Жел 29, 2016 18:55 Asia/Almaty

Нұрлы жол (324)

«Юныс» сүресінің 98 аяты:

 

Юныс (Ғ.С.)-ның ғана елінен басқа (азаптың келгенін көріп) иман келтірген әрі имандары пайда берген бір кент болмаған. Олар иман келтірген заманда, өздерінен дүние тіршілігіндегі қорлықты айықтырдық та, оларды бір мерзімге дейін пайдаландырдық (98).

 

Алдыңғы бағдарламаларымызда Алланың сүннеті адамдарға тәубе жолы мен өздерінің өткендерінен бас тартып, соның орнын ізгі іспен толтыра алуы үшін мұрсат беруі деп айттық. Бірақ Алланың мұрсаты өлім жетіп немесе илаһи азап түсіп, сол кезде иман келтіру мен тәубеге келудің пайдасы жоқ болатын уақытқа дейін ғана. Өйткені сол кезде иман келтіру мен тәубеге келу адамның өз еркімен емес орын алмайды, ол қорқыныштың нәтижесі. Алланың бұл сүннеті бір адам тұрғысында ғана емес, қауымдар мен үмбеттер тұрғысында да осындай. Қауымдардың арасында жалғыз Юнестың (ғ) қауымы ғана азаптың түсірілетіндігінің белгілерін көріп, мойынсұнғандықтан, Алла олардың мойынсұнуларын қабылдап, оларға тағы да мұрсат берді. Тарихтан белгілі болғандай, хазірет Юнестің көп жылдар бойғы насихаты мен бағдарынан кейін бар болғаны екі-ақ адам оған иман келтірген. Ол өмірінің соңында халықты тура жолға нұсқаудан үмітсіздікке бой алдырғанда адамдарды қарғап, олардың арасынан кетіп қалады. Пайғамбарлардың дұғаларының орындалатыны қалыпты жағдай болғандықтан, азап түсірілетін болды. Бірақ әлгі екі мүмін адамның бірі дана әрі хакім адам еді. Ол Юнестің қарғысын көріп, халыққа барып, оларға: «Азаптың түсірілетіндігін күтіңдер. Егер Алланың кешіріміне бөленгілерің келсе, қаладан шығып, сәбилер мен аналардың жылаған дауыстары мен күңіренген үндері қатты естілуі үшін балаларды өздеріңнен бөлек қалдырыңдар. Барлықтарың өздеріңнің өткендеріңнен баз кешіп, тәубеге келіп, Алладан кешірім сұраңдар. Бәлкім кешірім етілерсіңдер» дейді. Адамдар осылай еткенде азап түсірілмей, Юнес өзінің қауымына қайтып оралды.  Осы аяттан үйрентініміз:

  1. Бұрынғы қауымдардың арасында дер уақытында және азаптың түсірілуінен бұрын тәубеге келіп, иман келтірген жалғыз Юнестің қауымы болды.
  2. Адамдардың тағдыры олардың өздерінің қолдарында. Дұға мен жалбарыну арқылы бәленің көзін жойып, кешірімге бөленуге болады.

«Юнес» сүресінің 99 аяты:

 

(Мұхаммед Ғ.С.) егер Раббың қаласа еді, әрине жер жүзіндегілердің барлығы түгелдей иман келтірер еді. Адамдарды иман келтіруге сен зорлайсың ба? (99).

Алланың өзіне қажет еткен істерінің бірі, ол адамдарды тура жолға нұсқауы. Алайда Алла Тағала адамдардың күшпен және мәжбүрлі түрде иман келтіргендерін қаламады. Керісінше оларға қабылдау, қабылдамауға ерік берді. Бірақ адамға не нәрсеге ерік берілсе, соның салдарларымен бетпе-бет келетіндігі қалыпты жағдай.  Алла адамға тура жолды көрсеткенімен, адамдарға таңдау еркіндігін берді. Пайғамбар адамдардың иман келтіруіне табандылық танытып, адамдардың күпіршілдігіне реніш білдіріп, қапаланғанына байланысты оған: «Жұрттың барлығы күшпен иман келтіреді деп күтуге болмайды» деді.Осы аяттан үйренетініміз:

1.Таңу мен күштеу негізіндегі шынайы иманның емес, таңдау негізіндегі иманның құны бар.

2. Пайғамбар адамдарға тура жол нұсқауда жанашыр әрі қатты алаң болғаны соншама, Алла оны тыныштандырды.

«Юнес» сүресінің 100 аяты:

 

Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты ақылдарын жұмсамайтындарға береді. (100).

 

Адамдардың мәжбүрлі түрде иман келтірмейтіндіктері белгілі. Негізінде мәжбүрлі иманның құны жоқ. Бірақ иман келтірудегі көмек пен тура жолға нұсқалу да Алла тарапынан. Яғни, Ол біздің тура жолға түсуіміз үшін жетекшілік құралын әзірлейді. Сондықтан иман келтіру мен тура жолға нұсқалу біздің өзімізден екен деп ойлап, соған кеуде керіп, Аллаға міндетсінбеуіміз керек. Керісінше жетекшілік құралын әзірлеген Алла бізге міндетсуі керек. Егер біреу пайғамбарлар мен аспандық кітаптардың анық қисынын қабылдап, бірақ аспандық кітаптың аяттарын түсініп, ойлануға дайын болмаса, күпірлік пен шерктің ластығына душар болып, бақытқа жетпейді. Бірақ бұл оның қалауы Алланың қалауын жеңді деген мағынада емес. Осы аяттан үйрентініміз:

1.Илаһи мейірім мен иман келтіруге көмектесу ақылды адамды қамтиды. Өз еркімен ақылды сөзді қабылдамай, өзінің талап-тілектерінің құлына айналған адам қаһар мен ластыққа шырмалады.

 

2. Сау ақыл иманға негіз қалайды. Имансыздық ақылсыздықтың белгісі. Мүмін ақылды. Ақылды адам мүмін.