Әнғам сүресі, 201-ші бөлім, 115-119 аяттар
Әнғам сүресі, 201-ші бөлім, 115-119 аяттар
"Әнғам" сүресінің 115-ші аяты:
"Рабыңның кәләмі (Құран) төтенше шындық, төтенше тура. Оның сөзін өзгерте алатын ешкім жоқ. Ол – бәрін естуші, бәрін біліп тұрушы. (115)"
Соңғы оқылаған аятта Құран түскен кезде Мәдинада бұл кітаптың илаһи екендігін білсе де, түрлі себептермен оны мойындағысы келмеген яһуди мен христиан ғұламалары болғанын айтқанбыз. Осы аят Ислам пайғамбарына (с) былай дейді: "Олардың сенің шындығыңа куәлік етпегеніне ренжіме. Өйткені саған ақиқат пен шындыққа негізделген ең абзал сөздерді түсіргенін А...-ның өзі куәлік етеді. Бұл сөздерде қоғамда әділет пен тәртіп орнату үшін толық илаһи нұсқаулар бар. Ол, оған ерген адамдармен өзгертілген бұрынғы кітаптарға керісінше ешқашан өзгертілмейді және мәңгілік". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, Құранда адамзат үшін А...-ның ең толық сөздері бар. Сондықтан ол ең ақырғы илаһи дін болып табылады.
Екіншіден, Құранның барлық ережелері шындық пен әділетке, ақиқат пен ақиқатты талап етуге негізделген.
"Әнғам" сүресінің 116-шы аяты:
"Егер сен жер бетіндегі адамдардың көбіне (кәпірлерге) ілесе берсең, олар сені А...-ның жолынан тайдырады. Олар тек қана ой-жотаға негізделеді, жалған сөйлейді. (116)"
Өткен аяттан кейін осы аят Ислам пайғамбары (с) мен ол хазіретке ерушілерге былай дейді: "Мінеки сендерге А... тарапынан ақиқат сөзі түскенде, басқалардың сөзі мен пікірлеріне, олардың саны көп болса да ермеңдер. Өйткені халықтың көпшілігі ақыл мен қисын бойынша амал етпей, ырымдар мен бұрыс салт-дәстүрлер бойынша өмір сүретін қоғамда ақиқаттың дәлелі көпшілік бола алмайды". Негізінде пайғамбарлар өз шақыруын бастағанда, қоғамдағы халықтың басым бөлігі оған қарсы шығады. Сондықтан егер ақиқаттың өлшемі көпшілік болса, ешбір пайғамбар пайда болмас еді немесе мүшріктер мен кәпірлерге қарсы ешбір сөз айтпас еді. Дегенмен президентті сайлау тәрізді жағдайда, қоғамның көпшілік дауысына жүгінеміз. Бірақ бұл, оның аталмыш мансапқа шын мәнінде лайық болуының белгісі емес. Өйткені оған дауыс берген адамдардың өзі, кейде дауыстарын қайтарып алуы мүмкін. Немесе депутаттардың бір адамды министр ретінде сайлаған соң, оған импичмент жариялап, қызметінен босатуы тәрізді. Бір пікір мен сенімнің шын немесе жалған болуының өлшемі – халықтың қабылдауы немесе қабылдамауы емес. Барлық адамдар темекі шеккіш болса да, темекі жаман. Барлық адамдар өтірікші болып кетсе де, өтірік айту жаман. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, тура жолмен жүру үшін халықтың көпшілігіне ермей, ақиқат пен Құран жолын ұстану керек.
Екіншіден, ақыл-ой мен сенім мәселесінде көпшілік шындықтың белгісі емес. Біз көпшілікке тек қоғамдық және әлеуметтік мәселелерде ғана жүгінеміз. Сондықтан көпшілік ақиқат жолы емес, шешім табу жолы.
Үшіншіден, әр нәрсені ақиқат пен қисын бойынша қабылдайық. Ақиқаттың орнына күмән мен сезімге ермейік.
"Әнғам" сүресінің 117-ші аяты:
"(Ей, Мұхаммед!) Раббың өзінің жолынан тайғандарды шынында жақсы біледі, түзу жол ұстағандарды да жақсы біледі. (117)"
Көпшіліктің дауысы ақиқат бола алмайтынын айқындаған соң, бұдан былай оған еретіндердің саны аз болса да ақиқатты А...-дан алып, оны ұстанайық. Ақиқат пен жалғанды білу үшін істердің қазіргі және болашақтағы салдарын түсінетін білім мен сана керек. Сондықтан мұндай білім тек А...-ның шексіз білімінен басталады. Сол себептен де А... тағала тура жол мен бұрыс жолды бәрінен де жақсы біледі. Әрине адам баласы да өзінің ақылы бойынша ақиқатты жалғаннан біршама ажырата біледі. Бірақ адамның қателесетін шектеулі білімі қайда, А... тағаланың қателеспейтін шексіз білімі қайда? Сондықтан осы аят бұл мәселені қуаттап: "Сендерден асқан дана және өзінің білімімен жолдайтын А...-ға бағыныңдар",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, адам білімді және ақылды болғанымен, А... тағала одан асқан дана. Сондықтан ақылымыз "асқан ақылға ер!" дейді.
Екіншіден, өзгелерді алдайтын екіжүзділікпен А... тағаланы алдай аламыз деп ойламайық. Ол әр нәрсенің іші мен сыртын біліп тұрады. Сондықтан адасқандарды тура жолдағылардан жақсы таниды.
"Әнғам" сүресінің 118-119 аяттары:
"А...-ның аяттарына анық иланған болсаңдар, А...-ның атымен бауыздалғанды (яғни "Бисмилла" деп бауыздалған хайуандарды) жеңдер. (118) Мәжбүр болмайынша жеуге арам етілген нәрселерді А... сендерге ашық баяндаған. Ендеше не үшін А...-ның атымен бауыздалғанды жемейсіңдер? Шынында адамдардың бірталайы білімсіздікпен, өз нәпсісі бойынша (басқаларды) аздырады. Анығында Раббың шектен шыққандарды әбден біледі. (119)"
Өткен аяттарда тәухид пен серік қосудың белгілері баяндалған соң, осы аяттар өмірдегі серік қосудың ең айқын мысалына тоқталып былай дейді: "А...-ның жолынан алшақтау, адасуға тіпті тамақтануда да шектен шығуға әкеліп соғады". Кейбір адамдар кез-келген хайуанды өлтіріп, жейді және бұл істе ешқандай шектеу қоймайды. Кейбіреулер вегетарианбыз деп, малды союды адамгершілікке жатпайды деп есептеп, кез-келген жануардың етін жеуден бас тартады. Осы орайда Құран: "Бұл да, ол да дұрыс емес. Ең дұрысы А...-ның рұқсат еткен хайуанын оның есімін айтып бауыздап, етін жеу болып табылады. Сендер тек А... тағаланың рұқсат еткен хайуанын ғана бауыздауға құқылысыңдар. Ол жануарлардың нағыз иесі",-дейді. Бұған қоса малды бауыздаған кезде, А...-ның есімін айту – тамақтану мәселесіндегі иман келтіру болып саналады. Сендердің денсаулықтарың үшін сау ет қажет болғанындай, А...-ның есімін атау сендерді кемелдендірудегі рухани азық болып саналады. Аяттың жалғасы былай дейді: "Сендердің харам етілген нәрселерге жоламай, халал нәрселерді пайдалануларыңды А... жақсы көреді. А...-ның халал еткен нәрсесін, өз мейілдерің бойынша харам етпеңдер. Мұндай шектен шығушылық надан адамдардың нәпсіқұмарлығынан. Бұл, А...-ның хақы мен адамдардың құқығына жасалған бұзақылықтың бір түрі". Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, мүмін адамның тамағы да илаһи бағытта болуы тиіс. Өйткені адамдардың діні мен дүниесі бөлек емес. Сондықтан иманның шарты – халал тағам.
Екіншіден, адамның азығы оның нәпсісі мен құрсағының қалауына емес, халал мен харам болуына негізделуі тиіс.
Үшіншіден, Ислам тығырықтың діні болмағандықтан, төтенше жағдайларда харам етілген азықтан қажетті мөлшерде ғана пайдалануға болады.