Нұрлы жол (328)
Нұрлы жол (328)
«Һуд» сүресінің 6 аяты:
« و ما من دابة في الارض الا علي الله رزقها و يعلم مستقرٌها و مستودعها کلٌ في کتاب مبين»
«Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі Аллаға ғана тән. Ол, олардың тұрақты, тұрақсыз орындарын біледі. Барлығы ашық бір Кітапта (6)».
Осы аят екі тақырыпқа тоқталады: біріншісі Алланың мол ырзығы, ал екіншісі Алланың жан-жақты ғылымы. Осы аят пен Құран Кәрімдегі осыған ұқсас аяттардың негізі бойынша Алла Тағала тіршіліктің ғана Жаратушысы емес, сонымен қатар оларды ризықтандырушы да. Яғни, Алла Тағала олардың қалған керек-жарақтарын да дайындап қойған. Бұл адамға ғана қатысты емес, сонымен қатар Алланың осы әмірі ірілі-ұсақты әрбір жәндікті де қамтиды.
Алла тағала бір жақтан жаратылыстардың су, қорек, оттегі, нұр, жылу және басқа қажеттіліктерінің барлығын жаратып, жер бетінде дайындап қойған. Екінші жақтан оларды қалай пайдалану керектігін де өзінің жаратылыстарына үйреткен. Алла Тағала дүниеге келген жас нәрестенің қорегін оның анасының кеудесінде дайындап, қауқарсыз нәресте оңай қоректенуі үшін оған емуді үйреткен. Мұндай жан-жақты ырзықтандыру барлық жаратылыс иелері мен олардың қажеттіліктері үшін ғылым мен жан-жақты хабардарлықты қажет етеді. Жәндіктердің қажеттілігі олардың қозғалысы мен орын алмастырулары арқылы қамтамасыз етіледі. Осы істердің барлығы илаһи ырзық үлестіруден көрініс тапқан. Өйткені мұның барлығы Алланың жанында тіркеліп, анық жазылған. Осы аяттан үйренетініміз:
- Алла Тағала жаратылыстардың ырзығын қамтамасыз етіп, оны Жаратушының міндетіне кіретін жаратылыс иелерінің құқықтарының бірі деп есептейді.
- Илаһи ырзықтандыру біздің талпынысымыз бен ынтамызға қатыссыз емес. Керісінше негізінен талпыныссыз ырзыққа жету мүмкін емес.
«Һуд» сүресінің 7 аяты:
« و هو الذي خلق السٌموات و الارض في ستة ايام و کان عرشه علي الماء ليبلوکم ايٌکم احسن عملا و لئن قلت انکم مبعوثون من بعد الموت ليقولنٌ الذين کفروا ان هذا الا سحر مبين »
Ол Алла қайсыларың жақсы ғамал істейді деп, сынау үшін көктер мен жерді алты күнде жаратты. Оның ғаршысы су үстінде еді… (Ғаршыдан кейін су жаратылған). (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер сендер өлгеннен кейін тірілесіңдер» десең, кәпірлер: «Мынау ашық жадыдан басқа дәнеңе емес» дейді (7).
Осы және Құран Кәрімнің басқа аяттарынан жаратылыс әлемінің алғашқы материалы су немесе су тектес материал болған деген түсінік қалыптасады. Алла Тағала жаратылыстың негізін соған қалаған. Оның өзі бір сәтте, бірақ ұзақ алты кезеңде орын алды. Жаратылысты, адамды жаратудағы мақсат сынақ пен емтихан жүйесінің арқасында жүзеге асатын оның дамуы мен кемелдікке жетуін көздеді.Бүгінде оқып, үйренушілердің талпыныс түрткілері мен олардың ғылыми дамуларын оқу жүйелеріндегі апталық, айлық және жылдық сынақтар бірінен соң бірі қамтамасыз етіп жатыр. Илаһи жүйеде де кімде-кім жақсырақ ғамал жасаса, жоғары орынға ие болады. Илаһи сынақтағы қабылдану өлшемі ғылым мен біліммен бірге жасалған ғамал болып табылады. Әрбір сынақ пен емтиханның бір топтың немесе бір адамдардың қабылданып, келесі бір топтың қабылданбауымен аяқталатындығы қалыпты жағдай. Өмір сынағының нәтижесі де басқа дүниеде жарияланады. Соған сәйкес әрбір адам өзінің ғамалдарының сыйлығын алып немесе өз істерінің кемшіндігі мен бұрыстығының жазасын алады. Осы аяттан үйренетініміз:
- Алланың құдіретінің барлық нәрсені бір сәтте жаратуға жететіндігіне қарамастан, Алланың хикметі жаратылыстың біртіндеп жүзеге асуын талап етеді.
- Ғамалдың сапасы маңызды: көп ғамал емес, жақсы әрі сапалы ғамал маңызды.
«Һуд» сүресінің 8 аяты:
« و لئن اخٌرنا عنهم العذاب الي امة معدودة ليقولنٌ ما يحبسه الا يوم ياتيهم ليس مصروفاً عنهم و حاق بهم ما کانوا به يستهزؤن . »
Егер олардан азапты белгілі бір мерзімге дейін кешіктірсек, әрине олар: «Оны не тосты?»,- дейді. Сақ болыңдар! Оларға азап келген күні солардан қайтарылмайды. Олардың мазақ қылған нәрселері бастарына жетеді. (8)
Илаһи пайғамбарлар адамдарға үнемі Аллаға мойынсұнбаушылық пен күнә жасап, қылмыс жасағандар осы дүниеде Алланың қаһарына ұшырайды деп ескертті.Бірақ өздерінің надандықтары мен тәкәппарлықтарына шырмалған күнәһарлар осы ескертулерге құлақ асып, тәубеге келудің орнына пайғамбарлардың сөздерін қалжың деп қабылдап, келекеге айналдырды. Алла Тағала осы аятта: «Егер азаптың түсірілуін өзіміздің мейіріміміз бен рақымымызға байланысты кешіктірсек, ол оны теріске шығару деген мағынада емес. Керісінше, күнәһар қоғам міндетте түрде осы дүниеде азапқа душар болады. Келеке еткен нәрсе олардың сорына айналады. Азаптың кешіктірілуінің тәубеге негіз дайындайтындығы және бір топтың осы жол арқылы илаһи рақымға жететіндігі белгілі. Бірақ қалай болғанда да ол мұрсаттың да белгілі уақыты бар. Ол да бір күні аяқталады. Осы аяттан үйренетініміз:
1.Илаһи мүмкіндік күнәһарлардың күнәларын жою үшін мұрсат.
2.Тіл тигізу, келеке ету, кемсіту – кәпірлердің діни ақидалармен жасайтын қатынас тәсілі. Өйткені олар мүміндердің қисынының алдында мықты қисынға ие емес.