Жел 29, 2016 18:27 Asia/Almaty

Һуд сүресі, 332-ші бөлім, 20-24 аяттар

«Һуд» сүресінің 20 аяты:

« اولئک لم يکونوا معجزين في الارض و ما کان لهم من دون الله من اولياء يضاعف لهم العذاب ما کانوا يستطيعون السٌمع و ماکانوا يبصرون »

Бұлар жер жүзінде Алланы нашарлата алмайды. Әрі олардың Алладан өзге жәрдемшілері жоқ. Оларға азап еселеніп отырады. Өйткені, олар ести де, көре де алмайды (20).

Өткен аяттарда адамдарды Алланың жолынан тосқауылдайтын әркімнің осы дүние мен ақыретте Алланың азабына ұшырайтындығын айттық. Осы аят былай дейді: «Олар Алланың қаһарынан қашып құтыламыз немесе тіпті, егер өздерінің барлық серіктерін көмекке шақырса да Алланың құдіретін жеңеміз деп  ойламасын». Аяттың жалғасы: «Мұндай адамдардың азабы екі есе. Өйткені олар өздерінің адасуларымен қоса, басқалардың адасуына да себепкер болды. Сондықтан олардың күнәларын да иықтарымен көтереді» дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Қияметтің жазалау жүйесінде не қылмыскерлердің қашар мүмкіндігі болмайды, не билеушілер мен жалған құдайлардың оларға қолдау көрсетіп, жәрдемдесетін күші болмайды.

2.Қырсықтық пен ырымшылдықтың кәпірлердің көздерін тұмшалап, құлақтарын керең еткені соншалықты, олар хақты көріп, ести алмайды.

«Һуд» сүресінің 21-22 аяттары:

اولئک الذين خسروا انفسهم و ضلٌ عنهم ما کانوا يفترون » ،  لاجرم انٌهم في الاخرة هم الاخسرون»

 Міне солар, өздеріне зиян етеді. Жасама Тәңірлері олардан безіп жоқ болады (21). Күдіксіз олар, ақиретте өте зиянға ұшырағандар (22).

Адасқан жетекшілердің тағдырларын баяндаған алдыңғы аяттың жалғасында бұл аят былай дейді: «Өздерінің тіршіліктерінің капиталын уыстан шығарғандар мәңгілік зиянға ұшырағандар.  Исламдық мәдениетте дүние адамдардың өмір капиталы мен өздерінің амалдарын сатылымға қоятын базар саналады. Сатып алушы көп: Алла Тағала, шайтан, басқалар және нәпсінің қалауы. Осылардың ішінде тек Алла Тағала ғана біздің капиталымызды ең жоғары бағамен сатып алады. Оның төлем уәдесі кесімді әрі міндетті түрде. Егер өзімізді Алладан басқаға сатсақ өзімізге зиян еткеніміз. Өйткені қол жеткізетін нәрсеміз бұл дүниеде таусылады. Біз оны ақыретте қатты қажетсінетініміз, бірақ осы дүниеде қол жеткізгеніміз ол жаққа жол таппайды. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Дүние-мүлік пен дәрежемізді жоғалту – зиян. Бірақ үлкен зиян, ол адамшылықты жоғалту.

2.Дүниелік шығынның орнын толтыруға болады. Бірақ өмір оның шығынының орнын толтыруға болатындай қайтып келмейді.

 «һуд» сүресінің 23 аяты:

« ان الذين آمنوا و عملوا الصالحات و اخبتوا الي ربهم اولئک اصحاب الجنٌة هم فيها خالدون»

Дау жоқ, иман келтіріп ізгі іс істегендер, раббыларына бой ұсынғандар, олар жаннаттық. Олар онда мәңгі қалады (23).

Осы дүние мен ақыретте зиянға ұшырап, тозаққа жол тапқан бұрмалаушыларға қарсы Алланың алдында қарапайым, жуас, түзу мүміндер мәңгілік пайда табады. Олар Алланың рақымы – пейішке нұсқалады. Осы аяттың мойынсұну мен жуастық рухын қуаттауы мүміндерге қатер төндіретін қатердің көрсеткіші. Діндарлықтан туындайтын менмендік құлшылық рухымен сәйкеспейді.  Мінез-қылықтарында бағынбаушылық пен кердеңдік үстемдік ететін кәпірлерге қарсы мүміндер мойынсұнғыш. Әлбетте тек Пәруәрдігердің алдында. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Сыртқы амал жеткілікті емес. Илаһи сыйда жүрек пен рухани ахуал маңызды рольге ие.

2. Илаһи тәрбиеде қорқыту мен ынталандыру бір-бірімен қатар тұрады. Адасушылар қорқытылса, пәктер мен ізгілер ынталандырылады.

«Һуд» сүресінің 24 аяты:

« مثل الفريقين کالاعمي و الاصم و البصير و السٌميع هل يستويان مثلاً افلا تذکٌرون »

(Кәпір, Мұсылман) екі топтың мысалы саңырау мен естуші тәрізді. Мысал тұрғысынан екеуі тең бе? Түсінбейсіңдер ме? (24).

Осы аяттардың жиынтығының соңында Құран анық және қонымды мысалды баяндау арқылы кәпірлер мен мүміндердің жағдайын былайша суреттейді: кәпірлер хақты көрмейді, естімейді және оны қабылдауға әзір емес. Сонда шын мәнінде соқыр және керең. Мүміндер қырағылықпен, хаққа көңіл аударып, оны қабылдайды. Сонда олар нағыз көреген және естушілер. Бірақ, өкінішке орай, адамдар бұл ақиқатқа аз көңіл аударып, ғибрат алмайды. Иә, адамның денесінің көзі бардай және сезетіндігі сынды, адамның рухы да көзге ие, яғни рухани істерді түсінеді.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Адам жануарлар сынды сезу қабілетіне ие. Бірақ адамның жануарлардан артықшылығы рухани ақиқаттарды көре алуында.

2.Жақсы мен жаманның, сұрықсыз бен сұлудың, ізгі іс істеуші мен жаман іс істеушінің арасын салыстыру тәсілі қоғамның адамдарын тәрбиелеудегі құрани әсерлі тәсілдердің қатарына жатады.