Жел 24, 2016 19:42 Asia/Almaty

Әнғам сүресі, 195-ші бөлім, 91-93 аяттар

"Әнғам" сүресінің 91-ші аяты:

"А...-ны лайықты түрде бағаламағандар сол уақытта: "А..., адам баласына ешбір нәрсе түсірмеді",-деді. "Мұсаның (ғ) адам баласына бір нұр және туралық түрінде әкелген Кітабын кім түсірді? Сендер оны бөлшек-бөлшек қағаздар етіп, кейбірін көрсетіп, көбін жасырасыңдар. Негізінде аталарыңның әрі сендердің білмегендерің үйретілген болатын. Оны А... түсірді",-де. Сонан соң оларды қойып қой, азғындықтарында ойнасын. (91)"

Яһудилердің бір тобы Тәураттың хазірет Мұсаға (ғ) түсірілгендігіне сене тұра, өздерінің қырсықтығы мен бағынбаушылығы салдарынан Ислам пайғамбарына (с): "А...-ның адамға аян беріп, оған кітап түсіруі мүмкін емес",-дейді. Сонда Құран оларға: "Таураттың хазірет Мұсаға (ғ) түсірілгенін мойындап отырған сендер, Құранның хазірет Мұхаммедке (с) түсірілгенін қабылдамайтындарың қалай? Сендердің барлық нәрселерің Тәураттан. Сендер мен ата-бабаларыңның діннен білетіндерің де Тәураттан. Тәураттағы өз мүдделеріңе сай келмейтін бөлімдерін жасырсаңдар да. Дегенмен Тәурат А...-ның кітабы",-деп жауап қайтарады. Аяттың соңы Ислам пайғамбарына (с) қарап: "Ей, пайғамбар! Олардың жауабын бер. Бірақ иман келтірмегендері үшін мұңайма, А...-ға тәуекел ет. Ол саған жеткілікті. Мына сандырақтағандарды өз бетімен қоя бер. Қалағанын айтсын",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, пайғамбарды теріске шығару - шын мәнінде А... нығметтерінің қадірін білмеу. Өйткені пайғамбарлық – А...ның рақымдылығы мен хикметіне негізделген.

Екіншіден, пайғамбарлардың міндеті халықты қабылдауға мәжбүрлеу емес, қайта А...-ның шақыруын жеткізу мен ағарту болып табылады. Қабылдамайтын кісіні өз еркіне жіберу керек.

"Әнғам" сүресінің 92-ші аяты:

"Бұл (Құран) кенттердің анасы Меккеліктерді, маңындағы адамдарды үгіттеуің үшін біз саған түсірген өзіңнен бұрынғыны растаушы құтты бір кітап. Сондай ақыретке сенгендер, бұған сенеді де, олар намаздарына сақтық істейді. (92)"

Яһудилердің Ислам пайғамбарына (с) қырсықтық көрсетуін баяндаған аяттардан соң, бұл аят: "Тәуратқа ие сендер Құранға иман келтірмегендеріңмен, Құран Тәуратты жоққа шығармайды. Оны А...-ның тарапынан түсірілген кітап деп біліп, хазірет Мұсаға (ғ) берілгенін растайды",-дейді. Аяттың жалғасы Ислам пайғамбарына (с) былай дейді: "Алдымен Мекке тұрғындарын сонан соң өзге аймақтардың халқын ол арқылы уағыздап, тура жолға шақыру үшін саған Құранды түсірдік. Бірақ барлық адамдардың саған және Кітабыңа иман келтірмейтінін біл. Жаратылыс әлемі материалдық заттар мен көріп тұрған нәрселеріне ғана шектелмейтіндігіне сеніп, бұл дүниеден кейін басқа дүние бар екендігін және адамның өмірі өліммен аяқталмайтынын мойындайтын адамдар сенің сөзіңді қабылдайды. Олар саған және сенің кітабыңа иман келтіреді, намаз оқып, А...-ға жалбарынады". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, бұрынғы діндердің жаңа дінмен алмастырылуы, олардың жалғандығының белгісі емес. Қайта сол діндерге амал ету кезеңінің аяқталуы. Ислам мен Құран барлық бұрынғы діндер мен илаһи кітаптарды растайды.

Екіншіден, бір мұсылманның амал етуінің ең айқын белгісі – намаз. Ол болмаса иман толық болмайды.

"Әнғам" сүресінің 93-ші аяты:  

"А...-ны жасынға шығарған немесе өзіне ешбір уахи етілмесе де: "Маған уахи етілді",-деген және: "А... түсірген сияқтыны мен де түсірем",-дегеннен кім залымырақ? (Мұхаммед (с)) Егер залымдарды өлім қиналысында, періштелер қолдарын созып: "Жандарыңды шығарыңдар! Бүгін А...-ға қарсы орынсыз сөйлегендерің, Оның аяттарына менменсігендерің себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар",-дегенде бір көрсең! (93)"

Тарихта өзін пайғамбар деп атап, ойынан шығарған нәрселерін А...-ның уахи деген кісілер болған. Бір қызығы, мұндай адамдар Ислам пайғамбары (с) кезінде де пайда болып, пайғамбарға (с) жолыққан. Сондай кісілердің бірі – Әбд ибн Сағд еді. Алғашында ол пайғамбардың (с) қасында жүріп, уахиді жазушылардан болған. Бірақ қиянат жасағандығы үшін пайғамбар (с) оны өзінің қасынан қуған болатын. Сонда ол халықты жинап алып: "Мен де сендерге Құрандағыдай аяттар келтіре аламын",-деген екен. Мусайламе деген тағы бір кісі пайғамбардың (с) ғұмырының соңғы кезінде дәл осындай уәж айтқан болатын. Бірақ олардың ешқайсысының уәждерін халық қабылдаған емес. Бұл аят осы орайда былай дейді: "Мұндай өтіріктер қоғамға жасалған ең үлкен зұлымдық болып табылады. Осындай залымдар өлетін кезде қатты азап көреді". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, ең үлкен зұлымдық – мәдени зұлымдық. Өйткені ол тарихтағы ұрпақтардың адасуына себеп болады.

Екіншіден, өтірікшілердің уәждерінен сақ болайық. Олар кейде дін жамылғысымен қоғамда өздерінің адасқан ойларын таратады.