір бөлігін А... жолында жұмсайық және сараңдық жасамайық. Өйткені сараңдық шүкірсіздіктің белгісі.
"Әнғам" сүресінің 142-ші аяты:
"Және көлік болатын әрі ұсақ малдарды жаратты. Сендерге А...-ның ризықтандырған нәрсесінен жеңдер, шайтанның ізіне ермеңдер. Өйткені ол сендерге ашық дұшпан. (142)"
Бұл аят та жансыз топырақтан шыққан ағаштар мен өсімдіктер де, онымен қоректенетін үлкен-кішілі жануарлардың барлығын А... тағала жаратқандығын қуаттайды. Сондықтан оның барлығын тек А...-ның рұқсатымен ғана пайдалану керек. Пұттар мен басқалардың бұған ешқандай қатысы да, одан еш үлесі де жоқ. Сендерге жылқы мен түйе сынды ірі жануарларды үйретіп, оған мінгізген және қой мен ешкі тәрізді ұсақ малды етін, жеп, терісін пайдалануға мүмкіндік берген А... . Осы аят жануарларды пайдаланған кезде шектен шықпауды ескертіп: "Жануарлардың бір бөлігін пайдаланбай қоя беріп, оның етін жеуге болмайды деп есептеген мүшріктер сияқты болмаңдар. Сондай-ақ А...-ның заңдарына бағынбай, халалы мен харамын сақтамайтын және тіпті харам хайуандарды жеуге болады деп санайтын кісілер секілді болмаңдар. Халал жануардың етінен жеп, харам жануарларға жоламаңдар. Шайтан харамды пайдалануға азғырады",-дейді. осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, бүгінде кейбір адамдар таратып жүрген вегетариандық тамақтануды Ислам қолдамайды.
Екіншіден, тағамдарымызда абай болайық, өйткені хазірет Адамды (ғ) азғыруда шайтан осы әдісті қолданған болатын.
"Әнғам" сүресінің 143-144 аяттары:
"(Жәһилият дәуірінде араптар малдардың кейде еркегін, кейде ұрғашысын, кейде іштегі тумасын ойша арам еткен еді.) Ол сегіз түр жаратты. (Еркек, ұрғашы) қойдан екеу, ешкіден екеу. (Мұхаммед с.ғ.с): "А... екі еркегін немесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырларындағылар да қосыла ма? Егер сөздерің шын болса, маған біліп түсіндіріңдер",-де. (143) Және түйеден екеу, сиырдан да екеу. "Екі еркегін, немесе ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырларындағылар да қосыла ма? Немесе А... сендерге осыны нұсқағанда бар ма едіңдер?",-де. Білмесе де адамдарды адастыру үшін А...-ға өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? Күдіксіз А... залым елді тура жолға салмайды. (144)"
Осыдан бұрынғы аятта А... тағала хайуандардың еті мен терісін пайдалануға рұқсат беріп, хайуандарға қатысты кез-келген ырымнан тыйғанын баяндағанбыз. Осы аят жануарлардың атаулары мен оған байланысты мүшріктердің сенімі туралы баяндай келе: "А... тағала сендерге малдың сегіз жұбын жаратқан: қой, ешкі, түйе және сиырдан еркек және ұрғашы етіп жаратқан. Осы малдар жалпы сегіз жұпты құрайды",-дейді. Өткен аяттарда айтылғандай, мүшріктер кейде осы малдардың еркегін, кейде ұрғашысын, ал кейде жатырындағы төлді өздеріне харам деп санайтын болған. Бірақ А... тағала оның барлығын пайдалануға рұқсат берген. Осы аяттың жалғасы былай дейді: "Мұндай ырымдар мен бедғаттар А...-ның дініне жасалған үлкен зұлымдық болып саналады және халықтың адасуына себеп болады. Осындай теріс салттарды жаятындар, осы сорақы ісіне жауап береді". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, А... тағала оның харамдығын баяндамаса, тағамның негізгі оның халал болуында. Тағамның негізі харам болып, оның әрқайсысының халалдығын А...-дан сұрап отыру емес.
Екіншіден, діни ғұламалар дінен ырымдарды жойып, ақиқатты анық баяндаулары тиіс.
Үшіншіден, наным-сенімдер надандыққа емес, білімге негізделуі тиіс.