Әнғам сүресі, 205-ші бөлім, 131-136 аяттар
Әнғам сүресі, 205-ші бөлім, 131-136 аяттар
"Әнғам" сүресінің 131-132 аяттары:
"Сондықтан да Раббың қала халқын (пайғамбар жіберместен) бейғам жатқанда зұлым салып ойрандамайды. (131) (Ақыретте) Әр адамның істеген жақсы не жаман ісіне қарай дәрежесі болады, Раббың олардың істеген ісінен бейхабар емес. (132)"
Естеріңізде болса, өткен бағдарламаның соңында А... тағала жындар мен адамдарға: "Сендерге қияметті ескерту үшін және тура жолға шақырып, қорқыту үшін Мен сендерге пайғамбарлар жібердім",-дейді. Бұл аяттар: "А... тағаланың ескертулері халықты надандық пен хабарсыздықтан шығарып, олардың ақиқатты түсінулері үшін оларға дәлелдерді тәмамдау үшін",-дейді. Өйткені осы ескертулер мен хабарландырусыз А... тағала кәпірлерді азаптайтын болса, оларға зұлымдық еткені. Сондықтан хабарсыз адамдарға ақиқатты жеткізіп, олар қабылдамаған соң, жазалу керек. Бұл А...-ның дәстүрі және оған Құранның басқа да аяттары меңзейді. Мысалы, "Исра" сүресінің 15-аяты: "Біз пайғамбарды жібермейінше, ешкімді азаптамаймыз",-дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, Исламның шындық екенін біле тұра, оны мойындамаған кісілер қияметте тозаққа барады.
Екіншіден, надан және хабарсыз кісілерді айыптап, жазалау зұлымдыққа жатады. Жазалаудан бұрын хабарлау керек.
Үшіншіден, адамның бақытты не бақытсыз болуы өзінің қолында. А...-ның алдындағы орнын оның амалдары белгілейді.
"Әнғам" сүресінің 133-134 аяттары:
"Раббың бай, рақымет иесі. Ол егер қаласа, сендерді жоқ қылып жіберіп, өздеріңді басқа бір қауымның ұрқынан таратқандай, орындарыңа өзі қалаған бір қауымды қояды. (133) Сендерге уағда қылынған (қиямет күні, қайта тірілу сияқты) істер сөзсіз келеді. Сендер одан құтыла алмайсыңдар. (134)"
А... тағаланың өз пенделеріне зұлымдық істемейтіндігі туралы өткен аяттардан кейін бұл аят: "А... тағаланың өз құлдарына зұлымдық етудің дәлелі жоқ. Өйткені зұлымдық мұқтаждықтан немесе қатыгездік пен рақымсыздықтан туындайды. А... тағала һәм мұқтаж емес, һәм мейірімді әрі рақымды",-дейді. Әрине күнәһарлар А...-ның рақымдылығын кері пайдаланып: "А...-ның қолы дүниеде де, ақыретте де ашық. Сондықтан А...-ның бізбен шаруасы жоқ",-демесін. Өйткені егер ол қаласа дүниеде сендердің көздеріңді жойып, орындарыңа басқа адамдарды әкелер еді. Қияметте ешкім илаһи жазадан құтыла алмайды, немесе оған қарсы тұра алмайды. Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, А... тағала біздің болмысымызға мұқтаж болмағаны тәрізді, ғибадатымызға да зәру емес. Ол қаласа бізді алып кетеді.
Екіншіден, А...-ның рақымдылығы аса кең болғанымен, кейбір күнәһарлардың істері оларды осы рақымдылықтың шеңберінен шығарып, А...-ның ашуына ұшыратады.
"Әнғам" сүресінің 135-аяты:
"(Ей, Мұхаммед!) "Ей, қауымым! Сендер шама-шарықтарыңша істеңдер, мен де шамамша істеймін (өз уағызымда берік тұрамын). Ақыретте кімнің марқадам табатынын ұзаққа бармай-ақ білесіңдер. Залымдардың тілегіне жете алмайтыны даусыз",-де. (135)"
Кәпірлер мен жоққа шығарушыларды илаһи жазамен қорқытқан өткен аяттардан кейін, бұл аят пайғамбарға (с): "Оларға: "Қолдарынан келетін істерін істесін, мен де А...-ның бұйрығын орындаймын. Бірақ жақын арада менің бе, сендердің бе кімнің ісі нәтиже беретінін көреміз? Залымдар ешқашан жеңіске жетпейтінін біліңдер",-деп айт",-деп бұйырады. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, сәттіліктің өлшемі істің нәтижесі болып табылады. Жайбарақат өмір мен сауықтардың соңы бақытсыздыққа ұласқаны қаншама.
Екіншіден, көп болғанына қарамастан халықтың А...-ның жолынан теріс бұрылуы, біздің міндетімізді өзгертпейді. Біз міндетімізді орындап, жалғанға батылдықпен қарсы тұрып, өзіміздің дұрыс жолымызды жариялауға тиіспіз.
"Әнғам" сүресінің 136-шы аяты:
"(Мүшріктер) А... жаратқан егін мен малдан А... үшін бір үлес, (пұттар үшін бір үлес) сыбаға бөліп, өздерінше: "Мынау – А...-нікі, мынау - серігіміздікі",-деді. (Оларша пұттарының үлес-несібесінен А...-ға беруге болмайды, ал, А...-ның үлес-несібесінен пұттарына беруге болады-мыс. Олардың қарары неткен жаман! (136)"
Бұл аят Мекке мүшріктерінің тағы бір бұрыс сеніміне меңзеп, былай дейді: "Олар егіндері мен малдарынан бір үлесін А...-ға және бір үлесін пұттарға арнайтын",-дейді. Тарихта жазылғандай, А...-ның үлесін кедей-кепшіктер мен қонақтарға беріп, пұттардың үлесін олардың қызметкерлеріне немесе құрбандық рәсімдеріне жұмсайтын. Бірақ әрқашан пұттардың үлесі кем болса, А...-ның үлесінен алатын. Бірақ керісінше істемейтін. Осылайша егер бір оқиғаның салдарынан пұттарға арналған үлеске нұқсан тисе: "А... оған мұқтаж емес, пұттар көбірек зәру",-дейтін болған. Аяттың соңы осы теріс ырымды айыптап, қысқа бір сөйлеммен: "Олар нендей жаман үкім береді. Ортақ қосумен қатар, тіпті А...-ны пұттардан төмен санайды. Ал А... тағала барлығына қожа және әр нәрсені еншілеу оған ғана тән. Сонда олар оған үлес бөліп, өз ойларынша оны кемітеді, не көбейтеді",-дейді. Әрине олардың істері қаншалықты ырымшыл болғанымен, бір мәселе айқын. Ол мүшріктердің егіндер мен малдардың бір бөлігі А...-ға тиесілі екендігін қабылдауы. Илаһи діндер мұны - зекет деп атайды. Яғни мүшріктердің сенімінің түп-тамыры бір илаһи дін болған. Бірақ ұзақ уақыт өте келе ырымдарға душар болып, оған пұттардың үлесі де қосылған. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, егінді өсіруші адам емес, А... . Егінші тек тұқымды топырақ астына көмеді, ал оның өсіп-өнуіне жағдай жасайтын А... .
Екіншіден, пайғамбарлардың ең маңызды міндеттерінің бірі - ырымдармен күресу болған.