Жел 24, 2016 19:49 Asia/Almaty

Әнғам сүресі, 190-шы бөлім, 66-70 аяттар

"Әнғам" сүресінің 66-67 аяттары:

"Құран ақиқат бола тұрса да, оны қауымың жоққа шығарды. Сен (оларға): "Мен сендерге қорғаушы емеспін",-де. (66) Алдын-ала берілген әрбір хабардың іске асатын уақыты бар, көп өтпей білесіңдер. (67)"

Өткен бағдарламада пайғамбардың халықты А...-ның нұсқауларына қарсы болмауға шақырып, мұның дүние мен ақыреттегі салдарына қатысты ескерту жасағанын баяндағанбыз. Бұл аят былай дейді: "Ей, пайғамбар! Құрайыш тайпасы сенің бұл сөздеріңді қабылдамайды және қияметті өтірікке шығарады. Қиямет - шындық және Құран оны үнемі ескертеді. Оларға сен оларды иман келтіруге мәжбүр етуші емес, илаһи уахиді жеткізуші ғана екеніңді айт. Менің сөзімді қабылдауға немесе жоққа шығаруға шешім қабылдайтын өздері". Аяттың жалғасы былай дейді: "А... тағала немесе Оның елшісінің сендерге азап түсіру туралы айтқан мәселесі өз уақытында орындалады. Сендер де жақын арада оны көресіңдер. Ендеше сендер асықпаңдар және илаһи шындықты жоққа шығарған сәтте азапқа ұшыраймыз деп ойламаңдар. Өйткені А... тағала әрқашан пенделеріне қайта оралуға мүмкіндік беру үшін, оларға мұрсат береді". Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, пайғамбардың сөзінің шындығын түсіне тұра, оны өтірікке шығарған кісіні ауыр салдар күтіп тұрады.

Екіншіден, қарсыластардың саны көп болса да олардың өтірікке және жоққа шығаруы Құранның растығына нұқсан келтірмейді.

"Әнғам" сүресінің 68-ші аяты:

"Аяттарымыз туралы (мазақ, кекесін сөзбен) әңгімелесіп тұрған адамдарды көргеніңде, олар онан басқа бір әңгімеге көшкенше маңына жуыма. Егер шайтан саған ұмыттырып (бірге отырып қалсаң), есіңе түскеннен кейін, сол залым адамдармен бірге отырма. (68)"

Мұсылмандарға және пайғамбарға ерушілерге арналған бұл аят мәселенің маңыздылығы мен сезімталдығын баяндау үшін пайғамбарға (с) айтылған. Осы аятта А... тағала былай дейді: "Құран аяттарын кекетіп, илаһи үкімдерді әжуалап, кемсітіп отырған жиынға кірген болсаңдар, әңгімені өзгертуге тырысыңдар, өзгерте алмасаңдар жиыннан шығып кетіп, көздеріңше А...-ның дінін масқаралауға жол бермеңдер. Егер әлгіндей жиынға ұмытқандықтан қатыссаңдар, естеріңе түскен сәтте, дереу жиыннан шығып кетіңдер. Өзгелердің сөзінің ортасында шығып кету ұят деуші болмаңдар". Бұл аят бізге күнәһарлармен бірге отырмау мен күнә жасалатын отырысқа қатыспауды ескертіп былай дейді: "Егер білмей қалып осындай отырысқа қатыссаңдар, әңгіменің бағытын "жақсылыққа шақыру мен жамандықтан тыюға" өзгертіңдер немесе ол жерде туыстарың болса да наразылық ретінде шығып кетіңдер". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, діни қасиеттерімізді қорғай білейік. Дұшпандардың біздің құндылықтарымызға тіл тигізуіне жол бермейік.

Екіншіден, күнә жасалатын жиыннан шығып кету – жамандықтан тыю әдістерінің бірі.

"Әнғам" сүресінің 69-шы аяты:  

"Сақсынғандарға олардың есебінен (жауапкершілікте) ешнәрсе келмейді. Бірақ ескерту айтулары лазым, сонда олар бәлкім сақтанатын болар. (69)"

Күнә жасалатын отырыстан шығып кету керектігін баяндаған аяттан кейін осы аят: "Әрине мұндай отырыстарға ескерту немесе насихат айту үшін қатысқан кісілер, олардың күнәсінә ортақ болмайды. Оларға ештеңе болмайды, өйткені күнәға қатысқан жоқ",-дейді. Әрине кез-келген адам күнәһарларды түзету үшін олардың жиынына қатыстым дей алмайды. Өйткені мұндай кісінің өзі олардың ықпалына түсуі мүмкін. Сондықтан аталмыш отырыстарға тақуа әрі басқалардың ықпалына түспейтін және басқаларға әсер ете алатын адамның қатысуына болады. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, бос әңгіме айтатындармен бірге отырмай, олардан аулақ жүрейік. Мұндай тақуалық адамды күнәдан сақтайды.

Екіншіден, пәк тұлғалардың бір тобы адасқандарға жауап қайтаруға және олардың жиындарына қатысуға дайын болулары тиіс.

"Әнғам" сүресінің 70-ші аяты:

"Дінді ойыншық, күлкі қылғандарды, дүние тірлігіне алданғандарды ырқына қоя тұрып, Құран арқылы ескерту бер; Әрқандай жан өз қылығы салдарынан ойрандалып кетпесін! Оларға А...-дан басқа дос та, шапағатшы да жоқ, олар әрқандай төлем берсе де қабылданбайды. Ондайлар – өз қылықтары себебінен зауал табатындар. Оларға күпірлігі үшін сусындыққа қайнап тұрған су, жанға бататын азап бар. (70)"

Адасқандар мен олардың отырыстарынан алыс жүру туралы аяттардан кейін бұл аят пайғамбарға: "Мұндай кісілермен байланыстарыңды біржолата үзіп, олардың істеріне жиіркеніш білдіріңдер. Әлбетте алдымен оларға тиісті деңгейде уағыз айтып, ақиқат сөзін жеткізіңдер. Егер мойындамай қасарысып, жаман қылықтарын қоймаса өз еркіне жіберіңдер",-деп қуаттайды. Бұл арадағы қызықты жайт, діндар адамдардың көзқарасынша дүниеқұмарлық - ойын-сауықпен тең. Бірақ дүниеқұмарлар дін мен оның үкімдерін ойыншық деп санайды.

Олар өздерінің болмысымен де ойнап, пайғамбардың сөзі мен илаһи аяттарды да масқара қылады. Өз істерінің нәтижесі немен аяқталатынынан қорықпайды. Кейбіреулердің пайымдауынша бұл аят, сол мүшіріктер көбінесе ойын-сауыққа ұқсас істерді "дін" тұтып алғандықтан, соған мақтанып ақиқат сөзін тыңдағысы келмейді деп ескертпек. Қалай болғанда да ақиқатты түсіне тұра, оны мойындаудан бас тартып отырған кісілерге қатысты мүміндердің міндеті олардың ықпалына түсіп қалмау үшін өздерін олардан аулақ ұстану болып табылады. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, исламдық қоғамда дінді масқара қылатын кісілерді, өздерінің адасқан сөздерін таратпаулары үшін шеттету керек.

Екіншіден, дүниеге әбден берілу дін мен діни үкімдерді елемеуге себеп болады. Мұндайда А... үкімінің негізі жоққа шығарылады немесе оны орындаудан жалтару үшін сылтау келтіріледі.