Жел 24, 2016 19:44 Asia/Almaty

Әнғам сүресі, 194-ші бөлім, 84-90 аяттар

"Әнғам" сүресінің 84-87 аяттары:

"Және оған Ысхақ, Яғқұпты беріп, барлығын тура жолға салдық. Бұрын Нұхты (ғ) да тура жолға салып және оның ұрпақтарынан Дәуіт, Сүлеймен, Айюб, Юсуф, Мұса және Һарұнға (ғ) да (тура жол көрсеттік). Игілік істеушілерге осындай сыйлық береміз. (84) Және Закария, Яхия, Иса және Ілияс жақсылардан. (85) Және Исмайыл, Әлясағ, Юныс әрі Лұт барлығын әлемге ардақты қылдық. (86) Және олардың аталарынан, ұрпақтарынан, туыстарынан да таңдап алып тура жолға салдық. (87)"

Өткен бағдарламада хазірет Ибраһимнің (ғ) өз халқын бір А...-ға құлшылық етуге шақырып, пұттарға табыну мен серік қосудан аулақ болуды ескерткен әдісі баяндалды. Осы аяттар бір А...-ға құлшылық етудің хазірет Ибраһимнің (ғ) ұрпағы мен перзенттеріне тигізген әсеріне тоқталып, былай дейді: "Біздің Ибраһимге бағыштаған перзенттер де А...-ның ерекше жолдауына бөленіп, оларға пайғамбарлық берілді және олардың ұрпақтарына да осы мәртебе берілді". Жоғарыда оқылған аяттарда жалпы он сегіз пайғамбардың есімі аталды. Олардың кейбірі, мысалы хазірет Нұх (ғ) хазірет Ибраһимнен (ғ) бұрын болған, ал кейбіреулері Ибраһимнің (ғ) ұрпақтары болып табылады. Осы аяттар негізі бойынша хазірет Ибраһимнің (ғ) кейбір перзенттері пайғамбарлыққа жеткенімен, пайғамбарлық тек оның перзентіне ғана берілмейді. Осы аятта баса айтылғандай, оның өлшемі – ізгі әрі пәк болу. Осылайша А...тағала оларға осы қасиеттерінің негізінде пайғамбарлық дәреже сыйлап, оларды өз заманындағы адамдардан артық етті. Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, ата-аналардың жақсы істері олардың ұрпақтарының өркендеуі мен олардың тура жолға түсуінде маңызды рөл атқарады. Ата-аналардың игі істерінің жемісі олардың көзі тірісінде көрінбесе де, А... тағала оны олардың ұрпақтарына береді.

Екіншіден, жақсы перзент – А...-ның пәк тұлғаларға тартқан сыйы болып табылады.

"Әнғам" сүресінің 88-ші аяты:  

"А...-ның нұсқауы осы. Құлдарынан кімді қаласа, тура жолға салады. Егер олар ортақ қосса еді, әрине олардың істеген амалдары жойылып кетер еді. (88)"

Бұл аят А... тағаланың жанында пайғамбарлардың ерекше мәртебеге ие екендігіне меңзеп: "А... тағала кімді лайықты деп білсе және ол лайық болса, оны өзінің ерекше нұсқауына бөлеп, оған пайғамбарлық сыйлайды. Әрине мұндай адамдар мәңгі жақсы болып жүруге міндетті емес. Сондықтан егер олар да А...-ға серік қосатын болса, пайғамбарлық мәртебесінен айрылады",-дейді. Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, нағыз жолдау тек А... тарапынан ғана болады. Тіпті пайғамбарлардың өздері де жолдау қабілетіне ие емес, олар А...-ның нұсқауымен кемелдікке жетеді.

Екіншіден, илаһи дәстүрде ешқандай кемсітушілік жоқ. Егер пайғамбарлар да қателікке ұрынса, жауапқа тартылып, жазаланады.

"Әнғам" сүресінің 89-шы аяты:

"Міне бұлар, өздеріне Кітап, даналық және пайғамбарлық бергендеріміз. Егер енді бұлар (құрайыштар) қарсы келсе, қарсы келмейтін бір елді оларға уәкіл етеміз. (89)"

Пайғамбарлардың ерекше жолдауға ие болуы туралы аяттардан кейін, осы аят: "Біз Кітап пен пайғамбарлық мәртебесін сыйлаумен қатар, халық арасында илаһи заңдарды жүргізіп, олардың қарама-қайшылықтарына әділ төрелік ету үшін пайғамбарларға билік пен төрелік мансабын да бағыштадық",-дейді. Аяттың жалғасы пайғамбарды жұбатып: "Тарихта осы илаһи үдеріске халықтың күпірлік танытып, оны өтірікке шығарғанын көрсең, алаңдама! Өйткені иман келтіріп, иманға берік болатын басқа топ та бар",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, қоғамдағы билік пен төрелік –пайғамбарлар мен илаһи жетекшілердің хақы болып табылады.

Екіншіден, ақиқаттың өлшемі халықтың қабылдауы немесе қабылдамауы емес. Сондықтан кейбір адамдар күпірлік етсе де, өзіміздің діни сенімдерімізге күмән келтірмейік.

"Әнғам" сүресінің 90-шы аяты:

"Міне солар, А...-ның тура жолға салғандары (пайғамбарлары). (Мұхаммед!) Онда олардың жолын қу және: "Сендерден ақы сұрамаймын. Өйткені Құран әлемге үгіт қана",-де. (90)"

Аяттардың осы бөлімінің соңында А... тағала: "Ей, пайғамбар! Сенің міндетің бұрынғы пайғамбарлардың жолын жалғастыру және одан басқа емес. Сондықтан халыққа былай деп айт: "Мен де бұрынғы пайғамбарлардың шақыруын жалғастырушымын және жаңа нәрсе әкелген жоқпын. Бұл сөздерімнің мақсаты - сендерге ескерту ғана. Сендерден ақы да сұрамаймын, ештеңе де қаламаймын",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, бұрынғы діндерді сызып тастау, өткен пайғамбарлардың шақыруының күшін жою емес. Барлық діндердің мақсаты – бір А...-ға құлшылық етуге шақыру. Тек шариғаттар мен тәсілдерде ғана айырмашылық бар.

Екіншіден, пайғамбарлардың шақыру әдісі халықты иман келтіруге мәжбүрлеу емес, ескерту мен түсіндіру.

Үшіншіден, дінге шақырғанда пайғамбарлар материалдық және дүниелік мақсаттарды көздемейді. Сондықтан дінді уағыздаушылар да дүниені мақсат тұтпауы тиіс.