Жел 24, 2016 19:40 Asia/Almaty

Әнғам сүресі, 196-шы бөлім, 94-97 аяттар

"Әнғам" сүресінің 94-ші аяты:

"Расында алғаш рет жаратқанымыздай бізге жалғыз-жалғыз келіңдер. Сендерге берген нәрселереімізді арт жақтарыңа тастадыңдар. Сондай-ақ қолдаушы болады деп ойлаған серіктеріңді сендермен бірге көре алмаймын. Әрине араларыңдағы байланыс үзілді. Ол ойлаған нәрселерің сендерден жым-жылас болды. (94)"

Өткен бағдарламада мүшріктердің өлім кезіндегі ахуалын баяндаған аяттардан кейін, бұл аят былай дейді: "Дүниеден өтетін кезде оларға былай делінеді: "Сендер дүниеде көп кісілердің соңына еріп, оларға үміт арттыңдар. Тіпті тағдырларың оларға байланысты деп санадыңдар. Көп байлық жинадыңдар да, сол кісілер мен мына байлықтарың бір күні кәдеге жарар деп ойладыңдар. Бірақ бүгін дүниеден ешкімсіз, жападан-жалғыз біздің жаққа қарай келе жатырсыңдар. Барлық байланыстарың мен үміт артқан нәрселерің жойылды. Бүгінгі күнге не әзірледіңдер?"". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, өлгеннен кейінгі өмірдің жүйесі – әлеуметтік емес, жеке түрде болады. Қияметте отбасылық және әлеуметтік байланыстар жойылады.

Екіншіден, кез-келген күш пен байлықтың түкке тұрмайтындығы өлген кезде айқындалады.

"Әнғам" сүресінің 95-ші аяты:

"Күдіксіз А... түйірді және ұрықты жарушы. Және өліден тіріні, тіріден өліні шығарушы. Міне А... осы. Ал сонда қайда бұрылып бара жатырсыңдар? (95)"

Өткен аятты жалғастыра келе бұл аят тіршілік иелерінің өлімі мен тіршілігіндегі А...-ның рөліне меңзеп, табиғаттағы өмірдің бірқатар үлгілерін баяндайды. Дән мен тұқымды жерге адам еккенімен, бірақ тұқымның жарылып, одан өсімдік шығару А...-ның ісі. Өсуге жағдай жасайтын топырақ пен су және ауа А...-нікі. Ол, жансыз тұқымнан тірі өсімдікті шығарып, тірі ағаштан жансыз тұқым шығарады.

Адамның өмірінде де, рауаяттарға сәйкес мүмін адамның перзенті А... тағаланың кәпір ата-ананың арасынан шығарған тірі жан тәрізді. Ал кәпір перзент болса, мүмін ата-анадан туған өлі тәрізді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, табиғатты зерттеп, тіршілік әлеміне зер салу А... тағаланы танудың үздік жолы.

Екіншіден, А... тағаладан ризықтанып отырған адам А...-дан басқаға қалай жүгінеді?

"Әнғам" сүресінің 96-шы аяты:

"Таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен айды есеп үшін жаратқан. Осылар аса үстем, толық білуші А...-ның өлшеуі. (96)"

Бұл аят А... тағаланың тек дәнді ғана жарушы емес, таңды да аттырушы екендігіне меңзейді. Егер Ол қара топырақтың астындағы дәнді жарып, одан өсімдікті шығаратын болса, жердің тұрғындарына аса дәл және есептелген жоспар бойынша түн мен күнді жаратқан. Осылайша адам түнде тынығып, күннің шығуымен оянады. Әр күні көктен байқауға болатын ең әсем құбылысты – өмір мен жылу әкелетін күннің шығуы деп айтуға болар. Жер мен айдың күнді айналуы, тек күн мен түнді ғана тудырмайды, қайта өмірінде жоспар құра білу үшін адамға уақыт өлшеудің ең үздік құралы болып табылады. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, жаратылыстың дәл жүйесіне ой салу – А... тағаланы танып-білудің жолы.

Екіншіден, А...-ның ісі жоспар мен есепке негізделген. Оның жаратқандары да тәртіп пен пішінге ие. Ендеше біз де жоспар бойынша әрекет жасауға тиіспіз, әйтпесе жаратылысқа үйлеспей қаламыз.

"Әнғам" сүресінің 97-ші аяты:

"Ол, құрлық және теңіздің қараңғылықтарында сол арқылы жол табуларың үшін жұлдыздарды жаратқан. Расында аяттарымызды білетін елге ашық түсіндірдік. (97)"

Адамның күнделікті тұрмысында маңызды рөл атқаратын ай және күнмен қатар, өзінің көптігіне қарамастан жұлдыздар да әлемді жаратудағы А...-ның құдіретінің белгісі болып табылады. Тіпті осы уақытқа дейін жұлдыздардың көбісі белгісіз қалып отыр. Құран жұлдыздардың адам үшін жаратылғандығын айтады. Бірақ жұлдыздардың адамның өмірінде атқаратын рөлі әлі де толық ашылмаған. Осы аятта теңіз сапарларында жұлдыздар арқылы бағыт-бағдар табуға сілтеме жасалған. Адамзаттың бағыт табу құралдары болмаған ерте замандарда бұл өте тиімді болған. Негізінде Ислам табиғат көріністеріне ерекше мән береді. Мысалы, күнделікті намаз уақыттары күн арқылы белгіленеді. Рамазан айының басталуы мен аяқталуы айдың қозғалысымен анықталады. Күн мен айдың тұтылуы кезінде "аят намазы" оқылады. Сондай-ақ құрғақшылық кезінде "жаңбыр намазын" оқу керектігі айтылған. Осы істерге байланысты әйгілі исламдық ғалымдар Бағдат, Дамаск, Каир, Марокко және Андалузияда обсерваториялар тұрғызып, астрономия пәнінде көптеген еңбектер жазған. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, аспандағы жұлдыздардың жүйесі аса дәл болғандықтан, ол арқылы жердегі бағыттарды табуға болады.

Екіншіден, сапардағы адамға бағыт-бағдар көрсеткен А... тағала, оны ғұмырының ұзақтығындай сапарда жолдаусыз тастады деп айта алмаймыз.