Нұрлы жол (325)
Нұрлы жол (325)
«Юныс» сүресінің 101-ші аяты:
(Мұхаммед Ғ.С.): «Қараңдар! Көктер мен жерде не бар?»,- де. Сенбейтін қауымға дәлелдер, ескертулер пайда бермейді (101).
Алдыңғы аяттарда күпіршілік пен жасынға шығарудың себебі аяттар мен илаһи белгілер туралы ойланбау екендігі айтылды. Осы аят ой мен ойлануды қуаттап, өткір және нақты көзқарасты дұрыс әрі терең иманның алғышарты деп санайды. Алдыңғы аяттар негізі бойынша иман мәжбүрлі емес, ерікті сипатқа ие болуы керек. Сол себепті осы аяттар адам өзінің түсінігі арқылы иманды қабылдап, соған табанды болуы үшін ой мен ойлануды қуаттайды. Аспандар мен жерде және болмыстың жаратылысындағы көптеген таңқаларлық қызықтарды зерттеп, зерделеудің адамды жалғыз Жаратушыға мойынсұнуға итермелейтіндігі қалыпты іс. Бірақ кейбір адамдар ұлылықтың барлық белгілерін көре тұра, бәрібір иман келтіруге дайын болмайды. Оларға күдік, күмәнмен қарап немесе бірден теріске шығару жолына бет бұрады. Осы аяттан үйренетініміз:
- Жаратылысты зерттеу және сол туралы ойлану Алланы танудың тура жолы.
- Белгілерді көру мен Хақ Тағаланың сөздерін есту жеткілікті емес. Оны қабылдау үшін адамның шешімі мен жігері қажет.
«Юныс» сүресінің 102 аяты:
Олар өздерінен бұрын өткендердің бастарына келген күндер тәріздіні ғана күтеді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Онда тосыңдар! Расында мен де сендермен бірге тосамын! »,- де (102).
Өткен аяттарда Алла қарсыластарды аспан мен жердегі илаһи белгілерге мұқият назар салуға шақырды. Осы аятта былай дейді: «Илаһи белгілер туралы ойланғысы келмейтіндер қиын және азапқа толы күндерді күтсін. Өйткені Алланың сүннеті бойынша адамзат қоғамдары адамдардың өздері сынды тағдырға ие. Егер адамдардың көбісі түзу болса, қоғам түзелуге бет бұрады. Олардың арасында пасық адамдар да болса, егер қоғамның адамдарының көпшілігі бұзылған болса, қоғам бұзылуға бет алады. Олардың арасында түзу адамдардың болғандығына қарамастан, олар жазаланады». Нұх пен Луттың және Һоудтың қауымдары сынды өткен қауымдардың тарихы осы илаһи тұрақты сүннеттің көрсеткіші. Сондықтан ислам пайғамбары Алла тарапынан Меккенің мүшріктеріне «егер сендер де илаһи жетекшіліктің алдында қарсылық танытсаңдар, сол қауымдардың тағдырына душар боласыңдар» деп айтуға жауапты болды. Осы аяттан үйренетініміз:
- Алланың сүннеті қашанда өзекті. Ол барлық адамдарды қамтиды.
- Өткендердің тарихы болашақ ұрпақ үшін ғибрат айнасы.
«Юныс» сүресінің 103 аяты:
«Сонсоң елшілерімізді, иман келтіргендерді құтқарамыз. Осылайша иман келтіргендерді құтқаруымыз бізге міндет (103).
Осы дүниеде азаптың түсірілетіндігі туралы алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Бірақ Алланың әділдігі күнәһар мен күнәсіздің бірге жазаланып, жақсы мен жаманның бірге күюіне рұқсат бермейді. Жазаға лайық әрбір қауым, тек күнәһарлар мен солардың күнәларының алдында үнсіздік танытып, немқұрайлық танытқан адамдар ғана азапқа ұшырайды. Басқа мүміндер азаптан құтқарылады. Бұл мүміндерді күнәһарлардың отына күйдірмейтін Алланың кесімді уәдесі мен сүннеті». Осы аяттан үйренетініміз:
1.Нағыз мүміндер осы дүниеде де илаһи қаһардан қорғалады. Тіпті бұзылған қоғамның ортасында болса да.
2. Болашақ мүміндерге тиесілі. Өйткені күнәһарлар өліп, мүміндер құтқарылады.
«Юныс» сүресінің 104 аяты:
(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй, адам баласы! Менің дінімнен күдікте болсаңдар. Ал онда мен сендердің Алладан өзге табынғандарыңа табынбаймын; бірақ сендерді өлтіретін Аллаға құлшылық қыламын және иман келтірушілерден болуға бұйырылдым» де (104).
Мүшріктерге қаратып айтылған және олардың тағдырлары туралы болған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Егер олар сен өзіңнің жолыңда солқылдақтық танытып, күмәнға бой алдырсаң, кейде сенімен ымыраға келе аламыз деп ойласа, оларға кесімді түрде былай де: «Мен ешқашан Алладан басқаға табынбаймын. Ешқашан сендердің пұттарыңның алдында бас имеймін. Мен менің және сендердің өлімдерің Соның қолындағы Аллаға табынамын. Сендер ешқашан одан қашып құтыла алмайсыңдар, пұттар да сендерді өлімнен құтқара алмайды».
Осы аяттан үйренетініміз:
- Олардың сандарының көп болғандығына қарамастан, басқалардың күдік, күмәндері біздің күдіктеніп, шәктенуімізге себеп болмасын. Керісінше өзіміздің хақ жолымызда табанды болайық.
- Біздің өліміміз бен өміріміз Оның қолында. Ол ғана табынуға лайық.
«Юныс» сүресінің 105-106 аяттары:
«Ал бетіңді нағыз бірыңғай Алланы бірлеу дініне бұр. Шерік қатушылардан болма!» (105) «Және де Алладан өзге саған пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Сонда егер оны істесең, онда күдіксіз сен залымдардан боларсың» (106).
Пайғамбар аяттардың жалғасында Алла оған халыққа, әсіресе мүшріктерге жария етуге бұйрық бергенді айтып: «Дінге тура және ешқандай бұрмалаушылықсыз бет бұрып, соған табанды болып қалу керек. Шерктің ақидасы мұндай емес, онда ырымшылдық пен бұрмалаушылық өте көп. Не пайдасы, не зияны жоқ табынатын нәрселер болады. Сондықтан олар табынуға лайық емес. Соған барған адам өзіне де, илаһи заңдарға да зұлымдық жасағаны.
Осы аяттардан үйренетініміз:
- Адамның таза және тікелей болмысымен үйлесімді дін қабылдауға лайық.
- Ақылдылар не пайда табу үшін немесе зиянды жою үшін жұмыс істейді. Бірақ пұттардың не пайдасы жоқ, не зиянды жоятын күші жоқ. Шерк деген ақылсыздықтың бір түрі.