Жел 26, 2016 18:12 Asia/Almaty

Қасас сүресінің 5-8 аяттарының тәпсірі

«Қасас» сүресінің 5-6 аяттары:

 «وَنُرِ‌یدُ أَن نَّمُنَّ عَلَى الَّذِینَ اسْتُضْعِفُوا فِی الْأَرْ‌ضِ وَنَجْعَلَهُمْ أَئِمَّةً وَنَجْعَلَهُمُ الْوَارِ‌ثِینَ»، «وَنُمَکِّنَ لَهُمْ فِی الْأَرْ‌ضِ وَنُرِ‌یَ فِرْ‌عَوْنَ وَهَامَانَ وَجُنُودَهُمَا مِنْهُم مَّا کَانُوا یَحْذَرُ‌ونَ»

Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз (5). Оларды жерге (Мысырға) орналастыруды, Перғауын, Һаман және екеуінің әскерлеріне бұлардың қорыққан нәрселерін көрсетуді қаладық. (6)

Алдыңғы бағдарламада хазірет Мұсаның Перғауынға барып, оны Исраил қауымына қарсы зұлымдық пен қатігездік жасаудан тыюға жауапты етіп тағайындағанын айттық. Себебі Перғауын ол қауымды қорлап, құлдыққа салып, әртүрлі себептермен олардың ерлерін өлтіріп, әйелдерін күңдікке алған болатын.

Осы аяттар: «Перғауын биліктің тағында мәңгі-бақи қаламын, қалаған ісімді орындаймын деп ойлады. Ол Құдайдың құдіретінің тәкәппарларды осы дүниеде қорлықтың топырағына отырғызып, төмен санаған қоластындағы адамдарды билікке жеткізетінін білмеді» дейді.

Перғауын мен уәзірі Һаман әрдайым Исраил қауымы төңкеріс жасап, олардың билігін құлатады деп қорқып, оларды қатты азаптап, жалынды, төңкерісшіл жастарын өлтіретін. Бірақ Перғауын мен перғауындықтар қорыққан нәрсе Құдайдың қалауымен бастарына келіп, Исраил ұрпағы хазірет Мұсаның жетекшілігімен оларды жеңіп, олардың сарайлары мен үлкен байлықтарына мұрагер болып қалды. 

Бірақ Алланың ерік-жігері себепсіз және қисынсыз емес. Егер бір халық зұлымдардың үстемдігінен құтылғысы келсе сол жолда әрекет етуі керек. Сол кезде Құдай оларға жәрдемдесіп, олар зұлымдарды жеңеді. Құдайдың бұл кесімді сүннеті тарих бойында жалғасып келе жатыр. Құдай әрбір үмбеттің тағдырын олардың іс-әрекеттері негізінде айқындайды. Үмбеттер өздері ерік-жігер танытпаса, олардың тағдырында өзгеріс болмайды. Исламдық рауаяттарға сәйкес, ақырзаманда хазірет Меһди шығып, зұлымдар мен үстемшілдерді жеңіп, әлемнің шығысы мен батысында әділет орнауы үшін қоғамның мақұрым табын билікке жеткізеді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құдайдың қалауы мен ерік-жігері деген зұлымдар мен үстемшілердің үкіметінің құлатылып, мазлұмдар мен мақұрымдардың билікке жетуінде.

2. Диктатор үкіметтер халықтарға өздері оңайлықпен үстемдік ете алуы үшін іскер күштерді әлсіретіп, басады.  

3.Әлемнің болашағы мазлұмдар мен мақұрымдарға тиесілі. Бұл – Құдайдың болашаққа деген үмітпен соған жету үшін талпыныс жасап, табандылық танытуы үшін оларға берген сүйіншісі.

4.Бүлікшіл, үстемшіл биліктер ақыреттегі азаппен қатар осы дүниеде де Алланың қаһарынан аман қалмайды. Олар мүміндердің қолынан қорлыққа ұшырайды.

 «Қасас» сүресінің 7-8 аяттары:

 «وَأَوْحَیْنَا إِلَى أُمِّ مُوسَى أَنْ أَرْ‌ضِعِیهِ فَإِذَا خِفْتِ عَلَیْهِ فَأَلْقِیهِ فِی الْیَمِّ وَلَا تَخَافِی وَلَا تَحْزَنِی إِنَّا رَ‌ادُّوهُ إِلَیْکِ وَجَاعِلُوهُ مِنَ الْمُرْ‌سَلِینَ»، «فَالْتَقَطَهُ آلُ فِرْ‌عَوْنَ لِیَکُونَ لَهُمْ عَدُوًّا وَحَزَنًا إِنَّ فِرْ‌عَوْنَ وَهَامَانَ وَجُنُودَهُمَا کَانُوا خَاطِئِینَ»

Мұсаның анасына: "Оны еміз де, оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да күйінбе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз" деп, көкейіне салдық. (7) Сонда Перғауынның отбасы өздеріне қастас әрі қайғы болатын баланы тауып алды. Расында Перғауынмен Һаман әрі әскерлері қателесті. (8)

Хазірет Мұсаның дүниеге келуі мен содан кейінгі оқиғаларды баяндайтын осы аяттар алдыңғы аяттарда айтылған Құдайдың әлсіз таптың үстемшіл тапты жеңуіне негізделген кесімді сүннетінің үлгісі.

Жұлдызшылар Перғауынға «Биыл Исраил қауымының арасында болашақта сенің үкіметіңді құлататын бір ер бала дүниеге келеді» деп хабар берді. Сол себепті Перғауын Исраил қауымының арасында дүниеге келетін барлық ер баланы өлтіріп, ешкімге аяушылық жасамауға бұйырды.

Мұса дүниеге келген кезде Құдай хазіреттің анасына аян беріп, оған: «Емізіп, оны сандыққа салып, Ніл өзеніне таста. Оның қорғаушысы – Құдай» деді. Анасы да Алланың бұйрығына бағынып, нәрестені сандыққа салып, суға жіберді. Бірақ қайғырып, баланың тағдырына алаңдады.

Сол кезде Перғауын мен зайыбы Ніл өзенінің жағасындағы сарайының жанында отырған болатын. Сонда олар су бетінде жүзіп жүрген сандықты көреді. Перғауын сандықты судан алып шығуға бұйырады.

Сандықтың аузын ашқан кезде сүйкімді нәрестені көріп, не істерлерін білмейді. Бір жағынан Перғауын Исраил ұрпағының жаңа туған еркек кіндікті нәрестелерін өлтіруге өзі бұйрық берген болатын. Бұл баланың өлімнен құтқарылу үшін өзенге лақтырған Исраил қауымының баласы болғаны анық еді. Перғауынның ұлы болмағандықтан зайыбы Әсия бұл нәрестені бала ғып асырап алғысы келді. Бірақ бұдан маңыздысы Мұсаның анасын нәрестесін суға тастауға көндірген және Перғауынның әйелін оны жақсы көргізген, оның өлтірілуіне кедергі жасатқан Құдайдың ерік-жігері болды. Осылайша, Мұса келешекте зұлым, бейбастақ перғауындық үкіметті құлатуы үшін дұшпаны Перғауынның үйінде қауіпсіз жерде өсті.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Тығырықтарда Құдай мүміндердің ең жақсы қолдаушысы әрі жетекшісі. Құдай қиындықтан шығудың жолын көрсетеді.

2. Ғайыптан көмектің түсуі материалды мүмкіндіктерден пайдалануға кедергі болмайды. Һәм өзіміздің мүмкіндіктерімізге көңіл бөліп, міндеттерімізді орындайық, һәм Құдайға тәуекел етейік. (Хазірет Мұсаның анасы перзентін емізіп, сандыққа салып, Құдайға тәуекел етті).

3.Илаһи бұйрықтардың көбінің хикметі мен философиясын білмесек те, Құдайдың бұйрықтарын орындаудан жалтармайық. Себебі илаһи бұйрықтарда міндетті түрде құпия-сыр бар. Құдайдың ешбір үкімі хикметсіз емес. (Құдай Мұсаның анасына перзентін теңізге лақтыртқанда оның хикметі тез айқындалды).