Нұрлы жол (326)
Нұрлы жол (326)
«Юныс» сүресінің 107-ші аяты:
(Мұхаммед Ғ.С.) егер Алла саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Алладан басқа айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір жақсылық қаласа, оның кеңшілігін тойтарушы жоқ. Ол оны құлдарынан қалаған кісісіне береді. Ол өте жарылқаушы, ерекше мейірімді (107).
Өткен бағдарламада сөз болған соңғы аяттарда Алла Тағала пайғамбарға «мүшріктердің алдында кесімді бол, өзіңнің ойың мен таухидіңді тура мәлімде. Олардың тартымдылығына бола олармен ымыраға келіп, жұмсақтық танытпа» деген болатын. Осы аят алдыңғы тақырыпты жалғастырып: «Сенің пайдаң мен зияның да, тыныштығың мен күйзелісің де, барлығы дерлік Алланың қолында екендігін біл. Одан басқа ештеңе де, ешкім де саған жақсылық пен нығмет сыйлап немесе оны сенен тартып алмайды. Сол сияқты Оның рұқсатынсыз ешкім де біреуге зиян шектіре алмайды» деді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Мүшріктер мен кәпірлер иманнан жалтару арқылы Алланың еркінен шықпағандықтарын және Алланың не қаласа олар үшін орын алатындығын білуі тиіс.
2.Адамға жасалатын жақсылық пен нығмет адамның еңбегі емес илаһи мейірімнің белгісі.
«Юныс» сүресінің 108 аяты:
(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй, адам баласы! Сендерге раббыларыңнан хақ келді. Енді кім тура жолда болса, өзі үшін тура жолда болады. Ал енді біреу адасса, өз зиянына ғана адасады. Мен сендерге кепіл емеспін» де (108).
«Юныс» сүресінің соңында пайғамбар көпшілікке қаратып былай дейді: «Менің міндетім – сендерге илаһи уәһиді жеткізу және Оның тарапына насихаттау және шақыру. Сендерді оны қабылдауға мәжбүрлеуге хақым жоқ. Сендердің әрқайсыларың өз еріктеріңмен оны қабылдап, тура жолға нұсқала аласыңдар немесе жасынға шығарып, адасасыңдар. Бірақ сендердің күпірліктерің мен имандарыңның мені мен Алла үшін ешқандай айырмашылығы жоқ екендігін және оның пайдасы мен зиянының өздерің үшін екендігін біліңдер. Сондықтан Алла Тағала сендерге мұқтаж емес. Мен де өзімнің міндетімді атқардым. Сендердің иман келтірулерің бойынша міндетім жоқ». Осы аяттан үйренетініміз:
1.Алла Тағала адамдарға дәлелдер келтіруді аяқтап, оларға хақ жолын көрсетті. Жолды өткеру адамдардың өздерінің мойнында.
2. Үлемдер мен дін уағыздаушыларының міндеті оларды мәжбүрлеп қабылдауға міндеттеу емес, адамдарға бағыт беріп, жол нұсқау.
«Юнес» сүресінің 109 аяты:
Саған уақи етілгенге ер. Сондай-ақ Алла бір үкім бергенге сабыр ет. Ол үкім берушілердің қайырлысы (109).
Осы сүренің соңғы аяты илаһи жолдың тұрақтылығы мен баяндылығын, сонымен қатар аспандық уәһиге еруді тағы да қуаттап, алдымен пайғамбар мен оның соңындағы мүміндер мен серіктерін жалғандықты жеңу уақытына дейін сабыр сақтап, шыдамдылық танытуға шақырады. Пұтқа табынушылар мен залымдардың мүміндердің жолында көптеген кедергілер мен қиындықтар тудыратындығы қалыпты жағдай. Олардың алдында табандылық танытып, шыдау қажет. Жолдың қиындығынан қорықпау керек. Қалай болғанда да Алла Тағала барлық нәрсені көріп, бір күні әділет негізінде олардың арасында төрелік етеді. Сонымен қатар осы дүниеде де зұлымдарға қарсы табандылық жеңіске жетіп, хақ жолының үстемдік етуіне ұласады. Осы аяттан үйренетініміз:
- Адамдар иман келтіру немесе кәпір болғысы келуге ерікті, бірақ олардың күпірлігі біздің күмән мен күдігімізге себеп болмайды, керісінше біз өзіміздің жолымызда мықты және нық тұрып, илаһи бұйрықтардың соңынан ілесеміз.
- Өзіміздің міндетімізді іске асырып, болашаққа алаңдамайық. Өйткені болашақ ең жақсы төреші Алланың қолында.