Һуд сүресі, 331-ші бөлім, 17-19 аяттар
Һуд сүресі, 331-ші бөлім, 17-19 аяттар
« افمن کان علي بيٌنة من ربه و يتلوه شاهد منه و من قبله کتاب موسي اماماً و رحمة اولئک يؤمنون به و من يکفر به من الاحزاب فالنار موعده فلاتک في مرية منه انه الحق من ربٌک و لکن اكثر النًاس لايؤمنون »
«Раббынан ашық бір дәлелі болған және оған жалғас куәсы да болған, сондай-ақ бұрынғы жетекші әрі игілік түріндегі Мұса (Ғ.С.)-ның Кітабына ие болған кісілер, міне солар Құранға сенгендер. Әрқандай топтардан кім Құранға қарсы келсе онда оның уәделі орны от. (Мұхаммед Ғ.С.) сен де одан күдікте болма. Расында Құран Раббың тарапынан бір хақиқат. Бірақ адамдардың көбі сенбейді (17)».
Ислам пайғамбарына иман келтірмеген топтардың ішінде әртүрлі сылтаулар мен Құранның ақиқаттығы мен хазірет Мұхаммедтің пайғамбарлық міндетін қабылдағысы келмеген Мединенің яхудилері де болған. Алла Тағала осы аятта соларға қаратып: «Сендер хазірет Мұса (ғ.с)-ның міндеті мен Таураттың хақиқаттығына сенбеуші ме едіңдер? Ондай болса, Алланың осы міндет пен жауапкершілікті басқа адамға тапсырғанына неге таңырқайсыңдар? Неге мойынсұнбайсыңдар? Мұсадан кейін пайғамбарлық міндет есігі жабылып, басқа пайғамбар келмейді дегенге қандай дәлелдерің бар? Сендер Таурат уәделері негізінде келесі пайғамбардың келуін күтіп жүрген жоқсыңдар ма? Хазірет Мұхаммадтың белгілерін Таураттан оқымап па едіңдер? Егер шынымен де Тауратқа сенетін болсаңдар, хазірет Мұхаммед пен оның кітабы Құранға да сенулерің керек. Әйтпегенде сендердің де басқа кәпірлер мен мүшріктер сынды орындарың тозақ» дейді. Бірақ осы аятта Таураттың ислам пайғамбарының хақиқаттығына куәлік етуімен қоса хазіреттің хақиқаттығына куәлік ететін пайғамбар әулетінің бір адамына да тоқталған. Рауаят негізі бойынша, ол адам Әли (ғ): оның әділдігі мен шыншылдығына бүкіл ғұмыры куә пәк адам; ислам пайғамбарына иман келтірген алғашқы адам. Бірақ Әлидің (ғ) куә болуы оның пайғамбармен туыс болуына байланысты емес. Өйткені Әбу Ләһаб та пайғамбардың туысы болды. Алайда ол пайғамбардың міндетін жасынға шығарып, оның мазасын алып, қинады. Сол кезде Құранда осы мәселеге қатысты сүре түсірілді. Аяттардың жалғасы мына маңызды жайтты баса айтады: көпшіліктің күпіршілігі мен теріске шығарулары сендердің хақиқат жолы мен ойларыңда күмәндануға себеп болмасын. Өйткені мына Құран – Алланың сөзі. Ол жерде жарамсыздыққа жол жоқ. Осы аяттан үйренетініміз:
1.Шыншыл және лайық ізбасарлардың болуы аспандық пайғамбарлардың хақиқат белгілерінің бірі.
2.Көпшілік бір ой-пікір ақиқатының өлшемі емес.
3.Бастауы ақыл немесе уәһи нәрсе көпшілік қабылдамаса да, топтардың оған қарсы тұратындығына қарамастан хақ.
«һуд» сүресінің 18-19 аяттары:
« و من اظلم ممًن افتري علي الله کذبا اولئک يعرضون علي ربًهم و يقول الاشهاد هؤلاء الذٌين کذًبوا علي ربًهم الا لعتة الله علي الظالمين » ، « الذين يصدًون عن سبيل الله و يبغونها عوجا و هم بالاخرة هم کافرون»ترجمه اين آيات چنين است :
Аллаға өтірік жала жапсырғаннан кім залымырақ. Міне бұлар, Раббыларының хұзырына шығарылады. Сондай-ақ айғақтары да: «Міне бұлар, Раббыларына өтірік айтқандар» дейді. Естеріңде болсын! Алланың қарғысы залымдарға тән (18). Олар сондай Алланың жолынан тосады да оны қисайтуға тырысады. Тағы олар ақиретке қарсы келушілер (19).
Илаһи пайғамбарлардың бірінің міндетін теріске шығару, шын мәнінде Аллаға жала жабушылықтың бірі түрі болып табылады, яғни Оның қолы басқа пайғамбарларды жіберуден тыйылып, Ол тарапынан уәһидің түсірілуі тоқтаған сынды. Жалған міндет (ресалат) деген уәж – Аллаға жала жабушылық, Алла Тағала бұйырмаған нәрсені Алламен байланыстыру. Осы аят былай дейді: «Қандай түрде болмасын Аллаға жала жабатын әркім қияметтің сотына дайын болсын. Ол өзінің орынсыз уәждеріне Алланың алдында жауап беруі тиіс болады. Ол сотта теріске шығаруға орын болмайды. Өйткені ол жерде адамзаттың барлық іс-амалдарынан хабардар Алладан басқа көргендері мен естігендеріне куәлік ететін куәлер де болады. Құран аяттары негізінде қияметтің сотында әр үмбеттің пайғамбарлары мен илаһи әулиелер өз үмбетінің амалдарына куәлік етеді. Әр адамның жанындағы екі періште мен оның аяғының астындағы жер, дене мүшелері адамның осы дүниеде істегендеріне куәлік ететін болады. Осыншама куәлердің арқасында бірнәрсені теріске шығаруға болмайтындығы табиғи нәрсе.
Ақыреттегі жаза мен қоса осы дүниеде де мұндай адамдар илаһи лағынетке ұшырап, Алланың шексіз рақымынан мақұрым қалады. Өйткені олар ең үлкен зұлымдықтардың бірі, яғни адамдардың ойы мен мәдениетіне қылмыс жасады. Олар өздері ғана адасып қоймай, басқаларды да тура жолдан тайдырып, Алланың жолын қисық әрі бұрыс етіп көрсетті.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Қалам иелері мен шешендер өздерінің жазбалары мен сөздеріне абай болулары керек. Олар тарапынан айтылған немесе жазылған бір жалған сөздің өзі адамдардың үлкен тобының адасушылығына себеп болады.
2.Алланың жолы жарық және тура. Дұшпандар адамдарды алыстату үшін наным-сенім және жаңашылдық орнатып немесе адастыратын күдіктер мен сауалдар тудырып, оны қисық және бұрыс деп көрсетеді.