Жел 24, 2016 19:34 Asia/Almaty

Әнғам сүресі, 202-ші бөлім, 120-122 аяттар

"Әнғам" сүресінің 120-шы аяты:

"Жәрия және жасырын күнәларды тастаңдар. Шынында күнәға батқандар өз қылмысымен жазаға тартылады. (120)"

Бұл аят А...-ға және пайғамбарға (с) иман келтіргендерді мейлі ол көрнеу, не оңашада жасалатын көмескі күнә болсын кез-келген күнәдан тияды. Бұған қоса әр күнәнің көзге көрінетін сыртқы көрінісі мен адамның рухы мен ағзасына күйретуші әсер тигізетін оның ішкі бейнесі болады. Күнә - дәмді етіп жасалған, бірақ адамның денесін ауруға шалдықтыратын улы тамақтай. Харам тамақтарды жеген адам ләззәттануы мүмкін, бірақ ол адамның жүрегіне оны тастай қатаң қылатындай әсер етеді. Аяттың жалғасы: "Дүние мен ақиреттегі илаһи жазалар - адамның істерінің нәтижесі. А... ешкімді себепсіз жазаламайды",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, Ислам һәм сыртқы, һәм ішкі тазалыққа көңіл бөледі. Сондықтан күнәдан да аулақ ұстанып, халыққа күдіктену секілді ішкі күнәларға да жол бермеу керек.

Екіншіден, шайтан адамды күнә жасауға азғырғанымен, одан еркін алмайды. Әркім күнәға өз еркімен барады.

"Әнғам" сүресінің 121-ші аяты:

"А...-ның аты айтылмай бауыздалған хайуандарды жемеңдер, оны жеу әлбетте күнә болады. Шайтандар өз достарын сендермен айтысуға айтақтады. Егер оларға бойсұнсаңдар, нағыз мүшрік боласыңдар. (121)"

Илаһи діндер адамзаттың дүние мен ақыреттегі бақыты үшін берілгендіктен, ондағы нұсқаулардың бір бөлігі дүние істеріне, соның ішінде азық-түлік пен киім-кешектерге қатысты. Ислам тағам мәселесіне ерекше көңіл бөледі және табиғаттағы илаһи нығметтерді игеруге тапсырумен қоса, оның аз ғана бөлігінен тыяды. А...-ның білімі мен хикметіне назар аудара, соның өзі адамның тәніне немесе жанына зиянды болып табылады. Харам етілген нәрселердің бірі - өлген хайуанның еті. Кейбір арабтар бұл үкімге көңілдері толмай: "Өзі өлген хайуан мен біз бауыздағанның арасында қандай айырмашылық бар? Бұған қоса, өлген хайуан – А...-ның өлтіргені. Сондықтан А...-ның өлтіргені адам өлтіргеннен жақсы емес пе?",-дейтін. Мұндай сөздер шайтанның азғыруынан басқа ештеңе емес. Өйткені, хайуан өзінен-өзі ауру-сырқаттың кесірінен өлетін болғандықтан, мұндай хайуанның еті адамға зиянды болады. Алайда хайуан бауыздалған кезде, денесі мен тамырларынан қан шығып, еті тазарақ болады. Бұл арадағы маңызды мәселе, хайуанды бауыздар кезде А...-ның атын айту мүмін тағамының бағыт-бағдарлы болуының белгісі. Намаз қыблаға қарап және А...-ның атымен оқылатын тәрізді. Сол сияқты еті мүміннің азығы болатын хайуан қыблаға қаратылып, А...-ның атымен бауыздалуы тиіс. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, тамақтануда да діни міндеттемелерімізді орындауға тиіспіз. Мүміннің азығы да илаһи бағытта болуы керек.

Екіншіден, арам нәрселерді жеуге бағытталған шайтанның азғырулары, мұндай тағамның адамның рухы мен жанына кері әсер етуінің белгісі.

Үшіншіден, сөз бен ой-пікірде де мүшріктерге еру серік қосу мен иманнан алшақтауға себеп болады.

"Әнғам" сүресінің 122-ші аяты:

"Әсілінде өлген, бірақ біз (иманмен жүрегін) тірілтіп, оның адамдар арасында дұрыс жүруіне жарық берген бір адам мен қараңғылықта (күпірлікте) қалып, одан шыға алмаған адам ұқсас па? Кәпірлерге өздерінің істеген ісі, әне сондай ұнамды етіп көрсетілді. (122)"

Тарихи рауаяттарда келтірілгендей, Ислам пайғамбарының қадірлі немере ағасы хазірет Хамза пайғамбарға (с) иман келтіріп, пайғамбарды мазалаған Әбу-Жахл сияқты кісіге қарсы тұрған кезде, осы аят түсіп, оның мәртебесін дәріптейді. Сондай-ақ пайғамбардың (с) Әбу-Ләһаб есімді өзге бір немере ағасы болған. Оған байланысты бір сүре түсіріліп, пайғамбарды (с) жоққа шығарып, қырсығып оған маза бермегендіктен, ол туралы қатаң сөздер қолданылды. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, серік қосу мен күпірлік адамды өлімге жетелейді. Ал иман өмірге себепші болып, адамды бақытқа жетелейді. Сондықтан нағыз өмір мен өлім - иман мен күпірлік болып табылады.

Екіншіден, иман нұрды, ал күпірлік қараңғылықты әкеледі. Мүмін адам ешқашан тығырыққа тірелмейді және үнемі илаһи нұрмен қозғалады.

Үшіншіден, кәпірлердің материалдық өмірдегі тартымдылыққа толы істері оларға соншалықты жақсы көрінгендіктен, өздерінің адасып, адамгершіліктен айрылғанын түсіне алмайды.