Һуд сүресі, 336-шы бөлім, 38-41 аяттар
Һуд сүресі, 336-шы бөлім, 38-41 аяттар
« و يصنع الفلک و کلٌما مرٌ عليه ملاء من قومه سخروا منه قال ان تسخروا منٌا فانٌا نسخر منکم کما تسخرون » ، « فسوف تعلمون من ياتيه عذاب يخزيه و يحلٌ عليه عذاب مقيم »
«Кемені жасап жатқанда елінің бастықтары жанынан өткен сайын оны тәлкек қылды. Нұх (Ғ.С.) оларға: «Егер бізді сықақ қылсаңдар біз де сендерді бізді сықақ қылғандарыңдай сықақ етеміз» деді (38). Ал енді жедел білесіңдер: қорлайтын азап кімге келер екен және тұрақты азап кімнің басына түседі екен? (39).
Өткен бағдарламада хазірет Нұхтың өзінің қауымына тура жол нұсқаудан көңілі қалғанда Алла тарапынан азап түсіп, жер бетін сел мен топан су басқан кезде оның мүміндер мен басқа жаратылыс иелерін құтқару үшін үлкен кеме жасауға міндеттелгенін айттық. Осы аят былай дейді: «Хазірет Нұх кеме жасап жатқан кезде қарсыластар мен кәпірлер оны мазақтап: «Пайғамбарлық бір ғұмырынан кейін, қазір енді қасына адам жиналмай, оның дініне ешкім қосылмаған соң ағаш ұстасына айналып, теңізден алыс жерде кеме жасап жасауға кірісіпті. Кемені суға жіберіп, оған міну үшін оны теңіздің жанында жасау керек» десті. Мұндай шағып сөйлеген сөздер хазірет Нұхты жәбірлеген соң ол былай деді: «Біздің осы кемеге мінетін күніміз де келіп жетер. Сол кезде Алланың анық аяттарын теріске шығарып, топан суға батып бара жатқан сендерді біз келеке ететін боламыз. Бұл сендердің осы дүниедегі азаптарың, қияметтің мәңгілік азабы өз алдына». Осы аяттардан үйренетініміз:
Егер діни және ғылыми үлкендердің ісінің хикметін түсінбесек, оларды мазақтамайық. Мазақтау мен келекеге айналдыру қисыннан жұрдай адамдардың ісі.
Дұшпанның мазақтаулары мен келекелерінің алдында абыржымауымыз керек. Керісінше табандылық танытып, түзу істен қол үзбеген жөн.
«Һуд» сүресінің 40 аяты:
« حتي اذا جاء امرنا و فار التٌنٌور قلنا احمل فيها من کلٌ زوجين اثنين و اهلک الا من سبق عليه القول و من آمن و ما آمن معه الا قليل »
Ақыр әміріміз келген заманда, тандырдан су қайнады. Нұх (Ғ.С.)-ға: «Ол кемеге әр нәрседен бір жұп және бұрын үкім етілгеннен басқа отбасыңды орналастыр. Әрі иман келтіргендерді де ал» дедік. Негізінде онымен бірге иман келтірген өте аз ғана еді (40).Кеме жасау ісі аяқталған соң Алланың бұйрығымен жерде су қайнап, аспаннан нөсер жаңбыр құйып, жер бетін топан су басып, кеме су бетінде қалды. Алла Тағала жануарлардың тұқымын сақтау үшін пайғамбарына әрбір жануардан бір-бір жұптан кемеге тиеуге әмір етті. Сонымен қатар қауымының мүміндері мен өзінің отбасы мүшелерінен тек иман келтіргендері ғана кемеге отырды. Зайыбы мен Кенан есімді ұлы кемеге отырудан бас тартты. Тандыр оттың орыны болғанымен, сол тандырда су қайнады. Сол жердегі судың қайнауы Алланың азабының басталғанының белгісі болды. Осы аят бізге мынаны үйретеді: 1. Мектеби байланыстар отбасылық және туыстық қатынастардан гөрі басымдылыққа ие. Нұхтың зайыбы мен ұлының күпірліктеріне байланысты кемеге отыру құқығы болмады.
2. Өмір негізі – су бір буынның өлімі мен жойылуына себеп бола алады. Әрине, Алланың бұйрығымен.
«Һуд» сүресінің 41 аяты:
« و قال ارکبوا فيها بسم ا... مجريها و مرسيها انٌ ربٌي لغفور رحيم
Нұх (Ғ.С.): «Кемеге отырыңдар. Оның жүруі де тұруы да Алланың атымен. Расында Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді» деді (41).
Азап белгілерінің көрінуімен хазірет Нұх мүміндерді кемеге мінгізіп, олардың құтқарылуының ұйытқысы болған Алланың мейірімі мен жарылқауын еске алып: «Алланың әмірімен орнынан қозғалған бұл кеме Оның әмірімен тоқтайды. Кеменің жетекшілігі менің мойнымда» деді.
Рауаятта пайғамбар әулеті де Нұхтың кемесіне теңестірілген. Пайғамбардың үлкен сахабасы Әбузар Алланың елшісінің аузынан ол айтты деп: «Менің әулетім оған мінген адам құтқарылатын, бойын аулақ салған адам құритын Нұхтың кемесі сынды» деген болатын. Осы хадисті Ибн Аббас, Аболла Бен Зибар, Онс Бен Малек және Абусаид Хадри сынды исламның басындағы үлкендер де айтқан. Аталмыш рауаят сонымен қатар беделді тәпсір кітаптарында да жазылған. Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Адамның әр істегі талпынысы немесе тоқтауы Алланың атымен, Алланың ризашылығымен болуы керек.
2. Әр істе «бісмілла» деп айту пайғамбарлардың сүннеті болған. Олар осы сүннетті ізбасарларға тапсырған.
3. Кеме бар болғаны құрал ғана. Маңыздысы, Алланың еркі. Адам құралдарға көңіл аударудың орнына барлық нәрсе Соның қолында Алланы естен шығармауы керек.