Әнғам сүресі, 203-ші бөлім, 123-125 аяттар
Әнғам сүресі, 203-ші бөлім, 123-125 аяттар
"Әнғам" сүресінің 123-ші аяты:
"Айла-шарғы істете тұрсын деп, әрбір кент шонжарларын бас күнәһар еттік. Олардың айла-шарғылары өздеріне тиетіндігін олар сезбейді. (123)"
Осыдан бұрынғы аяттарда айтқанымыздай, кейбір Мекке ақсақалдары, соның ішінде Әбу-Жахл мұсылмандардың ықпалына жол бермеу үшін үнемі Ислам пайғамбары (с) мен оның серіктеріне қарсы қастандықтар жасайтын. Осы аят пайғамбар (с) мен мүміндерге қарап: "Әбу-Жаһлдердің болуы жаңа мәселе емес. Өйткені тарихта пайғамбарлардың ақиқатқа шақыру ісіне қарсы шығып, қастандық жасаған топтар болған",-дейді. Адамдардың кез-келген жақсы не жаман ісі А...-ның құдіреті аясында. А...-ның құдіретінсіз бірде-бір іс орындалмайды. Сондықтан бұл аят, ақиқатқа қарсы шыққан бұзақылар "А... тағала олардың көзін жоюға дәрменсіз" немесе "олар А... тағаланың құдіретін тыс",- деп ойламасын. Бірақ олар сонда да А...-ның берген және кез-келген уақытта оны олардан тартып ала алатын сол ақылдарымен астыртын әрекеттер жоспарлайды. Дегенмен А... тағаланың дәстүрі бойынша бұл дүниеде адам өз еркімен амал етеді. Сондықтан А... олардың таңдаған жолында оларға жәрдемдеседі. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, қоғамдағы азғындықтың тамыры – азғын басшылар мен азғын ой-пікірлік және экономикалық жүйе болып табылады.
Екіншіден, пайғамбарлар қарсыластарының қисыны шындық пен адалдық және пәктік емес, қайта қулық-сұмдық пен екіжүзділік.
Үшіншіден, құдық қазушы үнемі құдықтың түбінде тұрады. Яғни қулық-сұмдықтың салдары ең алдымен қудың өзіне оралады.
"Әнғам" сүресінің 124-ші аяты:
"Оларға (Мұхаммедтің пайғамбарлығын растайтын) бірер аят келген кезде (олар): "Бізге (басқа) пайғамбарларға берілгендей (уахи) келмейінше әсте сенбейміз",-дейді. А... пайғамбарлықты қалай орналастыратынын өзі біледі. Бұл күнәһарлар істеген айла-шарғыларының себебінен А...-ның алдында қорлыққа және қатты азапқа душар болады. (124)"
Ислам пайғамбары (с) қарсыластарының түрлі айла-қулықтарын баяндаған аяттардан кейін осы аят былай дейді: "Мекке мүшріктері жетекшілерінің пайғамбарға (с) айтқан сылтауларының бірі "А... тарапынан бізді тура жолға салу үшін пайғамбарлыққа келдім дейтін мына кісіден біздің мал-мүлкіміз бен мансабымыз және атақ-даңқымыз әлдеқайда көбірек. Ендеше, егер А... тарапынан таңдалатын болса, ол емес, мына біз болуға тиіспіз. Тым болмаса оған А...-дан аян түскеніндей, бізге де түсірілер еді. Олай болмаған соң, біз оған ешқашан иман келтірмейміз де, оны растамаймыз",-деу болды". Құран осындай сылтауларға жауабында: "А... тағала осы зор илаһи жауапкершілікке кімнің лайықты екенін әркімнен жақсырақ біледі. Сонымен қатар мал-мүлік пен мансап лайық болудың белгісі емес. Халықты тура жолға бастау өзге ерекшеліктерді талап етеді. Дүниеқұмар және мансапқұмарларда мұндай ерекшеліктер жоқ",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, пайғамбарлардың дінге шақыруын жоққа шығарудың маңызды тамырларының бірі – өзін-өзі артық санау мен атаққұмарлық. Бұл, ақиқат пен ақиқат жолындағы тұлғалар алдында үстемшілдік танытуға себеп болады.
Екіншіден, А... тағала басқаларға ғибрат болу үшін үстемшілдерге осы дүниеде қорлық көрсетеді.
"Әнғам" сүресінің 125-ші аяты:
"А... кімді дұрыс жолға салғысы келсе, оның көкірегін Ислам үшін кеңітеді. А... кімді адастырғысы келсе, оның көкірегін тарылтып қояды, (иман келтіру) ондайларға аспанға шығудан да қиын. Иман келтірмегендерді А... өстіп азаптайды. (125)"
Бұл аят өткен аяттарды қортындылай келе былай дейді: "Күпірлік пен иманның салдары адамдардың рухы мен жүрегіне оралады. Күпірлік пен иман тек бірқатар сыртқы іс-әрекеттер ғана емес. Иман дегеніміз ақиқатты жүрекпен қабылдап, А...-ның нұсқауларына шын жүрекпен бойсұну болып табылады. Ал күпірлік болса, жүректе ақиқатты теріске шығарып, Хақ тағаланың алдында қасарсып, ерегісу. Сондықтанда Құран: "Жаны мен рухы таза кісі илаһи жолдауды қабылдайды. Егер жан таза болса, ақиқатты қабылдайды. Бірақ егер адамның рухы ауруға шалдыққан болса, науқас дене сияқты таза тағамдарды қабылдағысы келмейді",-дейді. Бір ақын айтқандай "бақшада лала гүлін, ал шөл далада тікен өсірген жаңбырдың болмысында не кемшілік бар?". Бұл аят сондай-ақ мынадай бір маңызды жайтқа сілтеме жасап, былай дейді: "Ақиқатты қабылдағысы келмейтін адам, аспанға көтерілгісі келетін, бірақ жоғары көтерілген сайын оттегінің тапшылығынан кеудесі тарылып, дем ала алмай қиналатын кісі сияқты",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, ақиқатты қабылдау үшін ішкі қабілетке ие болу керек. Бірақ қабылдағаннан кейін бұл қабілет біртіндеп ұлғая түседі. Бұл А...-ның мүміндерге берген нығметі.
Екіншіден, адасқан адамдар өздерін жайбарақат және молшылықта сезінгенімен, шын мәнінде көптеген қиыншылықтарға душар болады.