Әнғам сүресі, 204-ші бөлім, 126-130 аяттар
Әнғам сүресі, 204-ші бөлім, 126-130 аяттар
"Әнғам" сүресінің 126-127 аяттары:
"Міне бұл (Ислам) – Раббыңның дұрыс жолы. Ғибрат алар қауым үшін аяттарымызды осылайша анықтап баяндадық. (126) А...-ның дәргаһында оларға дәруссалам (бейбіт тұрақ) бар. Олардың істеген (ізгі) істеріне қарай, А... оларға медеткер. (127)"
Өткен бағдарламада мүміндер мен кәпірлердің илаһи аяттар мен белгілерге қатысты мінезі туралы аяттарды талқылаған кезде, соңғы аят: "Исламды қабылдау үшін адамның жаны мен рухы таза болу керек",-деген болатын. Осы аят: "Исламның нұсқаулары - А... тағаланың адамды кемелдік пен бақытқа жеткізу үшін қойған тура жолы",-дейді. Кімде-кім сенім мен амалда Исламды қабылдаса, өзін тура жол арқылы мақсатқа жақындатқаны. Әрине дүниеде А...-ның тура жолымен жүрген адам, қияметте де кез-келген қауіп-қатер мен азаптан аман болады. Ол, осы аятта "амандық пен саулық орны" деп аталған илаһи пейішке орналасады. Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, тура жол – тек А... тағаланың жолы. А...-дан басқаның жолы – адастыратын қисық жол.
Екіншіден, тура жолдан адаспау үшін үнемі қырағы және абай болу керек. Өйткені адам бір мезет ғапыл болып қалса, тура жолдан тайып кетуі мүмкін.
Екіншіден, пейіште ешқандай өлім, ауру, кедейлік пен қиыншылық немесе қатігездік, қызғаныш, өкініш пен айыптау жоқ.
"Әнғам" сүресінің 128-129 аяттары:
"Оларды (адамдар мен жындарды) тұтас жиған күні: "Ей, жындар тобыры! Сендер талай адамды аздырдыңдар",-(делінеді). Сонда жындардың адамнан болған достары: "Раббымыз! Біз бірімізді біріміз пайдаландық, енді сен қарарластырған уақытқа (қиямет күніне) жеттік",-дейді. (А...) Оларға: "Сендердің барар орындарың – тозақ, онда мәңгі қаласыңдар. Егер А... қаласа оның жөні басқа",-дейді. Раббың даусыз хикмет иесі, бәрін білуші. (128) Осылайша залымдарды қылмыстары себепті бірін-біріне тізгіндетеміз. (129)"
Құран осы аяттарда тағы да адасқандардың жағдайына тоқталып, олардың қияметтегі ахуалын баяндай келе алдымен: "Адасқандардың көшбасшысы - шайтан да, көп адамдардан тұратын оған ерушілер де жауапқа тартылады. Бірақ өкінішке орай қайта оралуға да, істеген істердің есесін толтыруға да мүмкіндік жоқ",-дейді. Бұл аяттағы "жындар тобы" дегеніміз – шайтан және өздерінің азғыруымен адамды күнәға бастайтындар тобы. Алайда дүниедегі жайбарақат өмір аяқталады. Ақылды адам мәңгілік пейішті ләззаттарға толы пәни дүниеге сатпайды. Сондықтан аяттың жалғасы былай дейді: "Дүниеде күнәнің соңында жүрген сендер, бүгін өз қолдарыңмен от тұтаттыңдар. А... қаламаса және кешірмесе, бұл от сендерді жалмап алады. Одан құтыла алмайсыңдар. А... тағала себепсіз ештеңе істемейді. Өйткені ол аса дана және хикмет иесі. Оның жазасы да, кешірімі де есептеулі". Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, қияметте шайтанға ергендерді онымен қатар тұрғызу үшін адам мен шайтан бірге тірілтіліп, жаупақа тартылады.
Екіншіден, істеріміздің салдарына ой жүгіртейік. Қияметте бізге шапағат бере алатын жетекшінің соңында болайық.
Үшіншіден, барлық адасқандардың жазасы бірдей емес. Тозақтың отында болу А...-ның білімі мен хикметіне байланысты.
Төртіншіден, өмірде шайтанға еру залымдардың қоғамда үстемдік жүргізуіне жағдай жасайды.
"Әнғам" сүресінің 130-шы аяты:
""Ей, жындар және адамдар тобы! Өз іштеріңнен сендерге менің аяттарымды баяндайтын, осы күнге (қиямет күніне) тап болатындықтарыңды ескертетін елшілер келмеп пе еді?" (дегенде), олар: "Күнәмізді мойындадық",-дейді. Оларды дүние тіршілігі алдаған, олар өздерінің расында кәпір болғандығын мойындайды. (130)"
Бұл аят өткен аяттарды жалғастыра келе: "А... тағала қияметте кәпірлерді жазалаудан бұрын, оларға ақиқатты түсіне тұра қабылдамағандығын, тура жолға түсудің мүмкіндіктерін көре тұра адасқандарын, қияметтің атын ести тұра, одан ғапыл болатындай дүниенің қызығына батқандарын мойындатады",-дейді. Олар дүниедегі осы істері салдарынан А...-ның нығметтеріне күпірлік танытқан еді. Ақырында қияметте олар тозаққа түседі. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, жындар мен адамдардың да міндеттері бар. Оларға өздерінің санатынан пайғамбарлар жіберілген.
Екіншіден, қиямет – жасыратын және жоққа шығаратын орын емес. Қиямет күні қылмыскер де өзіне қарсы сөз сөйлейді.
Үшіншіден, пайғамбарлардың дінге шақыруын теріске шығарып, күпірлік танытудың маңызды факторы – адамдардың дүниеқұмарлығы.