Жел 29, 2016 18:51 Asia/Almaty
  • Нұрлы жол (329)

Нұрлы жол (329)

«Һуд» сүресінің 9-10 аяттары:

Егер біз адам баласына мәрхамет нәсіп етіп, сонан кейін оны одан алсақ, сөзсіз ол мүлде күдер үзіп, өте қарсы келеді. (9) Алайда оған тиген зияннан кейін, нығметтерімізді татырсақ, әрине: «Ол жамандықтар менен кетті» деп, күдіксіз ол қуанып, мақтанады (10).


Осы аяттар нығметті жоғалтқанда үмітсіздік пен өкінішке бой алдырып, ал нығметке қол жеткізу арқылы тәкәппарлық пен менмендікке салынатын адамның рухани және психологиялық ерекшеліктерінің біріне тоқталады. Әрбір нығмет Алланың мейірімінің белгісі емес, сол сияқты әрбір қиыншылық илаһи қаһардың белгісі емес. Бұл екеуі де Алланың адамды әртүрлі жағдайларда сынайтын сынақтары. Сонымен қатар осы аяттар үнемі біркелкі болмаған және болмайтын дүниенің ерекшелігін баяндайды: дүниенің нығметтері де тұрақты әрі баянды емес, сол сияқты оның қиындықтары да тұрақты әрі мәңгілік емес. Бірақ рауаяттар негізі бойынша дүниенің екі беті бар: дүние кейде сенімен бір жақ, кейде саған қарсы. Дүние сенің пайдаңа болған кезде кеудеңді керме, саған зиянды болған кезде сабырлы бол. Екі жағдайда да сыналасың.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Адамның мүмкіндігі аз. Адам бір нығметті жоғалту арқылы илаһи кең рақымнан үміт үзеді.

2. Алланың нығметтері біздің талап-тілегіміз бен еңбегіміздің жемісі емес, оның даналығы мен рақымының белгісі. Сондықтан Оған шүкір айтайық.

3. Қиындықтар мен қуаныштардың барлығы өткінші. Сондықтан мәңгілік дүние туралы ойлайық.

«Һуд» сүресінің 11 аяты:

Бірақ сабыр етіп, ізгі іс істегендер, міне солар үшін жарылқау және зор сауап бар (11).

Көңілдің құлазуы мен жақсы көңіл-күйге қарсы, нағыз бақытқа тек сабыр иесі ғана жетеді. Тек Аллаға деген иманның арқасында ғана орнаған сабыр, әйтпегенде бұл сабыр реніш пен дерттен басқа ештеңе емес. Құранның барлық аяттарында түзу амал иманмен қатар айтылып, «амано уа амилу ассалехат» тіркесі қайталанған. Бірақ осы аятта ғана сабыр мен түзу амал қатар айтылады. Бұл иманның сабыр мен табандылыққа жетудегі ролінің көрсеткіші. Бірақ иманнан туындайтын сабыр тек қиындықтардың алдында ғана қарсы емес, сонымен қатар бақуаттылық пен шаттықта да сабыр сақтау қажет. Әйтпегенде ол бүлік пен кердеңдікке ұласады. Осы аяттан үйренетініміз:

  1. Мүмін адам барлық жағдайда түзу амал иесі: бақуаттылық пен кеңшілікте де, қиындықтар мен тапшылықта да.
  2. Иман негізіндегі сабыр тәтті де жағымды. Өйткені ол илаһи сыйлыққа жеткізеді.

«Һуд» сүресінің 12 аяты:

(Мұхаммед Ғ.С.) бәлкім сен олардың: «Оған қазына неге түсірмейді? Яқи онымен бірге періште неге келмейді?»,- деулеріне көңілің тарайып, уақи етілген нәрсенің кейбірін тастауың ықтимал. Шынында сен бір ескертушісің. Алла әр нәрсеге кепіл. (12)

Адамның мүмкіндігінің аз екендігі туралы алдыңғы аяттың соңынан кейін осы аят былай дейді: «Егер пайғамбар да Алланың ерекше мейіріміне бөленбегенде, Алла Тағала оның ақылын нұрландырмағанда ол да қарапайым адамдар сынды тілтигізушілік, жала жабушылық пен кемсітушілікке төзбеген болар еді. Илаһи жолдаудың бөлімін хабарлаудан тартынып: «Бұлар мұндай ағартушылық пен илаһи ақиқаттарға лайық емес немесе бұлар бұл илаһи ахкамды жүзеге асыратын адамдар емес. Сондықтан әзірше уәхидің бұл бөлімін оларға айтпай-ақ қояйық» дер еді.

Алла Тағала былай дейді: «Біріншіден, мұндай күйзелістер мен қуаныштарға жүрегің ауырмай-ақ қойсын. Алла бақылаушы, Ол лайықты жауапты береді. Екіншіден, сенің міндетің хабарлау әрі ескерту. Олардың қабылдаған, қабылдамағандарыңа жауап бермейсің. Сен Алланың сөздерін оларға айт, қаласа ақыл тыңдар, қаламаса құлақ аспас». Шын мәнінде бұл аяттар пайғамбарға қаратып: «Илаһи жолдауды жедел хабарлау қажет. Ешқандай себепсіз оны баяндауды кешіктірме, қырсық адамдардың қабылдамайтындықтарына байланысты немесе қарсыластардың бос сөздеріне бола илаһи жолдау кешікпесін». Осы аяттан үйренетініміз:

  1. Дін уағыздаушы Алланың сөзін жеткізуде кесімді болуы керек. Адамдардың сөздері мен сараптамаларына көңіл бөлмеуі керек.
  2. Біздің әрқайсымыз сенің нәтижеңнің емес, өзіміздің міндетімізді орындауға кепілміз. Өзіңнің міндетіңді орында. Қалған істерді Аллаға тапсыр.
  3. Пайғамбарлардың міндеті оларды иманға келу мен қабылдауға мәжбүрлеу емес, халыққа ескертіп, оларға илаһи уәхиді жеткізу.