Жел 29, 2016 19:00 Asia/Almaty

Нұрлы жол (318)

«Юныс» сүресінің 62-63-64 аяттары:

 

«Біліңдер! Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды. (62) Сондай иман келтіріп, тақуа болғандар. (63) Оларға дүние тіршілігінде де ахиретте де қуаныш бар. Алланың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне ірі қол жетушілік осы (64)».

Өткен бірнеше бағдарламада мүшріктер мен имансыздардың жағдайлары сөз болды. Осы аяттар екі топты салыстыру арқылы бақыт жолының қатігездіктен ажыратылуы үшін нағыз мүміндер мен тақуалардың жағдайларына тоқталады. Жан тыныштығы мен қайғы- қасіреттен аулақ болу – Алланың өзінің достарына сыйға тартатын ең үлкен нығметі мен қазынасы. Күнә мен жамандықтың пердесін жоя алғандар пәктік пен жақсылықтың бұлағы – Аллаға жақындап, Құранның сөзімен айтқанда Алланың достарының қатарына қосылады. Мұндай адамдардың қашанда илаһи сүйіншілерді өздерінің жандары мен жүректерінен табатындықтары, ешуақытта күмән мен шәкке және әлсіздікке бой алдырмайтындығы әрі міндеттерін орындауда жаңсақтыққа бой ұрындырмайтындықтары белгілі. Исламның ардақты пайғамбары (с.ғ.с.) былай дейді: «Алланың достарының үнсіздіктері – зікір, көзқарастары – ғибрат, сөздері – хикмет, қоғамдағы қозғалыстары – берекенің мәйегі». Хазірет Әли: «Ешқашан біреуді қорламаңдар, кемсітпеңдер, өйткені Алла өзінің достарын адамдардың арасына жасырған. Бәлкім, Алланың досы сол болып, сенің оны білмеуің ғажап емес» деген екен.  Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Жүрегінде Алладан қорқу сезімі бар адам тек қана Алладан қорқады. Басқалар ол үшін қорқынышты емес. Сондықтан ешкімнен қорықпайды.

2.Иман тақуалықсыз іске жарамайды. Мүмін адам үнемі күмән мен ластықтан бойын аулақ салуы керек.

3.Бақыт пен құтылуға жеткен адамдар иман мен тақуалықтың арқасында екі дүниенің де: осы дүние мен ақыреттің де бақытына ие.

«Юныс» сүресінің 65-66 аяттары:

 

(Мұхаммед Ғ.С.) кәпірлердің сөзі сені кейітпесін. Расында, бүкіл үстемдік Аллаға тән. Ол әр нәрсені естуші, білуші. (65) Естеріңде болсын! Расында көктердегі, жердегі әркім Алланың иелігінде. Алладан өзге теңеген шеріктеріне шоқынғандар, олар ойларына ғана ілеседі. Сондай-ақ олар ойларынша ғана жорамалдайды (66).


Меккенің мүшріктері исламның пайғамбарына үйлеспейтін әрнәрсені таңатын: кейде оны ақын деп, кейде көріпкел-балгер деп, сиқыршы деп, тіпті есалаң деп атап: «Бұл сөздерді оған басқалар үйретеді» десетін-ді. Кейде, тіпті оны өздерінен еш артықшылығы жоқ адамдай көретін.

Алла Тағала осындай негізсіз сөздердің алдында пайғамбарын жұбатып: «Сен және сенің серіктеріңнің құрметті болуларың Алланың еркінде. Олар Алланың еркіне қарсы ештеңе істей алмайды. Өйткені жаратылыстың барлығы оның билігінде. Алладан басқаға жүгінетін олардың өздері де, олардың жасанды құдайлары да істі ілгерілете алмайды» дейді

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Дұшпанның бағдарламаларының бірі діни жетекшілердің тұлғаларына қастандық жасау. Алла Тағала олардың бұл істе табысқа жетпейтіндіктеріне уәде берген.

2.Алладан басқаға табынғандар, мықты қисын мен дәлелге ие екен деп ойламаңдар. Тек қана Алланың хақ екендігін біліп, сенімді болыңдар.

«Юныс» сүресінің 67 аяты:

 

«Ол сондай Алла, тыныштық тапсын деп сендер үшін түнді келтіріп, күндізді жарық қылды. Күдіксіз, осында тыңдайтын ел үшін дәлелдер бар (67)».


Алдыңғы аят Алланың жаратылыстағы абсолютті билігіне тоқталды. Осы аят Алланың хикметті даналығы туралы сөз қозғап, түн мен күннің жүйесін Алланың билігі мен құдіретінің белгілерінің бірі деп санайды. 
Құранның көптеген аяттарында түн адамның тыныштығының мәйегі деп аталған. Дененің тыныштығына ұйқы мен демалыс арқылы жетуге болатындығы белгілі. Жан тыныштығына жалбарыну мен әсіресе түн баласында   Алламен сырласу арқылы қол жеткізуге болады. Осы аяттан үйренетініміз:

1.Әлем тіршілігінің жүйесі кездейсоқ іс емес. Керісінше алдын-ала дайындалған бағдарлама мен мақсат негізінде басқарылады.

 

2.Илаһи аяттар мен діни жетекшілердің сөздерін есту адамды Алланың ғылымы мен құдіретінің және хикметінің белгілерімен таныстырады.