Жел 29, 2016 18:25 Asia/Almaty
  • һуд сүресі, 334-ші бөлім, 29-32 аяттар

һуд сүресі, 334-ші бөлім, 29-32 аяттар

« و يا قوم لا اسئلکم عليه مالا ان اجري الا علي الله و ما انا بطارد الٌذين آمنوا انٌهم ملاقوا ربٌهم و لکنٌي اريکم قوما تجهلون » ، « و يا قوم من ينصرني من الله ان طردتهم افلا تذکٌرون »

«Әй, елім! Сендерден мал сұрамаймын. Жалақым Аллаға ғана тән. Сондай-ақ иман келтіргендерді қуалаушы емеспін. Өйткені, олар Раббыларына жолығушылар. Бірақ мен сендерді надан көремін» (29). «Әй, елім! Егер мен оларды қуаласам, мені Алладан кім қорғайды, түсінбейсіңдер ме?» (30).

Өткен бағдарламада хазірет Нұхтың өз қауымын бір Құдайға табынуға шақырғанын айттық. Бірақ қауымның ақсүйектері мен үлкендері Нұх пен оның ізбасарларын кемсітуге тырысып, оларды қоғамда әлеуметтік дәрежеден кенде төмен адамдар деп атады. Осы аят оларға жауап беріп былай дейді: «Біріншіден, хазірет Нұх шақыру барысында сендер соны төлеп, орындау үшін оны жеккөретіндей, сол себепті оның шақырғанына оң жауап бермейтіндей сендерден дүние-мүлік, дәреже сұраған жоқ. Екіншіден, сендерді, ауқаттыларды тарту үшін кедейлерді өзінен қуып, оларды мейірімсіздікке ұшырататындай ешқандай себеп жоқ. Сендердің олардан ешбір артықшылықтарың жоқ. Егер олар қияметте Аллаға шағымданса, хазірет Нұхтың өзінің осы әрекеті үшін ешқандай жауабы болмайды». Аяттың жалғасы былай дейді: «Мұндай орынсыз талап-тілектер сендердің барлық нәрсені дүниелік өлшемдер мен дүниелік құндылықтармен өлшеуге себеп болған сендердің надандықтарың мен сендердің илаһи және рухани ақиқаттардан хабарсыздықтарыңның және сендердің өздеріңді қауымның таңдаулылары деп санайтындықтарыңның көрсеткіші».

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Пайғамбарлардың ештеңе күтіп, дәметпейтіндіктері олардың шынайылықтарының бір дәлелі. Өйткені олардың табысқа жетулерінің сыры да олардың бұл дүниенің мал-мүлкіне көңіл бөлмеулері болып табылады.

2.Әділ билік байлардың ризалығына бөлену үшін қоғамның төменгі табын жоғалтпауы қажет. Керісінше орынсыз күтулер мен дәметулерге көңіл бөлмеуі керек.

«Һуд» сүресінің 31 аяты:

« و لا اقول لکم عندي خزائن الله و لا اعلم الغيب و لا اقول انٌي ملک و لا اقول للذين تزدري اعينکم لن يؤتيهم الله خيرا الله اعلم بما في انفسهم انٌي اذاً لمن الظالمين »

Мен сендерге: «Жанымда Алланың қазыналары бар демеймін де, көместі де білмеймін. Мен бір періштемін де демеймін. Сондай-ақ көздеріңе ілмейтіндерге: «Алла әсте жақсылық қылмайды» демеймін. Алла олардың ішіндегілерді жақсы біледі. Ол уақытта мен залымдардан болармын» (деді.) (31).Хазірет Нұх өзінің қауымымен сұхбатының жалғасында кейбір адамдардың орынсыз күтулерінің басқа жайттарына жауап береді. Олар хазірет Нұх өзінің ықтиярындағы алтын қазынасын олар мен басқаларға тарту етеді немесе оның ғайып ғылымынан хабардарлығы (көріпкелдігі) олардың болашағын болжай алады немесе Нұх олардың тұрмыстық қиыншылықтарын ғайып ілімімен шешеді деп күтті. Бәрінен бұрын кәпірлер Алланың пайғамбарынан оның періштелер сынды өмір сүріп, су мен тамақты, жұбайды және басқа да материалдық қажеттіліктерге мұқтаж болмауды, оның олардан артық тіршілік иесі болуын күтті. Бірақ хазірет Нұх мұндай орынсыз талаптарға жауап беріп: «Мен қарапайым өмір сүретін қатардағы адаммын. Мені мен сендердің арамыздағы жалғыз айырмашылық, ол Алла маған уәһи түсіреді. Мен соларды хабарлап, орындауға міндеттімін. Сондықтан не қазына-байлығым, не ғайып әлемнен хабарым жоқ. Бірақ Алла не нәрсені дұрыс деп санаса, соны маған үйретеді. Мен қалай болғанда да адамның мүмкіндігінен асып, періштеге айналмаймын. Менің ізбасарларымнан да күтетіндерің бекер.  Мүміндер ақсүйектер мен байлар болуы керек деп, менің серіктерімді төмен санайтындықтарың орынсыз. Мен оған көңіл аудармаймын. Өйткені Алла Тағала адамдардың ішкі дүниесінен хабардар. Алла оларға сендерге бермеген жақсылықтарды тарту етуі мүмкін. Сондықтан оларды қуып, оларды теріске шығару оларға зұлымдық жасау болып саналады. Мен мұндай іске бармаймын» деді. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Пайғамбардың міндеті адамдарды тарту үшін үлкен және бос уәждер айту емес, халықты шақырып, тура жолға нұсқау.

2.Илаһи пайғамбарларға қатысты зорайтып, олар туралы артық айтпайық

«Һуд» сүресінің 32  аяты:

« قالوا يا نوح قد جادلتنا فاکثرت جدالنا فاتنا بما تعدنا ان کنت من الصٌادقين »

Олар: «Әй, Нұх! Рас бізбен жанжалдастың, сондықтан тартысуды көбейтіп жібердің. Егер сөзің шын болса, енді бопсалаған нәрсеңді бізге келтір» деді (32).

Қисын мен дәлелден алыс адамдар жауап бере алмайтын кезде дұрыс сөзді дау-дамай, тартыс деп есептеп, дұрыс сөзге тоқтаудың орнына орынсыз басқа талаптарын көлдеңең тартады. Хазірет Нұхтың қарсыластары оның қисынды да анық сөздеріне мән берудің орнына: «Бұл сөздеріңді енді доғар. Егер өзіңнің айтқан уәждерің рас болса, бізге Алланың азабын жібер» десті. Азап пайғамбарлардың қолында емес. Алла қай уақытта қаласа, қай уақытта қажет деп тапса сол кезде өзінің азабын жібереді. Өйткені жазалаудың негізі  қияметте. Жазалау осы дүниеде тек Алланың рұқсатымен ғана жүзеге асады. Осы аяттан үйренетініміз:

1.Алланың мұрсатын азап түсірілмегендіктен біздің ісіміз бен жолымыз дұрыс екен деп, яғни өзіміздің жолымыздың шынайылығының дәлелі деп емес, өткенді түзету үшін берілген мүмкіндік деп қабылдайық.

2.Хазірет Нұх қауымына олардың өздері дайын екендіктері мен қалауларын мәлімдеген соң барып қарғыс айтты.