Жел 24, 2016 19:45 Asia/Almaty

Әнғам сүресі, 193-бөлім, 80-83 аяттар

"Әнғам" сүресінің 80-ші аяты:

"Қауымы онымен айтысты. (Ибраһим оларға) айтты: "А... мені шынында оңғарды, ал сендер ол туралы менімен таласасыңдар ма? Мен сендердің оған серік қып қосқандарыңнан (пұттарыңнан) қорықпаймын, бірақ Раббымның қалаған нәрсесі ғана болады. Раббымның ғылымы барлық нәрсені қамтыған. Ой жүгіртпейсіңдер ме?" (80)"

Өткен бағдарламада айтқанымыздай, алғашында хазірет Ибраһим (ғ) пұттарға, күн мен айға және жұлдызға табынушыларға қосылып, солар сияқты: "Бұлар менің Раббым",-дейді. Бірақ ол табиғи және болмыстық әдістер арқылы бұлардың Раббы болатындай адамның тағдырына әсер ете алмайтынын көрсетеді. Сонан соң сөзінің соңында: "Менің Раббым – көктер мен жерді жаратушы. Менің тағдырым Оның қолында. Сондықтан мен Оған табынамын",-деп ашық айтады.

Бүгінгі бағдарламада хазірет Ибраһимнің (ғ) қауымының оған қаталдық көрсеткенін көреміз. Олар Ибраһимға (ғ) ерудің орнына, оны тәухидтен бас тартқызып, өздеріне қосып алғысы келеді. Хазірет Ибраһим (ғ) оларға былай деп жауап береді: "Раббымнан қалайша бас тартайын? Ол өзімен таныстырып, мені тура жолға салды. Оны біле тұра қалай бас тартып, сендердің ырымға негізделген, негізсіз сенімдеріңе ілесейін?",-дейді.

Сонан соң сөзін былай деп жалғастырады: "Егер серік қосу және күпірлікпен күрес жолында маған зиян тиетін болса, ол сендердің пұттарыңнан деп ойламаңдар. Ол А...-ның жазғанымен болады. Өйткені оның қалауынсыз ешбір іс жүзеге аспайды. Ол барлық нәрсеге үстем, барлығын білуші",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, бір А...-ға сенетін адам жалғыз қалудан қорықпайды. Егер барлық адамдар кәпір болып кетсе де, ол өз сенімінен қайтпайды.

Екіншіден, А...-ға сенудің белгілерінің бірі – А...-дан басқадан қорықпау.

"Әнғам" сүресінің 81-ші аяты:

"Сендердің қосқан ортақтарыңнан қалайша қорқамын? Сендер ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені А...-ға ортақ қосудан қорықпайсыңдар ма? Сенім тұрғысынан екі топтың қайсысы лайығырақ? Егер білетін болсаңдар. (81)"

Хазірет Ибраһим (ғ) бұл аятта табиғи дәлелмен: "Сендер мүшріктер А...-ның дүние мен ақиреттегі ашуынан қорықпай, өздеріңді одан аман қаламыз деп ойлағанда, мен сендердің пұттарыңның ашуынан қорқайын ба? Сендер оны әлемнің жаратушысы деп білетін А... осы пұттарға табыну жөнінде ешқандай қисынды дәлел түсірген жоқ. Ендеше ақыл қияметте қауіпсіз болу үшін пұттардың ашуынан емес, А...-ның ашуынан қорқуға бұйырады. Сендер бір даусыз мәселені қойып, қиялдағы нәрсеге жүгініп отырсыңдар",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, діни ой-пікірлер мен сенімдер күмән мен қиялдарға емес, қисын мен ақылға негізделуі тиіс.

Екіншіден, діни қарсыластармен айтысқан кезде үкім шығармай, оларға сұрақ пен жауап әдісін қолданайық. Мысалы: "Мені мен сендердің сенімдеріңнің қайсысы ақиқатқа жақынырақ",-деп сұрайық.

"Әнғам" сүресінің 82-ші аяты:

"А...-ға иман келтіріп, иманына жат ниет араластырмағандар – міне солар сенімділер, солар дұрыс жол тапқандар. (82)"

Құран Ибраһим (ғ) мен қауымының арасындағы  айтыстың соңында хазірет Ибраһимның (ғ) олардан сұраған, бірақ жауапсыз қалған сұрағына: "Қияметте тек иманы мен сенімдеріне берік болып, оларға күпірлік пен серік қосушылық әсер етпеген және зұлымдық жасамаған шыншыл мүміндер ғана қауіпсіздікте болады",-деп жауап береді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, иманды сақтау – иманның өзінен де маңызды. Ақиқат жолындағы тұрақтылық пен төзімділік иманның сақталып, жалғасуының факторы болып саналады.

Екіншіден, ешкім қауіпсіз болмайтын күндегі нағыз қауіпсіздік нағыз иманның саясында болады.

"Әнғам" сүресінің 83-ші аяты:

"Өз қауымына тойтарыс беру үшін Ибраһимге арнаған дәлелдеріміз осы. Біз қалаған адамымыздың дәрежелерін көтереміз. Раббың шынында хикмет иесі, барлығын біліп тұрушы. (83)"

Хазірет Ибраһим (ғ) мен халқының арасында болған оқиғаның осы бөлімінің соңында А... тағала былай дейді: "Біз үйреткен оның өз еліне қатысты дәлелдеу әдісі уахи мен ақылға сай. Халық оны ақылымен түсінеді. Ибраһимді (ғ) халықтың жолдауына қажет хикмет бойынша пайғамбар еттік. Бұл міндетке қоғамның ең үздік тұлғалары таңдалады. Ешкімге себепсіз пайғамбарлық берілмейді". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, әлеуметтік жүйеде мансап пен мәртебедегі жоғарылау билік және байлық бойынша емес, білім мен хикмет негізінде болуы тиіс.

Екіншіден, пайғамбарлардың дінге шақыруы құр еру бойынша емес, дәлелдер негізінде болған.